Қаражорға биі (4-5 жас)

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ХАЛЫҚ БИІ «ҚАРА ЖОРҒА»





Қаражорға биі (4-5 жас) ХАЛЫҚ БИІ «ҚАРА ЖОРҒА»

(Музыкалық мөлшері 4\4)

Бидің негізгі қимылдары:

І. Екі аяқпен кезек - кезек алға сырғанаңқырай секіру .

ІІ. Тізені серпінді бүгіп жүгіру.Аяқ артқа қарай бүгіледі немесебүгілген тізе алға қарай жоғары көтеріледі.

ІІІ. Бір аяқпен шетке басып, екінші аяқпен оны қағыңқырап басып, бір қырымен секіріңкіреп отыруы керек («галоп» - «атшабыс» тәрізді қимыл).

ІҮ. Оң аяқпен қадам жасап, тізені бүгіңкіреп, сол аяқты ұшынан басып соның жанына қояды. Екі аяқпен кезек - кезек бастап алға жүріп не шегінуге болады. Биге жұп сандағы ұл балалар қатысады.

Бидің құрылысы:

І бөлшек

2 такт. Балалар (6- 8 бала ) бірінің артынан бірі тұрып, бөлменің сол жақ төргі бұрышына шеңбер жасай 8 рет бірінші қимылды орындап, қарқынмен жүріп отырады. Оң қол қамшы ұстағандай, жоғары көтерілген, сол қол тізгін ұстағандай аздап созылыңқы .

2 такт. Аяғын артқа қарай серпінді бүгіп, 8 қадам жүгіреді.

ІІ бөлшек

8 такт. Балалар І бөлшектің қимылдарын орындай отыра шеңбермен жүріп, соңында екіге бөлініп, бөлменің екі жағына бірінің артынан бірі екі қатарға тізіліп тұрады .

ІІІ бөлшек

2 такт. Екі қатардағы балалар қырымен «галоп» қимылымен орындап, екі жақтан аралай өтіп, орындарын ауыстырады.

2 такт. Балалар «галоп»қимылын қайта орындап, орындарын тағы ауыстырып, бастапқы орнына келеді.

ІҮ бөлшек

2 такт. Орындаушылар бөлменің ортасына қарай бұрылып,4 - қимылды төрт рет орындап, ортаға қарай жүреді. Қолдары екі жаққа жайыла иыққа дейін көтерілген, алақандары сыртқа қарап,қолдарының басын жоғарыға бағыттай ұстайды.

2 такт. Балалар оң жағымен шеңбердің сыртына қарай бұрылып, тағы да төрт рет 4 - қимылды орындай отырып, бөлменің шетіне қарай жүреді.

Ү бөлшек

2 такт. Сол жағымен шеңбердің ортасына қарай бұрылып, сағат тілінің жүрісіне қарсы бағытта шеңбер жасап, оң жағымен «галоп» қимылын рет орындайды. Шеңберді тарылтып екі жаққа , екі сапқа бөлініп кетеді. Одан әрі осы орындарынан биді қайта бастап, қайталап шығуға болады.











© 2010-2022