Сюжетно-ролевое игры на тему: Емхана

«Емхана» (сюжетті - рөлді ойын) Мақсаты: Ақ халатты жандардың қамқорлығын, мейірімділігін, кішіпейілдігімен таныстыру. Балаларды мәнерлеп, байланыстырып сөйлеуге үйрету және  ойын арқылы ізет білдіріп сәлемдесуге, алғыс айтуға, қоштасуға үйретіп, инабаттылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу және  қызығушылығын арттыру. Тәрбиеші: Бізге көп қонақтар келген екен амандасайық. Балалар: Біздер қазақ баласы,                   Сәлем сөздің анасы.                   Алдымызда кезіккен,                   Көп тан...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

МКҚК «Жасұлан» балабақшасы















Емхана

Сюжетті рөлді ойын




II сәбилер тобы









Тәрбиеші: С. Қабдиева











Миялы 2014ж

«Емхана» (сюжетті - рөлді ойын)

Мақсаты: Ақ халатты жандардың қамқорлығын, мейірімділігін, кішіпейілдігімен таныстыру. Балаларды мәнерлеп, байланыстырып сөйлеуге үйрету және ойын арқылы ізет білдіріп сәлемдесуге, алғыс айтуға, қоштасуға үйретіп, инабаттылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу және қызығушылығын арттыру.

Тәрбиеші: Бізге көп қонақтар келген екен амандасайық.

Балалар: Біздер қазақ баласы,

Сәлем сөздің анасы.

Алдымызда кезіккен,

Көп танысты көреміз.

Барлығына ізетпен,

Біздер сәлем береміз. (Балалар шеңберге тұрып сәлемдеседі)

Тәрбиеші: Балалар біздер күннің 2 жартысында сюжетті рөлді ойын ойнаймыз. Қандай сюжетті ойындар білесіңдер?

Балалар: Дәрігер, Дүкенші, Отбасы т.б.

Тәрбиеші: Балалар біздер қаралу үшін қайда барып қараламыз?

Балалар: Дәрігерге қараламыз.

Тәрбиеші: Дәрігерге қаралу үшін емханаға барамыз. Дәрігер, медбикелер жұмыс істейтін жерді «емхана» деп атайды. Дәрігер - ауруға жәрдем беретін, ауруды емдейтін, мейірбан жүректі жан. Сендер қаралғанда балалар дәрігеріне барасыңдар. Құлақ, мұрнымыз ауырғанда құлақ, мұрын дәрігерне, тістерің ауырса тіс дәрігеріне, көздерің ауырса көз дәрігеріне қараласыңдар. Ал, дәріні дәріханадан сатып аламыз. Бүгін біз ерекше іс-әрекет жасаймыз.бізге келген қонақтарға қалай ойнайтынымызды көрсетеміз.

Тәрбиеші: Олай болса кім ақ халатты абзал жандар туралы тақпақтар біледі?

  1. Жанар: Ақ халатты киемін,

Аппақ болып жүремін.

Аппақ болып жүргенді,

Өзім қатты сүйемін.

  1. Айкөркем: Менің анам дәрігер

Іш ауырса, тіс ауырса,

Анам дәрі береді.

Барлық бала, барлық ана,

Оны жақсы көреді.

  1. Айкөркем Ж: Ақ халаты үстінде ,

Аппақ оның ісі де,

Ауырғанда емдейді,

Түнде де ол келеді.

  1. Ясина: Дәрігермін мен деймін,

Кәрі әжемді емдеймін.

Көп-көп ішіп дәріні,

Кәрілікті жең деймін.

(балалар кабинетке бөлініп кезекке тұрады)

Тәрбиеші: Ойынды ойнамас бұрын рөлдерді бөліп алайық.

Балалар дәрігері - Дильназ Б

Көз дәрігері - Арайлым

Тіс дәрігері - Ерхан

Медбике - Айкөркем Ж, Дилназ

Ана - Жанар

Баласы - Бексұлтан

Науқасты тіркеу бөлмесі: Науқас рұқсат сұрап кіреді.

Науқас: кіруге болады ма?

Медбике: кіріңіз

Науқас: сәләмәтсіз ба, маған дәрігерге рұқсат қағаз беріңізші.

Медбике: сәләмәтсіз ба, қай жерден келдіңіз, аты-жөніңіз кім, нешінші үйде тұрасыз?

Науқас: МИялы селосынан, баламның аты-жөні Сапарбай Бексұлтан.

