Көлік түрлері атты ашық сабақ. 6-сынып

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Есенова Толқын Алмасовна

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Қарасай ауданы, Көксай ауылы

«М.Мәметова атындағы орта мектебі»КММ



Қазақ тілі орыс сыныптарында. 6-сынып

Сабақтың тақырыбы:Көлік түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Көлік түрлері туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорларын ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Көлік түрлерін дұрыс пайдалануға, қоғамдық көліктерде әдептілік сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, жинақтау, ассоциациялық қатар, топтық жұмыс,тірек сызба

Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдты суреттер, кеспе қағаздар

Сабақтың барысы. Топқа бөлу. (Топтар бір- біріне жақсы тілектер айтады)
І. Ұйымдастыру бөлімі
Ойға толып санамыз Бестік болып бағамыз. Баласындай бір үйдің Тату болсын арамыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
-Үйге қандай тапсырма берілді: -Көлікке байланысты жұмбақ жазып келу. -Топтар бір-біріне жұмбақтар жасырады.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
ІҮ. Жаңа сабақ
- Балалар, бұрынғы кезде көлік болмаған сол кезде адамдар ат яғни жылқы , түйе , есек, өгіздер де көлік ретінде пайдаланған. Ал қазір кезде көліктің көптеген түрі бар оны білеміз күнделікті өмірде көріпті- Бүгін тез арада Алматыға жетуің керек, қалай жетесің? (ұшақпен)
- Теңіздің арғы бетінде бір елге баруың керек, қалай жетесің? (кемемен).
1-слайд. Көліктердің суретін көрсетіп олар туралы сұрау. - Осы көліктерді жүру жолдарына байланысты қалай атауға болады? (Әуе көлігі, жер үсті көлігі, жер асты көлігі, темір жол көлігі, су көлігі).
2-слайд. Суретке назар аударту. Атқа жегілген арба, ат, түйе, трактор суреті.
- Бұл көліктерді қайдан көрдің?
3-слайд Автобус, троллейбус, трамвай, метро, пойыз. - Бұл көліктерді қайдан көрдің?
Олай болса, бүгінгі сабақта сендер қаладағы және ауылдағы көлік түрлерімен танысасыңдар. Дәптерлеріне күннің ретін, сабақ тақырыбын жаздырып, назарларын жаңа сабаққа аудару.
4-слайд. Ауыл көшесінде атпен, түйемен, трактормен, ат арбамен, ат шанамен жүк тасып бара жатқан көрініс. Ауыл көшесіндегі жүк және жеңіл машиналар суреті. Түсіндіру.
5-слайд. Қала көшесіндегі көліктердің қозғалысы, бағдаршам, жол белгілері. Түсіндіру.
Сергіту сәті; 1-Бағдаршамның қызыл түсі жанады

2-Бағдаршамның сары түсі жанады

3-Бағдаршамның жасыл түсі жанады. Осы кезде көлік қозғалысы пайда болады. Дәптермен жұмыс

1.Бүгін автобуста кешегі күнде қарағанда жолаушы анағұрлым көп.
2.Ағам көлік жүргізуді әжептәуір үйреніп қалыпты.

3.Үйдің қасындағы аялдама адам аз екен.

4.Алматы-Ақтөбе пойызын күтіп тұрғаныма біраз уақыт болды


6-слайд Жұмбақ шеше білесің бе?
7-слайд Кел, ойнайық! Өрнектің мәніне сәйкес суреттерді түсті қарындашпен боя. Жол бойындағы көліктер суреті. Әрқайсысына өрнектер жазылған, өрнектердің мәні (сары, қызыл, жасыл, қоңыр) түстермен белгіленген, сол бойынша көліктерді бояу керек.
8-слайд Арнайы көліктердің суреті Арнайы көліктерді шақыратын телефон нөмірлерін есіңе сақта:
101 - өрт сөндіру машинасы;
102 - полиция машинасы;
103 - жедел медициналық жәрдем;
104 - газ шаруашылығының машинасы;
112 - құтқару қызметі Оқушыларға кеспе қағаз түрінде таратып, жаттап алуды ескерту.
10 - слайд Не артық? Суреттегі артық затты табу.
11 - слайд Кім шапшаң? Кеменің әр бөлігін суретте көрсетілгендей боя.
Ү. Сабақты бекіту
Қаладағы және ауылдағы көлік түрлерін салыстыру
Ауыл көліктері
Қала көліктері
ҮІ. Оқушылардың білімін бағалау, мадақтау.
Ү. Үйге тапсырма.

© 2010-2022