Статья на тему Жаңа форматтағы мұғалім тұлғасын дайындау

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Жаңа форматтағы мұғалім тұлғасын дайындау

Абдрахманова Рысты Теміртасовна

Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

«Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ

ДБО тренері

«Мұғалімдік мамандық-бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер-ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады».

В.А.Сухомлинский

Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, сол өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше деп білемін. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, жан дүниесі рухани байыған, еліне елеулі, халқына қалаулы бола аларлық жеке тұлға қалыптастыру болып отыр. Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру үшін олардың өзгермелі әрекеттерін айналадағы нақты, таныс объектілерді зерттеуімен байланыстырудың маңызы зор. Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту-бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады.

Бізде «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы» - деген ұғым бар. Яғни жақсы ұстаз болу үшін өз пәнін жетік біліп қана қоймай, әрбір қатынасушының педагогикалық үдерістегі орнын білуі керек. Оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыра алуға қабілетті болып, оның нәтижелерін алдын-ала болжамдап көре білуі тиіс, болуы мүмкін ауытқушылықтарды дер кезінде түзете алуы, яғни құзыретті тұлға болу керектігіне назар аударылады.
Жаңа тұрпатты мұғалім үш түрлі құзыреттілікке ие болуы тиіс: әдіснамалық, жалпымәдени, пәндік-бағыттылық. Педагогикалық қызметтің шығармашылық бағытталуы, біріншіден, мұғалімге мамандығы үшін мәні бар күшті және әлсіз жақтарын (өзін-өзі тануын, эмоционалдық қалпын, коммуникативтік және дидактикалық қабілеттерін және т.б.) бағалай алуы; екіншіден, зияткерлік мәдениетін (ойлау, ес, қабылдау, зейін), мінез-құлық, қарым-қатынас, соның ішінде педагогикалық қарым-қатынасты меңгеруі; үшіншіден, қазіргі интеграциялық үдерістер, әлемдік білім берудің даму тенденцияларын бағдарлай алу сияқты мәселелерді қарастырумен байланысты. Міне осы қасиеттердің барлығына ие болу үшін Қазақстан республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары бағдарламасының өзектілігі Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттарымен және міндеттерімен үйлестіру қажет.

Осы Бағдарлама оқытумен оқу үдрістерін жетілдіру мақсатында өз тәжірибесін жүргізу үшін қажетті білімнің болуын көздейтін, мұғалімнің кәсіби дамуына қойылатын заманауи талаптарға сәйкес келеді. Бұл тәсіл негізгі төрт қағидатқа негізделген, олардың ішінде негізгісі «Балалар қалай оқиды?» қағидаты болып табылады, ал қалған үшеуі төмендегі түсініктерді білдіреді:

• нені оқыту керек?

•оқытудың реттілігін қалай құрылымдау керек?

Бағдарламаны меңгеру мұғалімдерден оқыту саласына қатысты көптеген зерттеулермен танысып, талдау жасауды, қарастырылған зерттеулерді қажеттілігіне орай сынып сабақтарында пайдалану барысында туындаған сауалдар, қалыптасқан ой пікірлері мен тәжірибесін әріптестері және тренерлер алдында ортаға салып, кәсіби пікірталастарға қатысуын талап етеді.

Сонымен жаңа тұрпатты мұғалім дегеніміз-кәсіби білім мазмұнын үздіксіз жетілдіріп отыратын, оқу үдерісін басқару қабілеті, сондай-ақ тұлғалық және кәсіби сапасы жоғары, озық технологияларды меңгерген, оны қалауынша пайдаланатын құзыретті тұлға.

Қазіргі күнде әр ұстаз алдында үнемі ізденіс үстінде жүретін оқу үрдісінде өз ойларын толық ашық айтып жеткізетін,алған білімдерін өмірде қолдана білетін, кез-келген жағдайда пайдалана отырып,стандарттық емес жағдайларда өз бетімен шешім қабылдай алатын шығармашыл шәкірттер дайындау міндеті тұр.

Оқытудағы Кембридж бағдарламасымен білім беріп жатқан біздің мақсатымыз дәстүрлі білім беру үрдісіне жаңа бағыт өзгеріс енгізу деп ойлаймын.

Қазірде білім игеру процесінің ең басты мәселесі мен мақсаты үйренушілердің белсенді әрекеттерін ұйымдастыру болып табылады. Белсенді әрекеттер арқылы шәкірттер білімді өздігімен меңгереді, үйренеді. Негізгі қағида «не білу» емес, «не жасай білу». Басқару біліктері: ұйымдастыра отырып басқару, ынталандыру, мақсат қою, мәлімет беру, жорамалдау, болжау, іс-әрекетті ұйымдастыру, бақылау, іс-әрекет нәтижелерін түзету және қадағалау болып келеді. Оқушыға сабақ қызықты болғанда ғана ол пәнді меңгереді, оқып үйренуге талпынады.

