Сабақтың тақырыбы: «Есептер шығару»

Сабақтың тақырыбы:        Есептер шығару Сабақтың мақсаты:      Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау. Міндеттері:   . 1 Қосындыны санға көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтауға                              арналған есептерді әртүрлі тәсілмен шығаруға машықтандыру,                              пысықтау, қайталау.                         2. Ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын, есте сақтау,                                логикалық ойлауы мен танымдық қабілеттерін арттыру, оқушы                         белсенділігін арттыру.                         3. Оқушыларды шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, пәнге деген                              қызығушылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі:   Аралас сабақ Сабақтың әдіс-тәсілі:   Сұрақ-жауап, қайталау. Сабақтың көрнекілігі:   Абайдың «Бес асыл іс» сөзі, «Бәйге» ойыны, үлестірме   материалдар Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: (Психологиялық дайындық) Оқушылар жұмыстарына сәттілік тілеп, жылы лебіз көрсету (бір-біріне күлкі, сәттілік сыйлау) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. - «Ғылым таппай мақтанба, Білім таппай баптанба ... «дегендегі орын деп отырғаны алған білімді, үйренген ғылымды жұмсайтын орын.Ендеше осы« Бес асыл іс «бойынша есептер шығару арқылы алған білімдерімізді көрсетейік. ІІ.Өткенді қайталау, білімдерін тексеру 1. Ауызша есептеу арқылы «Рақым» кезеңінен өту (адам бір-біріне жақсылық жасап, көмек беріп, мейірімді болу.Өзіне ойлаған жақсылығын өзгеге жасау).   7-ні  3 есе арттыр,  4-ті  5 есе арттыр,  48-ді  6 есе кеміт, 600-ді   2 есе кеміт т.б. (Әр оқушының жауабын бағалау) 2. «Бәйге» ойыны. «Қанағат» кезеңі (барға риза болу, місе тұту, бізде қанағат болу керек, сендердің білімдеріңе қанағаттандым).
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Есептер шығару»Сабақтың тақырыбы: «Есептер шығару»Сабақтың тақырыбы: «Есептер шығару»Сабақтың тақырыбы: «Есептер шығару»«Психологиялық дамуы артта қалған балаларға

арналған мектеп- интернаты» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі: Болғанбаева Рысгүл Нығыметоллақызы

Қарағанды қаласы

Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау.

Міндеттері: 1. Қосындыны санға көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтауға

арналған есептерді әртүрлі тәсілмен шығаруға машықтандыру,

пысықтау, қайталау.

2. Ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын, есте сақтау,

логикалық ойлауы мен танымдық қабілеттерін арттыру, оқушы

белсенділігін арттыру.

3. Оқушыларды шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, пәнге деген

қызығушылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, қайталау.

Сабақтың көрнекілігі: Абайдың «Бес асыл іс» сөзі, «Бәйге» ойыны, үлестірме материалдар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

(психологиялық дайындық)

Оқушылар жұмыстарына сәттілік тілеп, жылы лебіз көрсету (бір-біріне күлкі, сәттілік сыйлау)

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Оқушы назарын сабаққа аудару.

Талап, Еңбек, Терең, Қанағат,Рақым


-Ал балалар, қандай сөз жазылған?

-Осы сөздер қай ақынның, қай өлеңінде қамтылған?

-Абай кім? Қандай бес асыл іс, қандай бес дұшпан бар? Абай

аталарың осы өлеңде бес асыл іске жетуге, бес дұшпаннан

жиренуге шақырған.Бес асыл іске жету үшін тапсырмалар орындаймыз .

-«Ғылым таппай мақтанба,

Білім таппай баптанба...» дегендегі орын деп отырғаны алған білімді, үйренген ғылымды жұмсайтын орын.Ендеше осы «Бес асыл іс» бойынша есептер шығару арқылы алған білімдерімізді көрсетейік.

ІІ.Өткенді қайталау, білімдерін тексеру

1.Ауызша есептеу арқылы «Рақым» кезеңінен өту (адам бір-біріне жақсылық жасап, көмек беріп, мейірімді болу.Өзіне ойлаған жақсылығын өзгеге жасау). 7-ні 3 есе арттыр, 4-ті 5 есе арттыр, 48-ді 6 есе кеміт, 600-ді 2 есе кеміт т.б.

(Әр оқушының жауабын бағалау)

2. «Бәйге» ойыны. «Қанағат» кезеңі (барға риза болу, місе тұту, бізде қанағат болу керек, сендердің білімдеріңе қанағаттандым).

10

10

10

20

20

20

30

30

30

40

40

40

Оқушылардың қалаған сандары бойынша берілген есептерді ауызша шығарту.

Саусақ жаттығуы.

Дәптермен жұмыс.Көркем жазу.

«Терең ой» кезеңі. (Абай атамыз ерекше айырып тұрған осы екі қасиетті жоғары бағалады).

ІІІ.Есептер шығару , оқулықпен жұмыс №1

Мазмұнын талдау, шартын құру.

Т.д - 54 л ? 5 ы. құйды

Т.к - 46 л

1 ы. - ?

Шешуі: (54+46) : 5 = 20 л

Жауабы: Әр ыдысқа 20 литр сүт

Сендердің ойларың терең екенін білдім.

Сергіту сәті:

«Еңбек» кезеңі. Абайдың пікірінше ерінбей еңбек еткен кісінің жетпейтін арманы болмайды. Өмірдің өзі еңбек етуді талап етеді.

№2 (1,2) тақтамен жұмыс

(20+16) : 9 (24+36) : 6 (қосындыны санға бөлудің әр түрлі қасиетін пайдалану

(60+12) : 8 (56+14) : 7 арқылы шығарту)

(Үлестірме материалмен жұмыс) Бірінші біткен оқушыға тарату.

«Талап»кезеңі. Талаптың ішіндегі ең негізгі - бұл білімді таңдап, содан нәтиже шығару, болашаққа талпыну.Қанағат, рақымшыл болып, еңбек ете отырып, талаптанса ғана мақсатқа жетесіңдер.

№6 Теңдеуді шешу.Өздік жұмыс (компонент бойынша белгісізді табу, жауабын тыңдау).

Өздік жұмыс: Геометриялық фигура (қанша бар?)

ІҮ.Қорытынды: Жаман қасиеттерден ада болып, жақсы қасиеттерді бойымызға сіңірсек болашақта Отанын сүйер азамат болып шығарымыз сөзсіз. ХХІ ғасырдың білімді ұрпағы сендерсіңдер.

Ү. Үйге тапсырма №2 (3, 4)

ҮІ. Бағалау.Жинаған ұпай бойынша бағалау.



© 2010-2022