Медбике: мына талонмен дәрігерге барыңыз.

Науқас: рахмет, сауболыңыз.

Дәрігер бөлмесі.

Науқас: сәләмәтсізба дәрігер

Дәрігер: сәләмәтсызба, отырыңыз, қай жеріңіз ауырып келді.

Науқас: менің балам түнімен ауырып шықты. Қарап жіберіңізші.

Дәрігер: қашаннан бері ауырды?

Науқас: кешеден бері

Дәрігер: ендеше қызуын өлшейін. Қызуы көтеріліп тұр. Аузыңды аша ғой тамағыңды қарап жіберейін. Тамағың қызармаған жақсы. Кел кеудеңді тыңдайын (терең дем ал). Балаңызға салқын тиген. Кеудесінде сырыл бар, емделу керек. Қазір дәрі, укол жазып беремін (екі қағаз ұсынады). Мына қағазбен дәріханадан дәрілер аласың. Ал, мына қағазбен егілу бөлмесіне барып егілесің. Уақытында дәрі ішіп егілсең тез жазылып кетесің.

Науқас Айымжан: сәләмәтсіз ба? Менің басым, тамағым қатты ауырып тұр.

Дәрігер: дене қызуың бар сияқты, өлшейін. Я қызуың көтеріліпті. Тамағың қызарып тұр, суықтап қалғансың. Тамағыңды түмедақ қайнатпасымен күніне 3 рет шайясын. Мына дәрілерді дәріханаға барып аласың. Шырынды суды көп ішу керек.

Науқас: рахмет, сауболыңыз.

Көз дәрігерінде.

Науқас: сәләмәтсызба дәрігер

Көз дәрігер: сәләмәтсызба, қандай шағымың бар?

Науқас Дастан: менің көзім жасаурап, бұлдырап, алыстан көрмей жүрмін.

(Дәрігер ойыншықтар мен суреттерді көрсетеді)

Дәрігер: қане балақай отыра ғой, аты-жөнің кім, жасың нешеде, кімнің баласысың? Бір көзіңді жауып тұрып мен не көрсетсем, соның не екенін айт.

көзді шаң тозаңнан қорғау керек. Теледидарды көп қарауға болмайды, компьютерді де, көп ойнауға болмайды. Көзді күту керек. Екі көзің - қос шырағың. Жарыққа тіке қарама. Мына дәрілерді алып көзіңе күніне екі рет тамыз және мына мазды көзіңе жағып жатыңыз.

Науқас: рахмет, сауболыңыз.

Тіс дәрігер

Науқас: сәләмәтсызба дәрігер

Дәрігер: сәләмәтсызба

Науқас: менің тісім ауырып тұр. Түнімен ұйықтай алмадым. Балабақшағада бара алмадым, қарап жіберіңізші.

Дәрігер: қане аузыңды аша ғой. Азу тісіңді емдейін. Оң жақ тісіңді жұлу керек. Тісіңді құрт жепті, жұлу керек. Тіс ауырмау үшін екі мезгіл тазалау керек. Тәттіні көп жеуге болмайды. Тамақ ішіп болған тісіңді шаюды ұмытпа. Қазір укол салып жұламын. Екі екі сағат бойы тамақ жемейсің және мына дәрілерді дәріханадан алып ішесің. Тісіңді үнемі тазалап жүруге дағлан. Маржандай тіс адам көркі.

Науқас: рахмет, сауболыңыз.

Дәріхана

Науқас: сәләмәтсызба. Тісім ауырып тұр, сізде мынадай дәрілер бар ма?

Дәрінахашы: бар қазір тауп берейін. Мына дәріні күніне екі рет ішесің. Саубол.

Егу бөлмесі

Науқас: сәләмәтсызба, кіруге болады ма?

Медбике: кіріңіз, жай жүрсіз бе?

Науқас: (қағаз ұсынып) маған укол салып жіберіңізші.

Медбике: (уколға дәрі дайындап) Дайындал балақай, уколдан қорықпайсың ба?

Науқас: қорықпаймын

Медбике: жарайсың балақай, ертең тағы келесің.

Науқас: рахмет, сауболыңыз

Тәрбиеші: Балалар біз бүгін емхана ойынын ойнадық. Ойынға жақсы қатыстыңдар, біз ауырсақ дәрігер емдейді екен.

Ән: «Болайықшы осындай»


.







Емхана



Балалар дәрігері



Тіс дәрігері


Дәріхана



Көз дәрігері



Егу бөлмесі



© 2010-2022