Қазақ тілінен: Мемлекеттік тіл тақырыбына сабақ жоспары, 6 сынып

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі 16.01.16

Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік тіл. 6 сынып

Сабақтың мақсаты: 1. Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытудағы мақсат- мемлекеттік тілде сөйлей білуге, өз ойын айта білуге үйрету.

2. Қазақ тілі туралы жұмбақ,тақпақ айту арқылы оқушының сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.

3. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекіліктері: Кеспе әріптер, жұлдызшалар.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

II Өткен тақ. бойынша түс. байқау.Тақпақты жатқа айту.

III Негізгі бөлім

Проблемалық сұрақ қою арқылы сабақтың тақырыбын ашып, сабақтың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру. Біз сабақта басым бөлігі қай тілде сөйлесеміз? Мемлекеттік тіл тағы қай жерде қолданылады? «Мемлекеттік тіл» атты сайыс сабағымызда бастаймыз.

Сайыс сабағы бес айналымнан тұрады.

Бірінші айналым: «ТАНЫСТЫРУ» Мұғалім

Әр топ өзінің мүшелерімен таныстырып ұранын айтсын. (Әр топ өзін-өзі таныстырады )

«Білімділер» тобының ұраны Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар.

«Қазақстан» тобының ұраны Қазақстан ұланымыз, алда болу ұранымыз.

Екінші айналым: «КІМ ЖЫЛДАМ?» деп аталады. Онда сұрақтар қойылады, дұрыс әрі жылдам жауап берген топқа жұлдызшалар беріледі.

Сұрақтар: 1 Қазақстан қандай мемлекет? (Тәуелсіз мемлекет)

2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін ата? ( ту, елтаңба, әнұран)

3 Қазақстан Республикасының туында қандай құс бейнеленген? ( бүркіт)

4 Биыл тәуелсіздігімізге неше жыл болады? (25жыл)

5 Буын неше түрге бөлінеді? (3) 6 Бір аптада неше күн бар? (7)

7 Қазақ тіліне тән дыбыстарды ата? (9)

8 Қыс айларын ата? (желтоқсан, қаңтар, ақпан)

9 Наурыз,сәуір, мамыр жылдың қай мезгілі? (көктем)

10 Қазақстан ұлттық тағамдарын ата ( ...................)

Үшінші айналым: «ДҰРЫС ЖАЗ» деп аталады. Онда сөздер айтылады, ал балалар дұрыс жазылуын айтады. Әрбір дұрыс жауап бір жұлдызша. (дұрыс жауап слайдпен көрсетіледі)

Сөздер: Қаламгер, мемлекеттік тіл,іс қағаздары, меңгеру, ана тілі, кәсіпкер, жұмысшы, өркениет, күнтізбе, күнделік.

Төртінші айналым: «ОЙЛАН ,ТАП» деп аталады. Қойылған сұрақтардың жауаптарын балалар әріптерді құрастыру арқылы табуы тиіс.

«Білімділер» тобына арналған сұрақтар:

1 Ақтың синонимі (қара) 2 «Ребенок» сөзінің қазақша баламасы (бала)

3 «Язык» сөзінің қазақшасы (тіл) 4 Астана, Алматы, Көкшетау..... бұлар не? (қала)

5 Мектептен қайда шығамыз? ( далаға, дала) 6 Малды қамайтын орын (қора)

7 Қазақтар дегенді басқаша қалай атайды? (алаш)

«Қазақстан» тобына арналған сұрақтар:

1 Түйенің баласы (бота) 2 Күннің түсі қандай? (сары) 3 Ресейде тұратын халық (орыс)

4 «Родина» сөзінің аудармасы (Отан) 5 Пешке не жағамыз? (отын)

6 Қазақстандағы өзеннің атауы (Ертіс) 7 До,ре,ми,фа бұлар не? (нота)

Бесінші айналым: «ТАПҚЫРЛАР»деп аталады. Топтар бір-біріне жұмбақ жасырады.

IV Қорытынды

V. Үйге тапсырма: Тілге байланысты тақпақ жаттау.

© 2010-2022