Сабақ Қазақ тілі Жай сөйлем түрлерінен тест

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жай сөйлем түрлеріне арналған тест №1

1.Жалаң сөйлемді табыңыз.

А) Жаңбыр жауды да, жер көгерді В) Жаңбыр жауғандықтан, сабаққа бара алмады
С) Жаңбыр жауып тұр D) Жаңбыр жауса да, күн жылы Е) Жаңбыр жауып, арты қарға айналды

2. Жайылма сөйлемді табыңыз.

А) Ағам келді В) Келген - ағам С) Ағаммен сөйлес
D) Зор денелі ағам асықпай үйге кірді Е) Ағам - инженер

3. Төмендегі «Осы жұмысынды тез бітір» сөйлеміндегі «жұмысынды» сөйлемнің қай мүшесі екендігін табыңыз.

А) бастауыш В) баяндауыш С) анықтауыш D) толықтауыш Е) пысықтауыш

4. «Ол жалғыз, біз екеуміз» сөйлемдеріндегі «жалғыз, екеуміз» сөздері сөйлемнің қай мүшесі екенін табыңыз.

А) бастауыш В) баяндауыш С) анықтауыш D) толықтауыш Е) пысықтауыш

5. Жай сөйлемнің құрылымдық түрлері:

А) жақты, жақсыз, атаулы В) жалаң, жайылма С) толымды, жақсыз
D) жалаң, жақты, жақсыз Е) жақсыз, атаулы

6. Жай сөйлем синтаксисінде қандай тыныс белгілер кездеседі?

А) тек сызықша В) нүкте, үтір, қос нүкте С) леп белгісі, нүкте

D) тек сүрау белгісі Е) нүкте, сүрау белгісі, леп белгісі, сызықша

7. Жалаң сөйлемді табыңыз.

А) Талдықорған қаласы В) Сары жапырақ С) Күн шықты
D) Ит өлген жер Е) Сендер де оқуды бітірдіндер

8. Айтылуға тиісті мүшелері түгел қатысқан жай сөйлемнің түрін анықтаңыз.

А) жақты сөйлем В) жақсыз сөйлем С) толымды сөйлем
D) толымсыз сөйлем Е) жайылма сөйлем

9. «Қол ұшын беру» деген тіркестін түрін анықтаңыз.

А) Матасу В) Күрделі сөз С) Қиысу D) Жанасу Е) Тұрақты тіркес

10. Синтаксис қандай мағынаны білдіреді?

А) Құрастыру, біріктіру В) Қосу, есеу С) Толтыру, өзейту
D) Көбейту, солу Е) Көшіру, келтіру

11.Синтаксис сөздердің . . . . зерттейді.

А) байланысын, сөйлем мүшелері В) шығу тарихын С) сөйлеу ерекшелегін
D) сапасын, міндетін Е) іс - әрекетін, қимылын

12.Синтаксистің салаларын белгілеңіз

А) Сөйлемнің түрлаулы мүшелері В) Сөз тіркесі, жай сөйлем, құрмалас сөйлем
С) Жалғау,жұрнақ D) Бастауыш, баяндауыш Е) Салалас құрмалас сөйлемдер

13. «Кең зал.Құжынаған халық.» -қандай сөйлем? А) Жақты сөйлем В) жақсыз сөйлем С) жайылма сөйлем Д) атаулы сөйлем Е) Толымды сөйлем

14. Бастауышы жасырын тұрған сөйлем қалай аталады?

А) жалаң В) жайылма С) жақты Д) жақсыз Е) толымды













Тест №2

1. Тіркес түрін анықтаңыз «жұқа тақтай»

А) Мәтел В) Тұрақты тіркес С) Еркін тіркес D) Күрделі сөз Е) Мақал

2. Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлемді табыңыз.

А) Мәдени, демалыс паркі. В) Бәріміз жиналдық. С) Бұлтты аспан.

D) Мынау қоян жепті ғой. Е) 1942 жыл.

3. Мына сөйлемдерден жайылма сөйлемді табыңыз.

A) Асан келді B) Қар қалың C) Жаңбыр жауды D) Асан кеше келді E) Сағат жүріп тұр

4. Жаңа жылды біздің елімізде екі рет тойлайды. Сөйлемнен анықтауышты табыңыз.

A) жаңа жылды B) біздің C) елімізде D) екі рет E) тойлайды

5. Жалаң сөйлемді табыңыз

А) Жаңбыр жауды да жер көгерді В) Жаңбыр жауғандықтан сабаққа бара алмады

С) Жаңбыр жауып тұр D) Жаңбыр жауса да күн жылы Е) Жаңбыр жауып арты қарға айналды

6. Жайылма сөйлемді табыңыз

А) ағам келді В) келген-ағам С) ағаммен сөйлес D) зор денелі ағам асықпай үйге кірді Е) әкем-инженер болып істейді

7. «Осы жұмысыңды тез бітір» сөйлеміндегі «жұмысыңды» сөйлемнің қай мүшесі екенін табыңыз

А) бастауыш В) баяндауыш С) анықтауыш D) толықтауыш Е) пысықтауыш

8. Төмендегі сөйлемнің қарамен жазылған сөздері сөйлемнің қай мүшесіне жатады?

Қамар, Мәкен, Әлия - бәрі Шәкеннің сүйікті балалары.

