Маған ең жақын адам

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ФАНФАР


Қайырлы күн, ардақты аналар, ата-аналар, шақырылған қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Құрманғазы ауданы бойынша «Ұлттық құндылығымыздың ұйытқысы-тәрбиелі қыз» тақырыбындағы жоба негізінде өткізіліп отырған «Аналар тағылымы» бағыты бойынша «Маған ең жақын адам...» әдеби-сазды кешке қош келдіңіздер.

Мақсаты: Өскелең жас ұрпақты дүниенің жағасын ағартар аналарға деген сүйіспеншілікке, олардың қоғамдағы, үй тіршілігіндегі ролін көрсете отырып, еңбегін ардақтай білуге, ананың құдіреттілігі мен ұлылығын құрметтеуге тәрбиелеу.

Келген қонақтарға қош келдің айту үшін сөз мектеп директоры Нәйлә Кеңесқызына беріледі.

Әрбір әйел оқылмаған кітап, Әрбір қазақ әйелі- даналық мектебі. Ұлылық ұраны, сұлулық символы. Ана сұлулығы жүзіндегі мейірімнен көрінеді. Қазақ елі өмірбақи ананы сыйлап өткен. Аспанда тәңірі, жерде Ұмай ана деп табынды. Ұмай ана- қамқоршы, жарылқаушы, демеуші, жанұя отбасының пірі.

Елбасы Н.Назарбаев: «Әйел - ошақтың ұйытқысы, алтын бесіктің иесі. Ел болашағының барлығы әйел азаматтардың қолынан өтеді» дей келе, ақылымен ел билеген және айбатымен жау қашырған аналар қай кезде де қоғамның бағы мен бақыты, тірегі мен жүрегі, арманы мен жауапкершілігі бола білгенін айтады.

Ана-өмір, қолдаушысы әлемнің,

Шаңырақтың шаттығы мен шуағы .

Сейілмесін жанарынан ананың

Тіршілікке төккен нұрлы шуағы

Кезекті әнге береміз. Жұмағазиева Самалдың орындауында «Асыл ана» әнін қабыл алыңыздар.

Аналар ұрпақты ұлағаттылыққа баулып, дауға- дәру, жауға- қару, араздыққа- араша, татулыққа- тамыр, тазалыққа- нәр, пәктікке- пәрмен, дәстүрге- дәрмен, өнерге- тұлпар, көкте- сұңқар етіп тәрбиелеген.

Қоғамның даму кезеңдері әйел-аналар есімдерімен тығыз байланысты. Ел тарихында бір әлеуеттің бір отбасының ғана емес, бүкіл елдің анасына айналған ардақты аналар қаншама?

Ұлы даланың даңқын асырып, сайын сахараның салтанатына айналған сақ патшайымы Тұмар ханым ажарына ақылы сай арулар, Есенейдей ел басқарған ерлерге, ақылшы бола білген қазақ әйелінің тәжі мен шыңына айналған Ұлпандар, Дана-Абай, дара Шоқандай халқының ұлдарын тәрбиелеуде тектіліктің символына айналған зерек ойлы Зере, ұлағатты Ұлжан, ақылды Айғанымдардың, Зейнептің өнегелері бұған дәлел.

«Асыл әже» әнімен 11 сынып оқушысы Нұрлығайын Балнұрды қарсы алыңыздар.

Алтын Анам жасымнан аялаған

Мен үшін игілікті аямаған.

Сабақтан шаршап үйге келгенімде

Бал сөзі «жаным» деген сая маған

«Наз» бишілер тобының өнерін тамашалаңыздар.

З.Ахметова қазақтың келіні дәрежесіне жеткізіп, соған лайықты болуға тәрбиелеген, ең алдымен Бауыржан Момышұлындай ұлын қадірлеген қазақ халқының пейілі десе, одан кейінгісі Баукеңдей ұлы тұлғаның өнегесі деген еді. (бейнекөрініс)

Әлемнің жарығын

Сыйладың сен маған

Даламның әр гүлін

Жинадың сен маған

Тіршілкке нәр берген ана сүті қандай құдіретті.

Әлемдегі жақсылық көзі, адалдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.

Қазақ әйелі - бар мұратын отбасының игілігіне байлаған, әлемдегі ең ізгі әйел.

Қазақ әйелі - бар тілегін перзентінің жолына арнаған, әлемдегі ең мейірбан әйел. Ұлттың ұйытқысы, ұрпақтың анасы. Ендеше ана туралы жыр шумақтарына кезек береміз. Оқушылар тақпақтары.

Дүниеде әйелді құрметтеп, әйелді нұрға бөлейік .

Әйел-ана, оның алдында айбарлы арыстан Ақсақ Темір де, Темірді жеңген өлім де басын иеді.

«Өлімді жеңген ана» сахналық көрініс.

Ақсақ Темір ролін сомдаған 10-сынып оқушысы Қабдоллаұлы Әділет, ана ролінде 10-сынып оқушысы Қанатқызы Аружан, нөкерлер 10-сынып оқушылары Маратов Азамат пен Ғалымжанов Ақұлан.

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Қазірет пайғамбарға бір адам келіп:

-Мен бір зор күнә істедім. Енді мен үшін тәуба ету мүмкін бе?-деп сұрайды.

Сонда пайғамбар:

-Анаң бар ма-деп сұрайды.

-Бар -дейді әлгі адам.

Онда анаңа қызмет көрсет-деген екен Пайғамбар. Олай болса баршамыз аналарымызды құрметтеп өтейік.

Дүниенің жарық күні- анамыз,

Дана болсақ анаменен данамыз.

Тыңдаңыздар көңіл қойып, ағайын,

Анаға арнап тағы бір ән саламыз

Кеңесова Асемайдың орындауында «Ана жүрегі» әнін қабыл алыңыздар.

Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алыбы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі - алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар. Әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес.

Кешімізді қорытындылау үшін сөз аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісінің міндетін атқарушы Жамал Әдебиетқызына беріледі.

Ақсақалдар ақ батасын құптаған

Марқасқалар айтқан сөзін жұптаған

Есенейге ел билетіп Ұлпандар,

Қобыланды кеңес алған Құртқадан.

Даласы кең, осыншама салты бай,

Өле сүйген, сүйе алмаған жартылай,

Қажет жерде батыр қыздар туатын

Қайран менің, қазақ атты халқым-ай!

- деп ақын Аққұштап Бақтыгереева жырлағандай осымен «Маған ең жақын адам...» тақырыбындағы әдеби-сазды кешіміз аяқталды. Жарқын күндерде кездескенше күн жақсы болсын!


© 2010-2022