Түлкі мен қоян ертегісі

Ұйымдастырылған технологиялық картасы Білім беру саласы: Қатынас. Денсаулық.                                                                  Бөлімі:Тіл  дамыту.                                                                                                  Тақырыбы: Түлкі мен қоян ертегісі                                                                   Мақсаты ертегінің мазмұның айтуға, дыбыстық талдау жасауға үйрету; ауызекі сөйлеулерін дамыту; сұраққа жауап беру қабылеттерін дамыту; балала... Іс  әрекет кезені        Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Мотивациялық қозғаушылық                   -Сәлеметсіңдер ме балалар! - Балалар бүгінгі күнді жақсы көніл  күймен қарсы алайық, бүгінгі күн барлығымыз үшін сәтті болсын! Күннің көзі ашылсын Көкке шуақ шашылсын Құтты қонақ келіпті Төрімізге еніпті                                                  Ал қанекей бәріміз                                           Сәлем дейік үлкенге                       Сәлеметсіздер ме апайлар                                      -Жарайсындар балалар !  Ал енді барлығымыз орынымызға жайғасайық. Балалар, мен с... Қуанышты көнілмен щенбер бойында қимыл-козғалыстармен жасайды                     -Күз мезгілі-                                             -Үш ай    -Қыркүйек,қазан   қараша. Балалар күз туралы тақпақтар айтады   Балалардың жауабы -Мақта қыз бен мысық, шалқан,үш аю,бауырсақ, айна, әтеш пен тоты ертегілері.   -Түлкі                            -Қоян Ұйымдастырушы - лық-ізденістік Балалар енді барлық назарларынды маған аударындар .                                     -Ненің суретін көріп тұрсындар?  Дұрыс түлкі және қоянның.                                  - Бір сөзбен бұл жануарларды қалай атауға болады? Маған осы жануарларды кім сипаттап бере алады?                                                                    -Дұрыс айтасындар түлкі айлакер аң ал қоян қорқақ аң. -«Айлакер» сөзінің мағынасын қалай түсінесіндер?   - Қазір осы қоян мен түлкі туралы орыс халқының «...    Сұрақтарға жауап береді   -Жабайы жануарлар орман жануарлары  деп атауға болады Түлкі мен қоянды сипаттап береді.                 Балалар ертегіні ынта қойып тыңдайды.                                   -Иә ұнады -Түлкі қасқыр қоян туралы -Құйрығы кішкентай болыпты -Қасқырдан қашып жүреді екен. -Қасқыр түлкінің ізіне түсіп ініне кіріпті. Іннің екінші тесігінен шығып кетіпті. -Ағаш түбінде отырған қоянды көреді.  Мені жіберші, мен саған құйрығымды сыйлайын депті.                               ... Рефлексия лық-түзетушілік   Балалар,біз бүгін қандай ертегімен таңыстық?                                                Қандай сөзге дыбыстық талдау жасадық?  Қоян мен түлкі ертегісімен. -Түлкі сөзіне.  Күтілетін нәтиже: Орындайды: Сөзді буынға бөлуге, қандай дыбыстан басталып тұрғаның, буынды жалғастырып сөз құрауға, сұрақтарға жауап беріп, ертегі мазмұның айтуға. Түсінеді: Ертегі мазмұның.   Қолданады:  Үзік сызықтарды қоса білу дағдыларын.
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас. Денсаулық. Бөлімі:Тіл дамыту. Тақырыбы: Түлкі мен қоян ертегісі Мақсаты ертегінің мазмұның айтуға, дыбыстық талдау жасауға үйрету; ауызекі сөйлеулерін дамыту; сұраққа жауап беру қабылеттерін дамыту; балаларды батырлыққа, өжеттілікке тәрбиелеу. Қолданылатын көрнекі құралдар: үлестірмелі қима құралдары, түрлі түсті қарындаш, жануарлар суреті. Сөздік жұмыс: айлакер Билингвальды компонент: түлкі-лиса қоян -заяц қасқыр-волк

Іс әрекет кезені

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық



-Сәлеметсіңдер ме балалар!

- Балалар бүгінгі күнді жақсы көніл күймен қарсы алайық, бүгінгі күн барлығымыз үшін сәтті болсын!

Күннің көзі ашылсын

Көкке шуақ шашылсын

Құтты қонақ келіпті

Төрімізге еніпті Ал қанекей бәріміз Сәлем дейік үлкенге Сәлеметсіздер ме апайлар

-Жарайсындар балалар ! Ал енді барлығымыз орынымызға жайғасайық. Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын,шешуін табуға тырысып көріндер.

Жиып теріп болатын

Қамба астыққа толатын

Қызыл қырман ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсын?»

-Күз мезгілінде неше ай бар екен, балалар?

-Кәні кім атап береді, қандай айлар екен?

-Балалар, күз мезгіліне байланысты кім тақпақтар біледі?

Балалар, сендер ертегіні ұнатасыңдар ма? -Қандай ертегілер білесіңдер?

Жарайсындар, балалар сендер көптеген ертегілер біледі екенсіндер. Ал енді мен сендерге жұмбақ жасырайын, мұқият тыңдап шешуін табуға тырысындар.

1.Өзі айлакер, өзі бір қу Жүрген жері айқай да шу.

