Поурочный план на тему Не қалай дауыстайды?

Раздел Другое
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Абай атындағы орта мектеп КММ

«Айналайын» шағын орталығы













Тақырыбы:


Поурочный план на тему Не қалай дауыстайды?




Тәрбиеші: Қуанышова А.Н.





Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тобы: «Айбөбек»

Білім беру саласы: «Қатынас»

Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Не қалай дауыстайды?»

Мақсаты:

Білімділік: құстардың сайраған дыбыстарын тыңдату арқылы әр құстың дыбысын ажырата білуге үйрету

Дамытушылық: Дидактикалық ойын арқылы сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру

Тәрбиелік: Жануарларға деген сүйіспеншіліктерін арттыру

Сөздік жұмыс: торғай, әтеш

Көрнекі құралдар: құстардың суреті, ойыншық құстар, құстардың дауысы жазылған үнтаспа

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап

Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Ұйымдастырушылық -оятушылық

Балаларды шеңберге тұрғызып, бір-біріне қарап күлімдеуді өтіну.

Бала, бала, баламыз,

Бақшамызға барамыз.

Күні бойы қызыққа

Батамыз да қаламыз.

Балалардың көңілін суретке аударып, балалардан сұрау:

  • Мынау не?

  • Ол қандай құс?

  • Түсі қандай?

  • Торғай үй құсы ма, дала құсы ма?

  • Қайда ұшады?

Балалар күлімдеп, қуана бірге қимыл -қозғалыспен шаттық шеңберін жасайды.

Балалар суретке қызыға қарап, сұрақтарға жауап беруге тырысады.

Ұйымдастырушылық -ізденушілік




Сиқырлы сәт. Құстардың дауыстары дискіден тыңдалады. Балаларды тыңдауға шақырып. Дискіні тыңдап болған соң, қораптан ойыншық қаз, торғай, тауық , әтешті алып. Енді осыларды жаңағы тыңдағандарымыз бойынша ажыратып, дауыстарын айтып жаттығамыз.

  • Қаз «қаңқ-қаңқ» деп қаңқылдайды.

  • Торғай «шық-шық-шық» деп шықылдайды.

  • Әтеш «ку-ка-ре-ку» дейді.

  • Тауық «қыт-қыт» дейді.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық

Кәне, қанат жазайық

Торғайларға ұқсайық,

Ұшып, ұшып алайық.

Дидактикалық ойын:

1.«Дауысын сал!»

Құстардың суреттерін таратып беру.

Кімде қандай құстың суреті, соның дауысын салады.

2. «Түлкі мен құстар»

Бір бала түлкі, қалғаны құстар. Түлкі ұйықтап отырады. Құстар ұшып жүреді. Түлкі оянып кетіп, құстарды қуады.

Құстардың дауысына таңғалып, қуанышпен қызыға тыңдайды. Ойыншықтарға қызығушылық танытады.

Балалар дауыстарын салып қайталайды.

Қимыл-қозғалыстар жасайды.Ойынды қуана ойнайды.


Түлкіге ұсталмауға тырысады.

Рефлекстік-түзету (коррекциялық)


Балалардың ойынға деген қызығушылықтарын бағалау.

Ғай-ғай-торғай

Ә-ә-әтеш


Балалар түрлі қимыл-қозғалыстар жасайды. Құстардың дауыстарын салып үйренеді. Сөздерді айтып үйренеді.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек:құстарды ажырата алуды

Игеру керек: құстар туралы жалпы түсініктері болады.

Үйрену керек: құстардың дауысын салуды біледі.


© 2010-2022