- Преподавателю
- Другое
- Lesson Study-сабақты зерттеу әдісі. коучинг
Lesson Study-сабақты зерттеу әдісі. коучинг
Раздел | Другое |
Класс | - |
Тип | Конспекты |
Автор | Салахитденова Г.Т. |
Дата | 02.11.2015 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
[Введите текст]
4.05.2015 жыл | 3 апта |
|
Коуч | Салахитденова Гульнура Талаповна |
|
Тақырыбы | Lesson Study-сабақты зерттеу әдісі |
|
Жалпы мақсат: | Оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып,оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Study-ді ұсыну |
|
Сілтеме | Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Үлестірмелі материалдар. |
|
Нәтиже | Мұғалімдер Lesson Study үдерісін оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мектептерде Lesson Studyді пайдалану үшін әріптестер мен қалай ынтымақтастық орнатуға болатынын; • Lesson Study кезінде әріптестерге қалай қолдау көрсетуге болатынын түсінуді үйренеді; мұғалім әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесі туралы ойлануға мүмкіндік алады; • Lesson Study циклінде сабақтың оқушылар қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдер инновациялық педагогикалық тәсілдерін жетілдіруге немесе оның сапасын арттыруға мүмкіндік алады. |
|
Түйінді идеялар | - Lesson Study - сыныпты зерттеу нысандарының бірі. Мұғалімдердің педагогикалық білімдері мен тәжірибесін дамытуға арналған. - Lesson Study- мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі. -Lesson Study-оқу сапасын арттыруды көздеген тәжірибені жақсарту үшін демократиялық тәсіл. |
|
Топқа бөлу | Коучтің іс-әрекеті | Мұғалімдердің іс-әрекеті |
Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу | «Бос ыдысты» толтыру тренингі Мұғалімдердің алдына бос ыдыс, тас, ұсақ тастар, су, құм қоямын да, ыдысты бұл заттармен толтыру үшін қай ретімен салу керектігін сұраймын. Қорытынды да: Ең алдымен, тас- өміріміздің ең маңыздысы отан, отбасы, ата-ана, бала-шаға амандығы; Ұсақ тас-жеке басымызға байланысты; Құм-бізді бақытты ететін қуанышты сәттер; Су-тіршілік көзі болғандықтан-ұзақ өмір; Толық ыдыс мәнді де, сәнді де өміріміз. Бүгінгі коучинг сессиямыздың да сәтті өтуіне тілекші болсын. Шапалақтау. |
|
«Миға шабуыл» 3мин | «Lesson Study-дің тиімділігі» бейнефильмін тамашалауға шақыру, ойларын тыңдау.
| Бейнефильмді көреді , ой қорытады. |
| 1 топ - «Lesson Study» дегеніміз не? 2 топ- «Lesson Study» - ді қандай мақсатпен жүргізу қажет?
| Мәтінмен танысады, топта талқылайды.
|
ІІ тапсырма 10 минут
| Топпен жұмыс. Lesson Studu және ашық сабақ арасындағы айырмашылықты анықтап, кестені толтыру. Lesson Studu Ашық сабақ
| Lesson Studu Ашық сабақ арасындағы айырмашылықты анықтайды, флипчартқа түсіреді, постер қорғайды. |
ІІІ тапсырма (10 минут) | «Өз жағыңды таңда» («Метод углов») І топ Lesson Studu -ді қолдануға болады. ІІ топ Қолданып керегі жоқ дейді. . | «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды. |
Рефлексия | Бүгінгі коучингтен алған әсерлерін стикерге жазу. | Қорытынды жасайды. |