Статья ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗ БЕТІМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУІНДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ

Раздел Другое
Класс 12 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗ БЕТІМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУІНДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ

Жас жеткіншектерге бүгінгі күн талабына сай білім мен тәрбие беру ісі педагог мамандарға үлкен жүк артады. Білім беру жүйесінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер оқыту үрдісін озық технологиялармен қамтып жетілдіруді талап етеді. Жаңа технологияны жетік меңгеру сонымен қатар мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын көптеген педагогикалық технология қолданып жүргені мәлім.

«Ойын арқылы оқыту» технологиясына тоқтасақ, оның негізгі мақсаты дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендіру. Ойындық іс әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап талғамдарына сүйенеді.

Қазіргі заман талабына сай жаңа технологияларды пайдалану оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастыруда тигізер пайдасы зор. Оқушылардың өзіндік жұмысы- мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушылардың оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау, әр түрлі танымдық тапсырмаларды орындау талап етіледі. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінінен бақылауды үйренеді, оларда тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады. Дидактикалық мақсатына қарай өз бетінше жұмыстарды жаңа материалдарды оқып үйренуге дайындық, жаңа материалды оқып үйрену, бекіту, қайталап пысықтау және бақылау деп бөлуге болады.

Колледжде оқытуды ұйымдастыратын бірден-бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа - сол сабақты өткізудің әр түрлі әдіс тәсілдері. Мысалы, сабақ ойын түрінде ұйымдастырылса оқушылардың есінде тез қалады, және де студенттер қызығып орындайды. «Сиқырын тап» информатика пәніне арналған ойын сабағының мазмұны, берілген ұяшықтардың мәнін тауып бір-бірімен байланыстыру. Осы ұяшық бойынша берілген тапсырмаларды орындап, оларға кері тапсырмаларды студенттер өздері құрап және жауабын табуы қажет.Оқушылардың өз бетінше білім алуы олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне әкеледі.


© 2010-2022