Тәрбие сағаты Мақал-сөздің мәйегі

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Шығарма « Мақал - сөздің мәйегі»

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларды берілген тақырыптар бойынша алған білімдерін тиянақтау, пысықтау, кеңейту, тереңдету, білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау,тыңдау, жазу, әңгімелесу қабілеттерінің жылдамдығын, білім қабылдау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өзін-өзі ұстауға, білімін көрсету білуге, адамгершілікке, ұйымшылдыққа, ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суреттер слайдтар

Сабақтың пәнаралық байланысы: орыс тілі, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Мақсат қою кезеңі.

1. Шығарма жазуға дайындық

2. Мақал-мәтелдер туралы жиналған материалдармен жұмыс

3. Бекіту.

4. Шығарма жазу

5. Үйге тапсыма беру.

IІ. Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген мақал-мәтелдердің мазмұнын ашу.

ІІІ. Жаңа тақырыпқа көшу

Тындалым, оқылым:

Мақал-мәтелдер бір ғасырдың ,ғана жемісі емес.Мақал-мәтел-халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан,өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шешетін асыл мұра,ақылына ақыл қосатын,жарқын болашағына дұрыс бағыт сілтейтін,өмірді танытатын қамқоршы.Онда халықтың өмір сүру барысындағы барлық тәжірибенің өнегелі өсиеттері айтылған,халық даналығы сақталған.
Қазақтың мақал-мәтелдері -көркем әдебиетте сөздің әрін келтіретін,айтайын деген ойдың мағынасын толықтыратын ,сонымен қатар ұтымды да ықшам қолданатын әдемі форма.Өйткені бұл-мол тәжірибенің ұзақ уақыт әбден сұрыпталған,екшелген,сыннан өткен асыл түйіні.
Адамның мінезіндегі жат қасиеттер де мақал-мәтелдерде жеркенішті түрде берілген.Халық даналығына баулуда мақалдар мен мәтелдердің тәрбиелік мәні бөлек.
Мақал мен мәтелдердің мағынасы терең,сөзіықшам да көркем,еске сақтауға икемді де жеңіл болғандықтан және бала тәрбиелеу ісінде ерекше рөл атқаратындықтан балалар әдебиетінен үлкен орын алады.Сонымен қатар балаларға арналған мақалдар мен мәтелдердің ерекшеліктері оның құрылысы мен жасалу жолынан емес ,мазмұны мен мағынасы тәрбие жұмыстарына ,оқу-ағарту істеріне байланысты болуынан көрінеді.Мақалдар мен мәтелдер балаларға терең ой салумен

қатар ,оларды көркем және обырызды сөйлеуге жаттықтырады,сөз байлығын,сөздік қорын байыта түседі.
Қай халықтың болса да ауыз әдебиетінде мақал мен мәтел көлемі шағын,мазмұны бай,тілі көркем жанырға жатады.Мақал-мәтелдер өзін жасаушы халықпен бірге жасайды,біреулері ескіріп қолданудан шығып,екіншілері жасарып,жаңадан туындап жатады.
Халық шығармасының басқа түрлері секілді мақал мен мәтелдердіде әуел баста жеке адамдар шығарады ,оны біреуден біреу естіп,жаттап айта жүреді,өңдейді,өзгертеді,сөйтіп олар бірте-бірте жалпы халықтық мұраға айналады.Демек,мақал-мәтелді белгілі бір халықтың өмірде көрген -білгенін жасаған қорытындысы,ақыл-ой түйіні деуге болады.
Мақал мен мәтел халықтың өзі жасап алған заңы,өмірде болатын әр түрлі жағдайларды ұғындыратын,түсіндіретін оқу құралы іспетті.Мақал-мәтелде ,көбінесе,ортақ ой,жалпы ереже,анықталған қағидалар айтылады,формасы жағынан тілге жеңіл,құлаққа жағымды дыбысқа,ырғақ-ұйқасқа құрылады,көбінше көркем тілмен-өлеңмен жасалады.

ІҮ. Бекіту.

Жоспары:
1.Кіріспе.Мақал-мәтелдердің мәні
2.Негізгі бөлім.

3.Қорытынды

Ү. «Мақал - сөздің мәйегі» тақырыбына шығарма жазу.

ҮІ. Үй тапсырмасы. Шығарманы аяқтап келу


© 2010-2022