Коучинг «Педагогикалық қуатты құралдар: бағалау. »

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

09.01.2016жыл

15 минут

Сессия тақырыбы:

«Педагогикалық қуатты құралдар: бағалау.»,

Жалпы мақсат:

Формативті және жиынтық бағалау, критериалды бағалау туралы түсінік қалыптастыру; формативті бағалауды қолданудың жолдарын үйрену


Оқу нәтижесі

Тапсырмаларды орындау барысында мұғалімдер формативті бағалаудың тәсілдерін үйренеді, оның тиімділігіне көз жеткізеді, жұмысты ұйымдастыруды дамытады. Өзара қарым - қатынасқа түседі, топта ынтымақтаса жұмыс жасайды.


Түйінді идеялар:

Оқыту үшін бағалау - формативті бағалау

Оқуды бағалау - жиынтық бағалау

Сабақта қолданылатын материалдар:

А-3, А-4 парақтары, стикер, интерактивті тақта, флипчарт, маркер, қалам, «blob-tree» парақшалары, шығу парақтары, көңіл-күй карталары


Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер

Жеке, жұптық, топтық жұмыстар


Дерек көздері:

Формативті және жиынтық бағалау бойынша теориялық материал жазылған парақтар, слайд

Тапсырмалар:

Сұрақ - жауап, сурет салу,

Оқуға арналған тапсырма:

Мұғалімге арналған нұсқаулық

Коучинг тақырыбын «Педагогикалық қуатты құралдар: бағалау.»

Коучинг өткізушілер: Нурланова А Т ,Жумашева Э А



Коучингті жүргізу барысы:

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу

3 мин

«Капитан» ойыны арқылы шағын топтарга бөлу.

Белгілер бойынша мыналарды орындайды:

Капитан-өзі шеңбер ішінде қозғалады;

Еден жуамыз-екі адамнан жұптасады;

Құтқару шеңбері-үш адамнан шеңбер жасайды;

Тамақтанамыз-төрт адамнан бірігеді;

Қайық-бес адамнан қатарға тұрады.

Осылайша бірнеше рет қайталанады. Соңында бес адамнан құралған топ өзара топтасады.

ІІ .тапсырма

3 минут

Топтық жұмыс

1. А-4 парағына еркін тақырыпқа суреттер салу

Топ мүшелері бірлесе отырып белгіленген уақыт ішінде А-3 парағына еркін тақырыпқа суреттер салады

ІІІ .тапсырма

4 мин

1. Топтардың салған суреттерін өзара бағалауын ұйымдастырады.

2. Критерий бойынша өз жұмыстарын бағалауды ұсынады.

3 . «Екі жұлдыз, бір тілек» формативті бағалау

Басқа топтардың жұмысымен өз суреттерін өзара бағалау жүргізеді.

Коучтің берген критерийі бойынша өз жұмыстарын бағалайды.

Басқа топтардың жұмысына стикерлерге

«Екі жұлдыз, бір тілек» жазып бағалайды.

VI. Сергіту сәті

3 мин

«Сандар» сергіту сәтін ұйымдастырады.

Борды оң қолында, сол қолында, мұрындарының ұшында, оң жақ иықтарында, оң жақ бүйірлерінде тұрғанын елестетіп, 1-5 сандарын салады.

V. Рефлексия

2 мин

Шығу парақтарын, «blob tree» парақшаларын, көңіл-күй карталарын таратады.

1. Өздерін «blob tree» арқылы бағалайды.

2. Сабақтан алған әсерлерін көңіл-күй карталары арқылы көрсетеді.



© 2010-2022