2.Көзі тостақ өзі қорқақ

Қуанышты көнілмен щенбер бойында қимыл-козғалыстармен жасайды

-Күз мезгілі- -Үш ай


-Қыркүйек,қазан қараша.

Балалар күз туралы тақпақтар айтады

Балалардың жауабы

-Мақта қыз бен мысық, шалқан,үш аю,бауырсақ, айна, әтеш пен тоты ертегілері.

-Түлкі

-Қоян

Ұйымдастырушы - лық-ізденістік

Балалар енді барлық назарларынды маған аударындар . -Ненің суретін көріп тұрсындар? Дұрыс түлкі және қоянның. - Бір сөзбен бұл жануарларды қалай атауға болады?

Маған осы жануарларды кім сипаттап бере алады? -Дұрыс айтасындар түлкі айлакер аң ал қоян қорқақ аң.

-«Айлакер» сөзінің мағынасын қалай түсінесіндер?

- Қазір осы қоян мен түлкі туралы орыс халқының «Түлкі мен қоян» ертегісімен танысамыз.

Ерте, ерте, ертеде түлкінің құйрығы жоқ еді. Қасқырмен тату тұрмаған соң үнемі қашып жүреді екен. Жүрген ізің жасыра алмай қиналыпты. Сол үшін қасқыр түлкінің артынан еріп, аңдып жүріп оның ініне түсіпті. Түлкі болса інінің екінші тесігінен шығып кетіпті Шығып кетпесе қасқыр түлкіні жеп қояр еді. Сөйтіп түлкі орманда қайғырып келе жатса ағаш түбінде отырған қоянды көреді. Ол кезде қояндардың құйрығы ұзын, жүгірулеріне кедергі келтіреді екен. Содан түлкі жүгіріп барып қоянды ұстап алыпты. Қоян корыққанынан түлкішек мені жібере салшы мен саған құйрығымды сыйлайын депті. Міне содан бері түлкінің құйрығы ұзын әдемі де, ал ал қоянның құйрығы қысқа екен. - Ертегі сендерге ұнады ма? - Ертегіде нелер туралы айтылған? -Ертеде түлкінің құйрығы қандай болған екен?

-Түлкі қасқырмен тату тұрмаған соң не істеген? - Бір күні не болыпты?

- Түлкі қалай құтылып кетіпті?

- Әлден соң ағаш арасына кірген түлкі нені көреді? - Сол жерде қоян өзін ұстап алған түлкіге не депті? -Иә, балалар содан бері түлкінің құйрығы ұзын болып қалыпты.

Балалардан ертегі мазмұның сұрайды

Билингвальды компонент: түлкі-лиса, қоян заяц, қасқыр волк,

Сергіту сәті: Дүйсенбіде доп ойнадық аулада, Сейсенбіде серуен құрдық далада. Сәрсенбіде сурет салдық сәндетіп, Бейсенбіде би биледік әндетіп. Жұма күні жидек тердік қыратта, Сенбі күні кино көрдік клубта. Жексенбіде үйде болып дем алдық, осылайша өте шықты бір апта.

-Енді ертегідегі «Түлкі» сөзі неше буыннан тұрады екен ? «Түлкі»сөзіне дыбыстық талдау жасайық.

-Дауысты дыбыстарды қандай түспен белгілейміз? -Ал дауыссыз дыбыстарды ше?

« Түлкі сөзі» қандай дыбыстан басталып тұр? -Дауысты ма әлде дауыссыз ба?

«Буынды жалғастыр» дидактикалық ойыны: түл-..., қо-..., кө-...,қас-..., жол-..., арыс-..., Ал енді келесі тапсырма алдарындағы қағаздағы үзік сызықтарды қосып қандай аң бейнеленгенің тауып алындар.

Сұрақтарға жауап береді

-Жабайы жануарлар орман жануарлары деп атауға болады

Түлкі мен қоянды сипаттап береді.



Балалар ертегіні ынта қойып тыңдайды.





-Иә ұнады

-Түлкі қасқыр қоян туралы

-Құйрығы кішкентай болыпты

-Қасқырдан қашып жүреді екен.

-Қасқыр түлкінің ізіне түсіп ініне кіріпті.

Іннің екінші тесігінен шығып кетіпті.

-Ағаш түбінде отырған қоянды көреді.

Мені жіберші, мен саған құйрығымды сыйлайын депті.

Балалар жаңа сөздерді қайталайды.

Өлең мазмұнына сәйкес қимыл қозғалыстар жасайды.

Түлкі сөзі екі буыннан тұрады. (Қол шапалақтап бөледі) -Дауысты дыбысты қызыл түспен белгілейміз.

-Дауыссыз дыбысты көк түспен белгілейміз.

Балалардың жауабы

Түлкі, қоян, көжек, жолбарыс, арыстан.

Балалар тапсырманы орындайды.

Рефлексия лық-түзетушілік

Балалар,біз бүгін қандай ертегімен таңыстық? Қандай сөзге дыбыстық талдау жасадық?

Қоян мен түлкі ертегісімен.

-Түлкі сөзіне.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: Сөзді буынға бөлуге, қандай дыбыстан басталып тұрғаның, буынды жалғастырып сөз құрауға, сұрақтарға жауап беріп, ертегі мазмұның айтуға.

Түсінеді: Ертегі мазмұның.

Қолданады: Үзік сызықтарды қоса білу дағдыларын.



© 2010-2022