• Преподавателю
  • Другое
  • Ашық сабақ Өзін-өзі тану пәнімен интеграцияланған дүниетану сабағы Отбасы шағын қоғам

Ашық сабақ Өзін-өзі тану пәнімен интеграцияланған дүниетану сабағы Отбасы шағын қоғам

Раздел Другое
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ Өзін-өзі тану пәнімен интеграцияланған дүниетану сабағы Отбасы шағын қоғамАшық сабақ Өзін-өзі тану пәнімен интеграцияланған дүниетану сабағы Отбасы шағын қоғамАшық сабақ Өзін-өзі тану пәнімен интеграцияланған дүниетану сабағы Отбасы шағын қоғам«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған

дүниетану сабағының жоспары

Мектеп: «Сам мектеп-балабақша кешені» КММ Мерзімі:26.11.2015

Мұғалім:Мамбетгова Назгул Далубековна Сынып:4 Оқушы саны: 13

Тақырыбы:Отбасы шағын қоғам

Құндылық:Сүйіспеншілік Қасиеттер :Сенім, мейірімділік, адалдық,сыйластық,

бауырмалдық


Сабақтың мақсаты: - Отбасы - шағын қоғам, отбасының мүшелері, отбасының басшысы, отбасы - біздің тірегіміз, біздің шаңырақ ұғымдарын ашқызу.
- Отбасы дәстүрі, отбасындағы қарым - қатынастар туралы түсініктер бере отырып, оқушының қоғамдағы дүниетанымдық көзқарастарын ашу, зерттеу, талдау, халықтық педагогиканың отбасы тәрбиесіндегі алар орнын ашып көрсету.
- Оқушылардың өз ойын мазмұнды тілде жеткізу, олардың өзара ұжымдаса жұмыс істеу, шығармашылық ізденіске түсу біліктерін жетілдіру.
- Отбасы - шағын қоғам ұғымын аша отырып, оқушыларды отбасы мүшелерін сыйлауға, ана, әкенің алар орны ұғымдарының тәрбиелік мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

1. Отбасының шағын қоғам екенін жете түсіндіру арқылы

отбасыға деген қарым-қатынасты дамытуға, оқушылардың ой-өрісінің дамуына жағдай жасау адамгершілік тәрбие беру.

2. өзара сыйластыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Сабақ - интеграция: өзін - өзі тану, дүниетану

Ресурстар:(материалдар, көздері) Слайд, маркер, стикер, музыка, түрлі - түсті қағаздар,

Сабақтың барысы:

Сыртқы интеграция (Өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану)

Топтастыру әдісі:Оқушылар сурет таңдап үш топқа бөлінеді.

1-топ Қоғам

2-топ Отбасы

3-топ Тәрбие

Тыныштық сәті. Балалар ыңғайланып отырып көзімізді жұмайық. Мен бақытты баламын. Себебі, менің туған жерім, отаным - Кең байтақ Қазақстаным бар. Дархан жүректі халқым бар. Елімді басқарып отырған, бар қазақ баласының мақтанышы болған, үлгі етер президентіміз - Н. Ә. Назарбаев атамыз бар. Мен - бақытты баламын. Білімнің кәусар бұлағын сіңірген алтын ұям - мектебім бар. Мен осындай қоғамда туғанымды мақтан тұтамын. Мен үнемі достарыммен, ұстаздарыммен достық қарым-қатынастамын. Мен - бақытты баламын. Менің өзімнің шағын әлемім - отбасым бар. Менің аялаған анам, әлпештеген әкем бар, еркелескен бауырларым қаншама. Бұл нағыз бақыт емес пе? Көзімізді ашып бастапқы қалпымызға оралайық.

Әңгімелесу: (Сабақ түсіндіріледі сұрақ жауаптармен)

Бұл бөлімде ой түрткі жасау арқылы оқушыларға сабақтың тақырыбын ашуға көмек беретін сұрақтар қою көзделеді.( Барлық баланы қатыстыру керек.)
- Осы балаға ат қояйықшы.
- Асан неге бақытты деп ойлайсыңдар?
- Оның қандай отаны бар?
- Қазақ халқы қандай халық?
- Өзіне Кімді үлгі етеді?
- Неліктен мектеп оның мақтанышы?
- Ол кімдермен достық қарым - қатынаста?
- Оны кім аялады?
- Оны кім әлпештеді?
- Ол бауырларымен қандай қатынаста, қалай өсті?
- Осы әңгімеде не туралы сөз болды?
- Сонымен қоғам деген не? (Бізді қоршаған орта. Ол Отан, Ол Халық, Ол Президент, Ол мектеп, Ол ұстаз, Ол достары, Ол Отбасы, жанұя, Ол ата - ана, бауыларың, туыстарың)
- Қоғамның несі болады? (Белгілі аймағы - Кең байтақ Қазақстан жері, басышысы - президенті, қоғам мүшесі - халық, )
- Сонымен әр қоғамның аймағы басшысы, мүшесі болады, олар өзара қарым - қатынаста болады.)
- Отбасы қандай қоғам екен? (Шағын қоғам)
- Оның басшысы кімдер? (ата - ана)
- Оның мүшелері кімдер екен? (Әке, ана, ата, әже, аға - іні, әпке - қарындас)
- Ендеше бүгінгі сабақ қалай аталады деп ойлайсыңдар?
- Қоғам.
- Қандай қоғам туралы болмақ?
- Отбасы - шағын қоғам?

