• Преподавателю
  • Другое
  • Бастауыш сынып оқушыларының оқу-тәрбие жүйесінде отбасы мен мектеп арасындағы қарым-қатынас

Бастауыш сынып оқушыларының оқу-тәрбие жүйесінде отбасы мен мектеп арасындағы қарым-қатынас

 «Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, ең бастысы ата- ананың балалардың алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз», - деп Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен  ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым- қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез- құлқын қалыптастыру қағидасы болып табылады. Отбасындағы тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұ...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының оқу- тәрбие жүйесінде отбасы мен мектеп арасындағы қарым-қатынас.

Мақсаты:

Әр оқушыны дамыту, оның ерекшеліктерін сақтау,отбасымен бірлесе отырып жұмыстар жүргізу, оның потенциалды қабілеттерін ашу, интеллектісінің дұрыс дамытып, жетілуіне жағдай жасау;

Отбасы мен мектеп яғни тікелей отбасы сынып жетекшімен жұмыс жүргізгендіктен алдыма мынадай міндеттерді жүктеймін.

  • Сынып ұжымын қалыптастыру және дамыту;

  • Тұлғаны дамытып, әрбір білім алушының өзін танытуы әрі қайталанбас ерекшелігін сақтай отырып, психологиялық, педагогикалық жағдай тудыру;

  • Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру;

  • Сыныптағы жүйелік жұмысты ұйымдастыру;

  • Білім алушылардың бойында адамгершілік құндылықтар мен рухани бағдарларды қалыптастыру;

  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру;

Білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау. (Слайд) 3-6

Еңбек жолымды 2005-2006 оқу жылында бастадым. Аталған мектепте 2012-2013 оқу жылынан бастап қызмет етемін. 3 А сыныбына сынып жетекші болып тағайындалдым. Сыныпта 33 оқушы болды. Оның 17- сі қыз, 16- сы ұл бала. Сыныптың тұрмыстық жағдайына тоқталатын болсам, көп балалы отбасы -1 , жартылай отбасы саны-5, аз қамтылған отбасы- 0.

Білім сапасы 3 сыныпта ---------- 4 сыныпта ----------

Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жаманды таниды дағы сондайдан білгені көп болған адам білімді болады. Абай

Оқушылар әр түрлі үйірмелермен шұғылданады. Мысалы: Дойбы- 3 бала, футбол-3 бала, күрес-4 бала. Суретші-5, бишілер-15, әншілер-3.

(Слайд 7-9)

«Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, ең бастысы ата- ананың балалардың алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз», - деп Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым- қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез- құлқын қалыптастыру қағидасы болып табылады. Отбасындағы тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана- сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу. Ата-ана мен бала арасындағы қарым- қатынастың сенімділікке, қайырымдылыққа, имандылыққа, бір-біріне сай -құрметпен қарауға негіздеу- тәрбиенің басты ұстанымы. Мектеп пен отбасындағы қарым- қатынасты ұштастыратын сынып жетекші қандай болу керек. Бірге саралап көрейік. (Слайд 10-13)

Бастауыш сынып оқушыларының оқу-тәрбие жүйесінде отбасы мен мектеп арасындағы қарым-қатынас

Бастауыш сынып оқушыларының оқу-тәрбие жүйесінде отбасы мен мектеп арасындағы қарым-қатынас


Бастауыш сынып оқушыларының оқу-тәрбие жүйесінде отбасы мен мектеп арасындағы қарым-қатынас



Бастауыш сынып оқушыларының оқу-тәрбие жүйесінде отбасы мен мектеп арасындағы қарым-қатынас

Халық даналығы «Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы - туған ұясы, өз отанының басындағы ата-ана тәрбиесі, тілі. Бала - ата-ананың игі істерін жалғастырушы, болашағы» - деп атап көрсеткен. Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметінің ерекшелігі- оның тұрақтылығында.

Осы жұмысты нығайту мақсатында ата-аналар мен жүйелі жұмыстар жүргізіледі. Атап көрсететін болсақ (Слайд 14-17)

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс формалары: Ата-аналар жиналысы,баяндамалар, сұрақ-жауап, ашық есік күндері, сауалнама, тоқсандық қорытынды жиналыстар.

Ата-анамен жұмыс түрлері:

*Сынып жетекшілермен кеңесу;

* Отбасы және мектеп;

*Отбасы тәрбиесінің теориялық негіздері;

*Мектеп ата-аналар комитеті;

* Сыныптарда ата-аналар жұмысын ұйымдастыру;

* Ата-аналарға арналған буклеттер шығару;

* Ата-аналарды мектептік іс-шараларға тарту. Білім күні, Тіл мерекесі, Наурыз мерекесі, Денсаулық мерекесі, Жаңа жыл мерекесі, Аналар мерекесі, Отбасы мерекесі.

Ең бірінші бақытым -халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ал екінші бақытым -Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Бақытым бар үшінші- Отан деген,

Кім мықты десе біреу-Отан дер ем.-деп ұрандадып, отбасында осы қасиеттерді биікке қоятын отбасы. Мұзафар Әлімбаев атамыздың «Туған жерді сүю -парыз», «Туған жерді күту -парыз» деп отбасында елін, жерін , тілін,өз елінің жаңашыр азаматы болуына көп мән беретін. .

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады»-деген екен. Жүйелі жұмыс-жақсы нәтиже берері сөзсіз ендеше мектеп пен отбасындағы қарым-қатынастың арқасында біз оқушының бойынан мынадай қасиеттерді сіңіре алатынымыз сөзсіз. Осы ықпалдастықтың нәтижесінде тұлға қалыптасады: (Слайд 18-19)

Бастауыш сынып оқушыларының оқу-тәрбие жүйесінде отбасы мен мектеп арасындағы қарым-қатынас

Ата-аналар мен мектепішілік шаралардың фото-әзірлемелері ұсынылады.

Аталған сыныптың ата-аналары мен оқушылары жауапты, белсенді. Келешекте оқушылар мектеп мәртебесін асқақтатады деген ойдамын.

(Слайд 20-33)

Отбасы- адамның өте маңызды, өте жауапты жанұясы, себебі отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. Отбасы қоғамдық құрылымның кіші тобы, алғашқы ұясы.

Н.Ә.Назарбаев

Қыранымыздың қанаты талмасын,

Анамыздың мейірімі суалмасын.

Бауырымызда баламыз аман болсын.

Келесі кездескенше күн нұрлы болсын, құрметті әріптестер!

© 2010-2022