А) бірыңғай мүше В) айқындауыш С) анықтауыш D) бастауыш Е) толықтауыш

9. Атаулы сөйлемді табыңыз

А) Ашуланғанда тіпті сөйлей алмайды В) Күз. Көкшетау маңы. Ымырт жабылған кез.

С) Абай бір топ кісімен үйге кірді. D) Не деген тамаша еді қаңтар айы. Е) Биыл қыс қатты болды.

10. Толымсыз сөйлемді табыңыз.

А) Мен кеше қатты шаршадым. В) Иә, бардым С) Бүгін мұғалімдер жиналысы болады.

D) Көшеде машиналар арлы-берлі жүріп жатыр. Е) Өнерлі өрге жүзеді.

11. Аяқталған ойды білдіретін категория

А) сөз В) сөз тіркесі С) сөйлем D) құрмалас сөйлем Е) жай сөйлем

12. «Ертең күн ашық болатын шығар» сөйлеміндегі күрделі мүше?

А) бастауыш В) баяндауыш С) толықтауыш D) пысықтауыш Е) анықтауыш

13. Тұрлаусыз мүшелердің болу-болмауына қарай жай сөйлемдер қалай бөлінеді?

А) жақты,жақсыз В) атаулы С) толымды,толымсыз Д) жалаң,жайылма Е) жай,құрмалас

14.Жалаң сөйлемге жетпей тұрған сөзді көп нүктенің орнына қойыңыз. «........оқып шықсын».

А) тез В) ол С) оған Д) сенімен Е) қайратпен











Тест № 3.

1. Сұраулы сөйлемді табыңыз

А) Ол қаладан кеше қайтты В) Сен ертең сабаққа барасың ба С) Оның жасы он жетіге толды D) Әкесі оны асыға күтті Е) Іздеген адамы алдынан шықты-ау

2. Лепті сөйлемді табыңыз

А) Кешегіні орындадың ба В) Аспан шайдай ашық екен С) Туу, сіз қызық адам екенсіз D) Бала атасына таңдана қарады Е) Ол суық сумен жуынды

3. Атаулы сөйлемді табыңыз

А) Құстар биыл кеш келді В) Еңбек түбі-береке С) Таулары сондай әдемі, әрі биік!

D) Түн. Далада қар ұшқындап тұр. Е) Кешке шейін қар тазалады.

4. Сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыштан басқа сөйлем мүшелерін қалай атаймыз?

А) тұрлаулы В) атаулы С) жалаң D) жайылма Е) тұрлаусыз

5. Жасырын тұрған табыс жалғаулы толықтауышты табыңыз

А) Ана сүтін ардақтау В) қызмет ету С) кітап алу D) кітаптан оқу Е) кітаппен танысу

6. Жақсыз сөйлемді табыңыз

А) Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле В) Өнер алды-қызыл тіл С) Қызарып атқан таң

D) Оның институтқа түскісі келді Е) Көзінен жасы ыршып шықты

7. Жақты сөйлемді табыңыз

А) Мұның ауылда істемегені жоқ В) Үлкендермен үлкендерше отыруға тырысады

С) Жаныңда жүр жақсы адам D) Ойланбай, өзіңе-өзің есеп бермей сөйлесуге болмайды

Е) Сәуле күндегі әдетінше ерте тұрды

8. Дұрыс жазылмаған сөзді көрсетеңіз

А) жақсы кітап В) үлкен силық С) зор денсаулық Д) ұзақ жиналыс Е) аділ шешім

9. Қайсысы жақсыз сөйлемнің жасалу жолына жатпайды?

А) -ғы,-гі,-қы,-кі тұлғалы қалау райлы етістік В) Құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар идиомалар С) Атау немесе барыс септігіндегі тұйық етістіктен соң «керек», «мүмкін» сөздерінің тіркесуі Д) Баяндауышы зат есімнен басталады.

Е) Барыс септігіндегі тұйық етістіктен соң «бол», «жара», «тура», «кел» көмекші етістіктерінің тіркесіп келуі.

10. Жақсыз сөйлемді тап.

А) Бүгін емтиханға дайындалу керек. В) Жартастың басынан қарауытқан бір нәрселер көрінеді. С) Ойнап сөйлесең де,ойлап сөйле. Д) Ауыл маңы тып-тыныш Е) Оқу-білім бұлағы

11. Жақты сөйлемді тап.

А) Сенің балмұздақ жегің келе ме? В) Оның айтқандарын түсініп болмайды

С) Бұл оқиғаны енді айтпасқа болмайды Д) Оның үрейден төбе шашы тік тұрды.Е) Ертең сабаққа келесің бе?

12. Жалаң сөйлем дегеніміз не?

А) Бастауыш пен баяндауыштан ғана құралған сөйлем.

В) Тұрлаулы мүшелерімен қатар,тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлем

С) Мазмұны толық берілген сөйлем. Д) Бастауышы жоқ сөйлем Е) Бастауышы әрдайым жасырын тұратын сөйлем

13. Жайылма сөйлемді тап.

А) Мен барамын. В) Айдала С) Ол-сері жігіт Д) Үй жап-жарық

Е) Сендер қараңдар

14. Қай сөйлем түрі екеуара сөйлескенде жиі қолданылады?

А) Толымсыз сөйлем В) жақсыз сөйлем С) жалаң сөйлем Д) атаулы сөйлем

Е) жайылма сөйлем

© 2010-2022