Ерлікке тағзым (Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай)

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ерлікке тағзым

(Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай)

Cоғыс... Недеген ауыр, әрі жан түршігерлік сөз еді. Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне биыл міне, 70 жыл толды. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Қаншама балаларды жетім, қанашама аналарды жесір етті.

Жеңіс күні - бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке - бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.

Осы соғыста Сарытөбе ауылынан тылда еңбек еткен 4 ардагер бар. Сол ардагердің бірі менің әжем - Мырзаханқызы Ажар еді. Менің апам 1922 жылы 16 қараша күні қазіргі Кербұлақ ауданының Басши ауылында дүниеге келген. 4 сыныптық білімі бар. 1941 жылы 19 жасында соғыс басталып, қазіргі Көксу ауданынан комбайн жүргізудің курсын оқыған. Соғыс әжемді ерте есейтті. Жастайынан жетім қалып, сіңілісі Анарды Қарағанды қаласындағы ФЗО-ға, темір жол жасауға алып кеткен. Соғыс жылдары әжем тылда еңбек етті. Жер суғарып, комбайнмен бидай орды. Бидайды қазіргі Сарыөзек қаласына ат арбамен апарып, ұн тартқызған. Қой бағып, жалаң аяғымен су суғарған, кетпен шапқан. Бос уақыттарында шұлық тоқып, жауынгерлерге жіберіп отырған. Жеңісті жақындатуға бірден-бір үлесін тыл еңбеккерлері қосқан. Кейін Октябрь совхозында атам Байтұрбайға тұрмысқа шығып, 5 баланы өмірге алып келді. ІІ дәрежелі «Ардақты ана» күміс медальімен марапатталған. Сөйтіп жүріп комунистік партия қатарына қабылданды.

1941-1945 жылдардағы Жеңісті жақындатуға қосқан үлесі үшін бірнеше мерекелік медальдармен марапатталды. Атап айтқанда 15.04.1970 жылы «За доблестный труд. В ознаменование 100-летия со дня рождения В.И.Ленина»медальімен, 12.09.1978 жылы «Ветеран труда»медалімен, 04.05.1995 жылы «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің елу жылдығы» мерекелік медальімен, 14.09.2004 жылы «1941-1945 жж. Ұлы Отан соңғысындағы Жеңіске 60 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған. Әжем 05.03.2007 жылы 85 жасында дүниеден өтті. Мен әжемнің Ұлы Жеңісті жақындатуға қосқан өлшеусіз үлесін ешқашан ұмтпаймын.
Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі. Жеңіс күні - абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді. Сол отты жылдары соғысқа қатысқан барша Қазақстандық жауынгерлерді, тылда еңбек еткен ардагерлерімізді Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесімен шынайы жүрегіммен құттықтаймын. Сіздердің жасаған әрбір ерліктеріңіз бүгінгі біз - жастар үшін үлгі. Ешқашан соғыс болмасыншы, әрқашан бейбіт күнде әр күніміз арайлап атсыншы деген тілегіммен аяқтағым келеді.

Байтұрбай Орынбасар

«Сарытөбе орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік

мекемесінің 10-сынып оқушысы.


© 2010-2022