Отбасы мен балабақша арасындағы байланыс

Өмірде әртүрлі маман даярлайтын оқу орындары болады: біреу дәрігер даярлауда, ал біреу құрылысшы енді бірі техника маманын тәрбиелеп жатыр. Сол сияқты, әйел-ана - ұлы мектеп. Себебі, ол өмірге ең қажетті маман - Адам тәрбиелеп шығарады. Сондықтан бала тәрбиесінде ананың алатын орны ерекше.Отбасы – қоғамның алғашқы ұясы, бала сол ұяда дүниеге келеді. Бұл бала үшін алғашқы өмір мектебі. Ата – ана баланың бірінші ұстазы және тәрбиешісі. Жаңа  туған  нәрестеге отбасының ықпалы,  күші орасан зор. Ата...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Отбасы мен балабақша арасындағы байланыс


Акедилова Маржан Куанышқызы

Қарағанды қаласы


Өмірде әртүрлі маман даярлайтын оқу орындары болады: біреу дәрігер даярлауда, ал біреу құрылысшы енді бірі техника маманын тәрбиелеп жатыр. Сол сияқты, әйел-ана - ұлы мектеп. Себебі, ол өмірге ең қажетті маман - Адам тәрбиелеп шығарады. Сондықтан бала тәрбиесінде ананың алатын орны ерекше. Отбасы - қоғамның алғашқы ұясы, бала сол ұяда дүниеге келеді. Бұл бала үшін алғашқы өмір мектебі. Ата - ана баланың бірінші ұстазы және тәрбиешісі. Жаңа туған нәрестеге отбасының ықпалы, күші орасан зор. Ата - ананың балаға әсері, олардың перзентіне деген қалтқысыз сүйіспеншілігі, талапкершілікпен ұштасқан қамқорлығы болып табылады. Осы сүйіспеншілік пен қамқорлық арқасында бала ата - анасына мейілінше бауыр басуымен, сүйіспеншілік сезімімен, олардың артықшылығы мен беделін мойындаумен, барлық нәрседе солардан үлгі - өнеге алуға, солар сияқты болуға ұмтылумен жауап қайырады. Отбасының әсері баланың тәрбиелік ықпалға көнгіштігіне, оның еліктегіштігіне байланысты. Өз балаңның тәрбиесін жеке өз ісің, қоғам алдындағы азаматтық борышыңды орындау деп қарау керек. Балаларын тәрбиелей отырып ата - аналар болашақ азаматтарды, келешек әкелер мен аналарды қалыптастырады, бұл істің табысты болуына тек өздері ғана емес, барлық қоғам жауапты. Ата - аналар тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін, оларды жүзеге асырудың жолдары мен амалдарын айқын түсінгенде жанұядағы бала тәрбиесі ойдағыдай болуы мүмкін. Бұл жанұя мен балабақшадағы тәрбиелік ықпалдың бірлігін орнату үшін де қажет. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін оны жақсы білу, жақсы түсіну керек. Ал бұл үшін педагогикалық білім қажет. Бұл ата - аналардың баланың мінез - құлқын дұрыс талдап, оны тәрбиелеудің дұрыс жолдарын таңдап алуына көмектеседі. Ата - ананың бала алдында беделі болуға тиіс, мұнсыз бала тәрбиелеу мүмкін емес. Ата - ана беделінің негізі ата - ананың азаматтық келбеті, олардың өмірі, жұмысы, мінез - құлқы өз жанұясы үшін қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуі болып табылады. Еңбек пен қоғамдық қызметті, жанұядағы міндеттерін ойдағыдай ұштастыратын, өз балаларының өміріне ден қойып, көңіл бөліп отыратын, олардың өмірі мен дамуына барынша басшылық жасап отыратын ата - аналар ең көбірек беделге ие болады. Мұның анаға да, әкеге де бірдей қатысы бар. [1. 45 бет] Бестен жеті жасқа дейінгі ойын баласының уайым - қайғысыз, балалық шақ балдәуренінде есі кіріп, мінез - құлқы қалыптасады. Сөз астарын түсініп, өз сөзіне өзі баға бере бастайды. Дүниеден еліктейтін адам іздейді. «Мектепке дейінгі балалар тәрбиесі» тұжырымдамасында көрсетілген, «тәрбиенің мақсаты - дені сау, ұлттық сана - сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, парасатты, ар - ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да жақсы қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» болып табылады. Мұны жүзеге асыру, ең алдымен, тәрбиешілерге байланысты. Сондықтан тәрбиешілер балаларға ерекше көңіл бөлген жөн. Қазіргі қоғамға лайықты, жан -жақты, жетілген азамат тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабы болып отыр, оған бүкіл қоғам мүшелері жауапты.[2.21 бет] Бала тәрбиелі, жақсы азамат болып қалыптасуы үшін қолайлы психологиялық жағдай қажет. Ата - аналардың жанұядағы келіспеушілігі, баланың толық емес жанұяда тәрбиеленуі, ата - аналардың ішімдікке салынуы, ұрпақ тәрбиесіндегі көзқарастарының әр - түрлі болуы бала бойында теріс мінез - құлықтың қалыптасуына әсерін тигізеді. Кезінде бала тәрбиесіне көңіл бөлмей кейін қателіктерін кеш түсініп опық жейді. Ата - аналарының ой - өрісінің саяз болуы, баланы қыспақта ұстауы да бала психологиясына зиянын тигізеді. «Білімнің негізі балабақшада қаланады. Балаларды Отанды сүюге, адалдыққа, адами тазалыққа, ізгілікке, имандылықпен инабаттылыққа, салт - дәстүрді құрметтеуге үйретіп баулу әрбір тәрбиешінің абыройлы парызы. Ол үшін тәрбиеші қазіргі заманға лайық өзінің білім беру ісінде рухани, этномәдени дәстүрлерді сақтап, дамыта отырып, шығармашылық ізеніспен жұмыс істеп, өмірге еніп жатқан жаңа технология мен техниканы меңгерген, білігі мен білімі жоғары ұлағатты тұлға болуы керек. .[3.9 бет]

