Кітапша Қазақ халқының дәстүрі

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ халқында мерекелерді тойлату наурыз мейрамымен және басқа да салт-дәстүрлермен бірге ұлттық ойындармен бірге тойлатылады. Мысалы, күрес - балуандар жарысы, асық ату - нысана көздеу жарысы, әр түрлі аттар жарысы ойндары жүргізіледі. Асау атты үйрету ең басты айла шараның бірі болып табылады. Мұнда, ақылды ақсақалдар, қарулы, пысық, шапшаң жігіттер қатысады.

Наурыз мейрамы басталғанда адам арасындағы ренішті ұмыту, дау-талас, соғыс бітіп, татуласу керек деп айтқан.

22 наурызда күн мен түн теңеледі. Бұл - көктемнің басталған сәті. Наурыз мейрамы кезінде қазақтың қонақжайлылық салты тексеріледі. Бұған қалаған адамдар қатысады, мереке соңында жеңімпаз сыйлығымен марапатталады. Наурыз мейрамның басты тағамы, ол - Наурыз көже. Наурыз дастарханы жайылғанда дастарқанға бауырсақ пен Наурыз көже бірінші болып әкелінеді. Бұл қашаннан бергі салт-дәстүр. Наурыз көже жеті түрлі тағамнан пісірілетін ұлттық тағам.

Салт-дәстүр мен әдет-ғұрып дүниежүзіндегі барлық әлемде қалыптасқан. Салт-дәстүрде әр ұлттың өмір салты, әдет - ғұрпы, ұлттық ерекшеліктері көрсетілген. Қазақ халқының ең жақсы дәстүрінің бірі ол қазақтың қонақжайлылығы. Қазақ үшін қонақжайлылық бірінші орында тұрады. Ертедегі қазақтар келген қонақты Құдайы қонақ деп атаған. Қазақтың тағы бір ерекшелігі ол үлкенді сыйлау, құрметтеу болып саналады. Бұл әдет ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған.

Осы уақытқа дейін қолданылып келген әдет-ғұрыптар. Олар: сүйінші, байғазы, көрімдік, асар, ерулік, жылу, көңіл сұрау.

Сүйінші дегеніміз жақсы хабар әкелген адамға берілетін сыйлық.

Байғазы - жаңа киім немесе жаңа зат сатып алғанда берілетін сыйлықтың түрі.

Көрімдік - қалыңдықты көрген үшін берілетін сыйлық.

Асар - көршілер мен достардың көрсеткен көмегі, бір отбасына барлық халықтың көрсететін көмегі.

Ерулік - жаңа көрші көшіп келгенде берілетін ас-дәм. Жаңадан көшіп келген отбасын бұрыннан бері тұрған көршісі танысу мақсатында достасу үшін өз үйіне қонаққа шақырады. Бұл қазақтардың адамгершілік қасиетін бағалап, көрсетеді.

Жылу - бір қайғы-қасіретке дұшар болған отбасына берілетін көмектің түрі.

Көңіл сұрау - науқастанып жатқан адамның денсаулығын білу үшін көрші-көлемдер келіп көңіл сұрайды.

Қазақ халқы салт-дәстүрге аса көңіл бөлген. Тәрбиелік жағынан, тазалық жағынан адамгершілік қасиеттері мол жағынан қазақ халқында мақтанарлық салт-дәстүрлер өте көп. Ата-бабамыз баланы бесіктен бастап тәрбиелеген. Осы дүниеге сәби келгеннен бастап, адам о дүниеге аттанғанға дейін өзіндік бір ерекше салт-дәстүрлер қолданылып отырған.

Адамның дүниеге келгеннен бастап, тойланатын салт-дәстүрлердің түрлері. Олар: сәбиге ат қою салты, шілдехана, қалжа, бесікке салу, қырқыннан шығару, тұсау кесу, сүндетке отырғызу, атқа мінгізу.

Сәбиге ат қою - бала дүниеге келгеннен кейін үш күннен кейін ауыл молдасын шақырады. Ол таң атар кезде, баланың құлағына атын айтып, азан шақырып айқалайды.

Кітапша Қазақ халқының дәстүрі

Шілдехана - бұл көрші-көлемді, туыстарды, достарды шақырып, бала дүниеге келу тойын тойлатады.

Кітапша Қазақ халқының дәстүрі

Кітапша Қазақ халқының дәстүрі

Қалжа - жас босанған әйелге туыстардың дәм беруі. Бұл жас босанған әйелге деген ілтипат, қамқорлық, сыйластық болып табылады. Бұнда босанған әйелдің шешесі бір тоқты әкеледі және сыйлықтар салынған қоржын әкелінеді. Қоржындағы сыйлықтарды қонақтарға үлестіріп береді де тоқтының етін асады. Той ән-күй, өлең-жырмен жалғаса береді.