Әр педагог жаңа кәсіби көзқарастар қалыптастыру кезеңінде мақсаттарын анықтай білуге міндетті оларға әрекеттің жаңа түрлерін меңгеру, жаңа шығармашылық ойлардың тууы, жаңалықты практикада қолдану, курсқа дейінгі білім мен жаңа білімді салыстыру, рефлексия жасай алуы.

Мектепке соңғы уақытта келген жаңашылдық бастамалар мұғалімдердің белсенді белгілі бір бөлігін өз тәжрибелерін сыни тұрғыдан қайта қарап, өзі айналысып жүрген істерінің нәтижесінің мақсатқа сай орындалуын оймен зерттей білуге, өз кәсіби өмірбаянындағы салмақты жүктерді саналылықпен алмастыра алуға ынталандырады. «Бұл әрекеттегі менің мақсатым не?» - «Не жасауым керек?» - «Қалай?»- «Бұдан не шығады?» сұрақтарын өзіне үнемі қоя және оларға дұрыс жауап бере алатын мұғалімде кәсіби шығармашылық болатындығы сөзсіз.

Психологтар мұғалімнің шығармашылығын дамытудың қысқаша формуласын «тәжірибе+сол тәжірибенің рефлексиясы=даму» түрінде ұсынады. Мұғалімнің кәсіби әрекетінің өн бойында төмендегідей жағдайда байқалатындығы айтылады: біріншіден-мұғалімнің оқушының ойын, сезімдері мен іс-қимылдарын түсіну бағытындағы әрекеттесуінде; екіншіден - оқушылардың жас ерекшеліктері, даму мүмкіндіктерін ескере отырып оқыту үрдісінің мақсаттарын анықтау мен жобалауда; үшіншіден- оның өз әрекетін, сол әрекеттің субъектісі ретінде өзін талдауда.

Заман талабының сұранысы ғылым мен техниканың қарқынды дамуы білім беру тәсілі мен сапасын арттыруды, жаңашылдықпен ілгері жүргізуді талап етеді. Ғылыми іс-әрекет ретінде білім мазмұнына оқушылардың шығармашылық танымдық әрекетін ұйымдастыру, құрылымы арқылы енеді. Іс-әрекет формалді түрде әр түрлі болады және меңгерілетін материал сипатымен, мұғалімнің жеке адамдық ерекшеліктерімен, оқушылардың дайындық деңгейімен анықталады. Оқушылардың белсенді іс-әрекетін арттырудың негізгі құралы, өздігінен жұмыс істеудің әр түрлі формалары болып табылады, соның бірі кері байланыс тәсілі әр деңгейлі тапсырмаларды талдап түсіну мұғалім мен оқушының бірігіп жұмыс жасауына әкеледі, оқыту тәсілдерін, формаларын, құралдарын таңдау құқығы болады. Өзін-өзі жетілдіру, дамыту, өзінің ойын жүзеге асыруға қол жеткізу үшін терең, берік ғылыми ізденістің іргетасы қаланады.

Өзін-өзі ұйымдастыру жүйесі ретінде, тек адамның ғана табиғи құрылымының заңдылығы берік және тұрақты. Адам өзін-өзі сезінгенде ғана қоршаған әлемді сезіну және түсіну үшін, адамзаттың жасаған көп тәсілдерімен, әдістерін қолдана алады. Адамның табиғатпен байланысының негізгі формасы және ішкі жан дүниесінің қажеттілігі болып өздігінен әрекеттенуі болып табылады. Қабылдау, есте сақтау, түсіну, пайымдай алу, елестету біздің әр уақыттағы ішкі жан дүниеміздің әрекеті арқылы жасалады, мұның бәрі зерделеу танымдық іс-әрекетті дамытуда маңызды роль атқарады. Сонда ғана мұғалімнің педагогикалық әрекетінде шығармашылыққа жол ашылады.

Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты жан-жақты, білімді етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы-оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл жағдайда мұғалімнің біліктілігі қажет. Қазіргі заман талабына сай ойшыл, ғылыми-әдістемелік біліммен терең қаруланған, педагогика мен психологияны жетік меңгерген шебер мұғалім керек.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Тұрғынбаева Б.А. Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе. Алматы, 2005ж.

2. Ғылыми-әдістемелік журнал. Методист №5, 2007ж.

3



© 2010-2022