Баяндама: Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ШҚО, Көкпекті ауданы


ШҚО Көкпекті ауданы

«Преображенка орта мектебі» КММ


















Бірыңғай әдістемелік күн

Баяндама: Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау















Мұғалім: Серикбаева А.К.



Қаңтар, 2015 жыл


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

«Мен еш уақытта өз оқушыларыма

еш нәрсе үйретпеймін - тек қана олардың

оқуы үшін жағдай жаратамын»

Альберт Эйнштейн

«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» - деп Сократ айтқандай Егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау - басты міндеттердің бірі.

Сапалы білім - ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету -мұғалімнің басты міндеті.

Бағдарлама мазмұны нәтижеге бағытталған 7 модульді қамтиды:

• Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер. Оқушыларға білім беруде жаңа
тәсілдерді «Диалогты оқыту әдісі» және «Қалай оқу керектігін үйрету» туралы түсінік.

• Сыни тұрғыда ойлауға үйрету. Оқытуда оқушылардың және мұғалімдердің
сыни тұрғыда ойлауын дамытатын түрлі стратегиялар мен әдіс түрлерін қолданудың тиімділігі туралы айтылған;

• Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Бағалаудың түрлері туралы
теориялық білім және бағалаудың әр түрлі формалары қамтылған;

• Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды
пайдалану. Оқытуда оқушылардың сандық сауаттылықтарын арттыру, жаңа технологиялар, компьютер, интернет т. б. жұмыс жасауға баулу;

• Талантты және дарынды балаларды оқыту. Талантты және дарынды
оқушыны анықтау, оларды дамытатын тапсырмалардың т. б. қамтылуы, сабақтарда қолданылуының маңыздылығы айтылған.

• Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту. Оқу барысында сыныпта
жасы кіші оқушыны анықтап, жас ерекшелігіне байланысты тапсырмаларды беру көзделген, оқушымен жекелей жұмыс жасау.

• Оқытуды басқару және көшбасшылық. Шағын топтарда жұмыс жасату
арқылы көшбасшылықты анықтау, оқушыны көшбасшылыққа жетелеу, баланың көшбасшылығын көре білу, үлкен топтарға көшбасшылыққа ұмтылуға бағыттау және оқытуда мұғалімнің көшбасшылығы.

«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», -деп Абай атамыз айтқандай, озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне үлесін қосып келеді. Осындай қоғамдық әлеуметтік мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту процесіне әсер ететіні сөзсіз. Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі - баланың оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

«Оқытуда 7 модульді қолданудың тиімділігі» осы жоғарыда айтылған ұстанымды ұстайды. Яғни, мұндағы бала өзі ізденуші, бір- біріне үйретуші, ал мұғалім бағыт беруші, нұсқаушы. Бұл тәсілдің басқа технологиялардан ерекшелігі жеті модуль арқылы іске асады.

Әйгілі зерттеуші Л.С.Выготскийдің «Дәстүрлі оқыту- бала дамуына тек қондырғы болып, дамуға стихиялы әсер етсе, яғни, «дамудың соңында жүрсе», жаңаша оқыту- «дамытуды өзімен бірге ала жүреді» - деген болатын. Сондықтан тек дәстүрлі оқытумен шектеліп қалмай, мұғалім әрқашан ізденісте болып, өзіне және шәкірттеріне тиімді жақтарын қарастырып отыруы тиіс.

Әр мұғалім өз сабағының - көшбасшысы. Көшті қалай бастап алып жүрем десе де өз еркі. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты.

Бұл модулдің тағы бір ерекшелігі оқушыларды топтап оқытуы болып тұр. Топтап оқытудың пайдасы туралы ғалым Абу Али Хусейн ибн Абдаллах Ибн Сина (Авиценна 980-1037): «Егер бала жалғыз оқып, сыныптастары жоқ болса, бұл оқытушы мен үйренушіге ортақ қынжылыс болмақ. Сондықтан ең жақсысы - балалар оқу тәрбие үрдісінде үлгілі мінезге бір- бірінен үйренетін ұжымдық оқытуды ұйымдастыру» керек деген екен. Топқа бөліп оқытқанда оқушылардың талпынысы артады, әр оқушы өзін жеке керекті тұлға ретінде сезінеді және өз үлесін қосуға талаптанады. Бір адамның айтқанынан гөрі бірнеше адамның айтқаны есінде тез жатталады.

Білім алу кезінде бағаның орны ерекше. Бір сабақ үстінде бірнеше оқушыны бағалау мұғалім шеберлігіне байланысты. Баға алуда оқушылар алға талаптанады, ізденеді. Кейбір оқушы білім үшін емес, баға алу үшін оқиды. Сондықтан бағаны дұрыс қою және оның нақты болуын алға қою әр мұғалімнің есепке алар міндеті. Сабақ үстінде бірнеше бағалау әдістерін қолдануға болады. Суммативті баға мен формативті бағаны қою әрбір сабақтың негізгі сатысы болуы шарт. Сабақ беруде мұғалім оқушылардың жас ерекшелігін негізге алуы керек. Тапсырамаларды да меңгере алатындай, сұрақтарға дұрыс жауап іздей алатындай етіп қою керек. Сол кезде сабақ күтілген нәтижеге қол жеткізеді.

Қазіргі заман талабына сай «Қанша жақсы мұғалім болса, сонша жақсы әдіс- тәсіл бар» деп Д.Пойль айтқандай 2013- 2014 оқу жылында 7 ақпан күні оқытудың жеті модулінің әдіс- тәсілін ықпалдастыра отырып, қазақ әдебиеті пәнінен «Ғ.Мүсірепов» тақырыбында 11 «Б» орыс сыныбында аудандық семинар өткізіп, іс- тәжірибем таратылды.

Жаңашыл ұстаз ғана заман ағымына ілесе алады. «Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйласа, ұстаз шәкіртіне талап сыйлайды» деген халқымыздың қанатты сөзі ұстаз арқылы дарыған талаппен ұрпақтың алысқа ұшатынын меңзеген. Олай болса, мұғалім әрдайым бала жанының тамыршысы болып, бала жүрегінің пернелерін дәл тауып, оны ойната білуі керек.

Сондықтан «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана, шәкірт жанына нұр құя алады» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, мұғалім әрдайым ізденіс үстінде болуы маңызды. Сол кезде ғана еліміз көкке шарықтап, басқа елге елді танытады. Елді өсіретін де, елді төмен түсіретін де - білім. Сондықтан қолда бар амалдарды тиімді пайдана білу сіз бен біздің үлесімізде, құрметті әріптестер!


© 2010-2022