Қазақ тілі пәнінен сабақтың тақырыбы: Ғаламтор

Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы: «Ғаламтор»

Касенова Назигуль Мукатаевна

Семей қаласының «№2 жалпы орта білім беретін мектеп»

Сабақтың тақырыбы

Ғаламтор

Сілтеме

Күнтізбелік -тақырыптық жоспар 8 -сынып.

Жалпы мақсаттар:

  • Алдыңғы өткен сабақтарын еске түсіре отырып жаңа тақырыпқа бағыттау;

  • Ғаламтор жүйесі көмегімен кез келген ақпаратты жылдам іздеуге үйрету;

  • Оқушыларды ғаламтормен сауатты жұмыс істеуге баулу;

  • Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерінің, топта ж/е жұпта жұмыс істеу дағдыларының дамуына жағдай жасау;

  • Оқушыларға интернет, баспасөз басылымдары, олардың адамдарға керек ерекшеліктері туралы білім алу, мақсатқа жету, алған білімдерін өмірде пайдалана білуге арттыруға, тұлға ретінде дамытуға ерекше көңіл бөлу;

  • Өзін-өзі бағалау, өзара бағалау арқылы өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға көмектесу;

Күтілетін нәтижелер:

Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, топпен жұмыс істеуге қалыптастыру,жан-жақты болу, сабақта талдау, көз жеткізу.

Негізгі идеялар:

  • Есте сақтау: Жаңа лексиканы қолдана білу және ақпаратты есте сақтау;

  • Оқу қабілеті: Интернет мәтінін оқу;

  • Пікір талас: Интернет тақырыбын жарнамамен салыстыру;

Құрал-жабдықтар:

Интерактивті тақта, 8-сынып оқулығы, смайликтер, бағалау парақтары, бейне слайдтар, перфокарталар.

Жаттығулар:

Оқушылармен амандасу. Кезекшіден сыныпта кім жоқ екенін тексеру. Содан оқушыларды топтарға бөліп отырғызу. (2 мин).

Үй тапсырмасын тексеру сұрақтары. (10 мин). Сұрақ-жауап.

Сынып үш топқа бөлінеді, әр топқа 4 -5 оқушыдан. Оқушылар 1 - 3 дейін санап, бір сандар бірінші топқа, екі сандар екінші топқа, үш сандары үшінші топқа отырды. Әр топ өздерінің арасынан басқару көшбасшық сайлап алды. Басқару көшбасшылары топты басқара отырып, берілген тапсырмаларды дұрыс түсіне орындады.

«Интернет» тақырыбына әр топқа перфокарталар беріледі. Осы мәтінді оқып, оның негізгі идеяларын топтаса отырып, түсінгендерін кластерге сурет арқылы салады. Топтар бір-біріне сұрақ жауап қойып, жауаптарын өзара бағалайды.

І тапсырма.

1. Адамдар бүгінгі күні нені қолданады?

Адамдар бүгінгі күні электронды поштаны қолданады.

2. Электрондық байланыс немен қосылған?

Электрондық байланыс агентпен қосылған.

3. Әңгіме-дүкен құруына арналған не?

Әңгіме-дүкен құруына арналған «чад».

ІІ тапсырма.

Қазір сендерге жарнама жасауға тапсырмалар беріледі.

Біз бүгінгі сабағымызда интернет туралы айтамыз. Топпен жұмыс жасау.

І топ.Өзің оқитын мектебің.(топпен ақылдаса отырып жауап беру)

ІІ топ. Спорт туралы мәліметтер жинау. (тексеру сұрақтары арқылы оны дәлелдеу)

Біздің мектепте екі спорт залдары бар. Спортпен адамдар айналысулары тиіс, өйткені денсаулыққа пайдалы. Спорт түрлері: күрес, волейбол, баскетбол, футбол, биатлон, теннис т.б.

ІІІ топ. Жаңалықтар. (топпен талқылау, жуан-жіңішке сұрақ қою). Әр топтан көшбасшылары шығып сөйлеуі. (10 мин)

Интерактивті тақтамен жұмыс: Тақтада сандықшалардың астындағы сөздерді қазақ тіліне аударып, оның жай түрлерінің қайсысына жататынын табыңдар.

Ночь. Түн. Душно. Тымырық. Я проснулся. Мен ояндым. Тихо и темно. Тыныш және қараңғы. (атаулы сөйлем) Я вышел на улицу. Мен көшеге шықтым. (жақты сөйлем) Воздух был свежий. Ауа таза болды. Сильно морозило. Қатты аяз.

Келесі тапсырма: Сөзжұмбақты шешу.

Негізгі идеяларды түртіп алу. 2 мин.

Рефлексия. Аяқтаңыздар: « Мен білемін…», « Мен білдім…»,

« Білгім келеді…» (5 мин).

Қорытынды шығаруға жетелеу. Оқушылардың өзара бір-бірін бағалауы. Қорытындылау

Мұғалім әрекеті:

Үй тапсырмасы. Эссе жазып келу. 1 мин

Оқуға арналған тапсырмалар:

Газет-журналдардан жаңалықтарды қиып әкелу, оны сыныпта талдау.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

«-»

«+»


ЖИГСО стратегиясын бойынша білімімді толықтыру керек екендігін түсіндім

Ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру және топқа бөлу сәтті өтті деп ойлаймын.

2


© 2010-2022