Сергіту сәті

- Қазақ халқы жас сәбиді аялап, әлпештеген, әрбір ана өз баласына арнап бесік жырын жырлаған екен. Ал енді балалар, бізде бесік жырын айтып біраз сергіп алайық.
Ә) Сергіту сәті. Бөпешім.
Әлди, әлди бөпешім
Әлпештейін көкешім.
Тербетейін жата ғой
Тәтті ұйқыға бата ғой.

Аңыз «Ақылды»

Ақылды үнемі әкесінен нені болса, соны сұрайтын. Әкесі де оған «Нені болса, соны сұрайтының не?» деместен, оның сұрағандарына өте ыждағатпен жауап беретін. Бірде ол әкесінен:

- Әке, неге осы ат жүргенде алдыңғы аяқтары басқан ісінен артқы аяқтары басқан ізі асып түседі? - деп сұрады. Әкесі:

- Балам, ол солай. Алдыңғы аяқтары басқан ізден артқы аяқтары басқан ізі озып түсіп отыратын қасиет тек жүйрік, бәйге аттарында ғана болады. Оны сен аңғарған екенсің, демек сенен де бір ақылды адам шығар, Әлхамдулилләһ! Инша Аллаһ!? Ол тағы бұрын шыққан құлақтан кейін шыққан мүйіз озатынының да белгісі,- деді. Ақылды:

- Бұрын шыққан құлақтан, кейін шыққан мүйіз оза ма? Неге? - деп сұрады әкесінен. Әкесі:

- Иә, балам! Мәселен, құлақ туа бітті бар болады. Ал, мүйіз болса, бұзау алғаш туғанда болмайды. Кейін, үлкейе келе, біртіндеп өсе-келе құлақтан да озып, ұзарып кетеді. Өзің қарашы, ана ала тайыншаның туғанда қашан мүйізі бар еді? Жоқ болатын. Ал, құлағы ше? Құлағы бар болатын. Кейін, бірер айдан кейін мүйіз шыға бастады. Енді міне, бір жылға таяп еді, мүйізі өсіп, құлағымен бірдей болды. Құдай қаласа, келер жылы мүйізі құлағынан әлдеқайда ұзын болып озады. Сен ақылдысың. Демек, Ақбақайдың артқы аяғы алдыңғы аяғынан озып түскеніндей, ала тайыншаның туғанда жоқ мүйізінің, туғанда бар құлағынан асқанындай сен де үлкейгенде қатарыңнан озасың, балам. Олай етпесең сенің менен туған ұрпақ болғаның қане? Ұрпақ заманынан озбаса оның ұрпақ болмағаны да. Мен сеніңмененозғаныңдықалаймын,- деді әкесі.

Ескерту







Ішкі нтеграция (жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына интеграциялау)

Дәйексөз

Шаңырақ сәні - сыйластық

Шығармашылықіс-әрекет,топтық жұмыс.

Мен және қоғам. Топқабөлініпотырады. Топтыңжетекшісіболады.
1 - абзацтыоқыту:
- Күбірлеп оқу.
- Дауыстапоқу.

Адамның суретін салу, адамды қоршаған ортаны жазғызу. Әр топ өзінің жауабын жазады.
Мысалы: Қоғам деген не?
- Отан - туыстарың
Адамды қоршаған орта
- отбасың - Ұстазың
- мектеп достарың
№2 Жеке жұмыс. Әр оқушы бағаланады.
Отбасы қоғамының құрамы: Сурет конкурсы.
1. Отбасының тұрағы ---------
2. Отбасы басшысы ------------
3. Отбасы мүшелері ------------
4. Менің алар орным -------------
- әр оқушы өз суретін түсіндіріп өтеді.

Топпен ән айту

Атамекен

Үй тапсырмасы

Әркім өз отбасының қорын жазып келеді. Менің отбасым суретсалу.

Сабақтың қорытынды сәті: Оқушылар бір бірін бағалайды.

«Өте жақсы»

«Жақсы»

«Қанағаттанарлық»


Мұғалім: Мамбетова Назгүл Далубековна

Директор: Агысбаева Жания



© 2010-2022