Дәл осы кезеңде қанша балабақша болса да ата - аналармен бірлескен жұмыссыз нәтежиеге қол жеткізе алу қиын болар еді. Сондықтан ондай біржақтылықты болдырмау тек тәрбиешілерден ғана емес, балабақша әкімшілігінен де жүйелі жұмысты қажет етеді.

Ата - ана әртүрлі, олардың балабақшаға көзқарасы да сан алуан, сондықтан бұл педагогикалық - психологиялық мәселені тек тәрбиешінің мойынына іле салу дұрыс емес. Қандай балабақша болсын әлеуметтік институт ретінде бұл «отбасы -бала-балабақша» үшбұрышын шешуге ынталы. Баланың балабақшадағы сәтсіздіктері, ұжыммен араласуының қиынға соғуы, балабақшаға барғысы келмеуі өте жиі кездеседі. Ол ата - аналардың қателіктерінің, жанұядағы қарым - қатынастардың нәтежиесі. Білім сапасының жақсы болуы ең алдымен іскер басшы мен білікті тәрбиешілердің бірлескен жұмысының нәтижиесі. Қазіргі заман талабына сай тәрбиеші өз жұмысын жаңаша ұйымдастырып, түрлендіруге ұмтылады. Тәрбиешінің көп ізденіс біліктілігі баланың іс-әрекетке деген қызығушылығын арттырып, олардың өз бетінше білім алуына қажеттілігін тудырады. Егер қазіргі заманның тәрбиешісі осы айтылғандарға сай болса, болашақ ұрпақ та сапалы білім алады және баланың нағыз адам болуына, бойындағы ерлік, елдік патриоттық сияқты жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпал етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. «Отбасы және балабақша журналы» №1 2010ж.

  2. «Отбасы және балабақша журналы» №5 2009ж.

  3. «Отбасы және балабақша журналы» №1 2009ж.






© 2010-2022