Бесікке салу, бесік той - баланың кіндігі түскеннен кейін, арнайы дайындалған, қайың ағашынан жасалған, әсемделген, құс мамық пен құс жастық салынған бесікке сәбиді бөлейді. Ол үшін ел ішіндегі сыйлы әжені шақыртып, той жасайды. Қарт кісі әуелі бесікті отпен аластап, жын-шайтанын қуады, одан кейін баланы бесіктің оң жағынан салады. Бесікке қамшы, пышақ салынады.

Кітапша Қазақ халқының дәстүрі

Кітапша Қазақ халқының дәстүрі

Қырқынан шығару - сәби қырық күнге толған соң жасалынатын той. Бұнда сәбиді суға түсіреді. Сәбиді қырық қасық сумен жуады, одан кейін қарын шашын алады, тырнақтарын алады.

Кітапша Қазақ халқының дәстүрі

Тұсау кесу - сәби бір жасқа толғанда жүруге талпынған сәбидің тұсауын кеседі. Ауылдың ең сыйлы әжесін шақыртып ала жіппен, біреудің ала жібін атамау үшін, ұрлық жасамау үшін ырымдап, тұсауын кеседі. Бұны бала тез жүріп кету үшін жасалынатын ырым деп санаған.

Кітапша Қазақ халқының дәстүрі

Сүндетке отырғызу - бала бес-жеті жасқа толғанда ауыл молдасын шақыртып баланы сүндетке отырғызады. Бұл күні баланың ата-анасы туыстарын, көршілерін шақырып, той жасайды. Сүндетке отырғызылған балаға қонақтар сыйлық әкеледі.

Кітапша Қазақ халқының дәстүрі

Атқа мінгізу - сүндетке отырғызылғаннан кейін баланың денсаулығы жазылғанда атқа мінгізеді, атқа отырғызып үйретеді. Балам ер жетті, есейді, жігіт болды деп, атасы мен әжесі үлкен кісілерді шақырып, олардан балаға бата алдыртып, той жасалынады.

Кітапша Қазақ халқының дәстүрі

Қазақ халқының көптеген мерекелері мен салт-дәстүрлері тұрмыс тіршілігімен байланысты. Мысалға наурыз кезіндегі наурыз көже, сабан той - бірінші жылқы құлындағанда ішілетін қымыз. Барлық салт-дәстүрлерді қазақтар ұлттық тағамдармен байланыстыра білген. Әр түрлі салт-дәстүр тойын тойлатқанда ұлттық тағам бесбармақ асылады. Бұл бесбармақ осы заманға дейін қолданылып келе жатқан салтанатты ұлттық тағамның ең басты тағамы. Қазақ халқының салт-дәстүрлері ұрпақтан - ұрпаққа еш өзгеріссіз ұмытылмай мәңгілік жете береді.


Кітапша Қазақ халқының дәстүрі

(Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы)



Орындаған: Өтегенова Ж. К.







2010 жыл.

Кітапша Қазақ халқының дәстүрі


  1. Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті. Алматы кітап 2006 жыл. Сейіт Кенжеахметұлы.


  1. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы кітап 2006 жыл.

Сейіт Кенжеахметұлы.


  1. Қазақтың дарқан дастарқаны. Алматы кітап 2007 жыл.

Сейіт Кенжеахметұлы.


  1. Қазақ халқының ұлттық киімдері. Алматы кітап 2007 жыл.

Хинаят Б., Сужикова А.


5. «Сен білесің бе?» аты кітапшалар.


6. Қазақ тілі. Шың-кітап 2007 жыл.

Қанат Ибрагимов.























Кітапша Қазақ халқының дәстүрі


  1. Наурыз туралы.


  1. Салт-дәстүр мен әдет-ғұрып.


  1. Әдет-ғұрыптар:

А) Сүйінші

Ә) Байғазы

Б) Көрімдік

В) Асар

Г) Ерулік

Ғ) Жылу

Д) Көңіл сұрау


  1. Салт-дәстүр.

А) Сәбиге ат қою

Ә) Шілдехана

Б) Қалжа

В) Бесікке салу, бесік той

Г) Қырқынан шығару

Ғ) Тұсау кесу

Д) Сүндетке отырғызу

Е) Атқа мінгізу


5. Тағам.


6. Қорытынды


7. Пайдаланған әдебиеттер.



Қорыта айтатын болсақ, қазақтың салт-дәстүрлері өте көп, бірақ қазіргі жастар олардың кейбіреулерін білмейді де. Сондықтан мектепте салт-дәстүрді біліп, үйрену үшін тағы бір пән ретінде бір сағат қоса екен деп үмітенемін.

Мемлекеттік тілге, тарихымызға, салт-дәстүрімізге деген қызығушылық артқан кезде тілімізді, мәдениетімізді насихаттауға жол ашылады. Сондықтан оқу барысында ұлттық мәдениетке деген танымдық қызығушылықтарын ояту, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу мақсатын алға қойып, оны жүзеге асыру жолдары таңдап алынады.

Қазақстан жерінде тұратын әр адамның қасиетті борышы - атамекенін сүю, мәдениеті мен тілін білу және қастерлеу. Салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты білу, құрметтеу, келесі ұрпаққа жеткізу болып табылады.


© 2010-2022