Тақырыбы: «Жайлауға саяхат»

Елекбаева Салтанат Базаровна Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек селосындағы «Шұғыла» балабақшасының педагог-психологы Білім беру саласы: «Қатынас», «Әлеуметтік орта». Оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен танысу, тіл дамыту, серуен.Тақырыбы: « Жайлауға саяхат».Мақсаты: Балаларға жайлау туралы түсінік беру, әңгімелесу арқылы тілін, көркемдік талғамын арттыру, балаларды үй жануарларымен таныстыру, оларды ажырата білуге үйрете отырып, олардың пайдасы туралы түсінік беру. Көрнекілігі: Киіз үй кере...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Елекбаева Салтанат Базаровна

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы,

Сенек селосындағы

«Шұғыла» балабақшасының педагог-психологы

Білім беру саласы: «Қатынас», «Әлеуметтік орта».

Оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен танысу, тіл дамыту, серуен.

Тақырыбы: « Жайлауға саяхат».

Мақсаты: Балаларға жайлау туралы түсінік беру, әңгімелесу арқылы тілін, көркемдік талғамын арттыру, балаларды үй жануарларымен таныстыру, оларды ажырата білуге үйрете отырып, олардың пайдасы туралы түсінік беру.
Көрнекілігі: Киіз үй керегесі, жайлаудағы үй жануарларының үлгісі, ат- арба, көпір, үй жануарларынан алынған өнімдер.
Сабақ барысы: Шаттық шеңбері:
Арайлап бүгін таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз
Жадырайды даламыз.
Қайырлы таң қонақтар!

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілі.
-Бүгін ауа райы қандай керемет. Сендердің де көңіл- күйлерің көтеріңкі ғой, солай ма балалар? Олай болса сендерді ата мен әженің ауылына жайлауға саяхатқа апарайын, қонаққа барамыз ба балалар?
-Иә.
Ол үшін мына ат- арбаға мінеміз. Балалар, бұл ат- арбаны бұрынғы заманда техника жоқ кезде, яғни машина болмаған кезде біздің ата- бабаларымыз көлік ретінде пайдаланған. Яғни атқа, түйеге арба, шана жегетін болған. Олай болса арбаға отырып, жайлауға барайық.
«Қошақаным» әнін айтамыз.
Балалар, біз енді осы жерден тоқтап, әрі қарай жаяу жүріп барайық. Ол үшін алдымыздағы кедергіден тепе- теңдікті сақтап, көпірден өтуіміз керек.
-Балалар, қандай тамаша! Таза ауа, жайлауға да келдік.

Ата мен әже қарсы алады. Балалар амандасады.
Ата, әже мен балаларды саяхатқа алып келдім, жайлаумен, төрт түлік малмен таныстырмақ едім.
-Балалар, қандай үй жануарларын білесіңдер? Қане, атап жіберейікші.
-Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі.
-Балалар, қалай ойлайсыңдар, неліктен оларды үй жануарлары деп атаймыз?
-Олар адамдардың жанында өмір сүреді, өйткені адамдар оларды күтіп- баптап, жем-шөптерін дайындап береді. Олар адамға пайдалы.
Төрт түлікпен таныстырып өтемін. Әже қосымша одан алынатын өнімдерді көрсетіп, таныстырып өтеді.
-Мынау- түйе. Ол төрт түліктің төресі.Шұбаты-сусын, жүні-киім болады. Ол шөлге төзімді.
-Мынау- жылқы. Ол сезімтал, талғампаз. Сүті-қымыз, оның емдік қасиеті мол. Жүнінен арқан есеміз.
-Мынау- сиыр. Ол да ірі қараға жатады. Сиырдың еті, сүті пайдалы.
-Мынау- қой. Ол ұсақ малға жатады. Оның жүнінен киіз басамыз. Еті, сүті пайдалы.
-Мынау- ешкі. Ол да уақ малға жатады.Оның еті, сүті, түбіті пайдалы.
Ал сендер, осы үй жануарлары туралы тақпақ білесіңдер ме?
Балалар тақпақтарын айтады.
Ата: Жарайсыңдар, балалар! Сендерге жинап қойған асықтарым бар еді, қане ойнаңдар.
Ата, әжемен қоштасып, кедергіден өтіп, жолда ат-арбаға отырып, балабақшаға қайтамыз. Сабақты қорытындылау.







© 2010-2022