Сабақтың тақырыбы: Болымды және болымсыз етістіктер (6 сынып)

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні______ Пәні: қазақ тілі 6 - сынып

Сабақтың тақырыбы : Болымды және болымсыз етістіктер

Сабақтың мақсаты :

Білімділік: Іс-әрекеттің жүзеге асуына қатысты етістіктердің болымды, болымсыз түрлерінің жасалуын түсіндіру

Дамытушылық: Түрлі әдітерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру. Сөйлеу тілін жетілдіріп, шешендік өнерге баулу.

Тәрбиелік: Оқушылардың білімін бақылау арқылы дұрыс жаза білуге үйрету.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кеспе қағаздар

Пән аралық байланыс : әдебиет, тарих

Сабақтың барысы :

I. Ұйымдастыру кезеңі :

А.Оқушылармен амандасу,түгелдеу,

Б. Сыныптың тазалығына назар аудару,

С. Көрнекіліктерді дайындау.

II. Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.

1. Етістік құрамына қарай нешеге бөлінеді?

2. Етістік нені білдіреді ?

3. Етістік қандай сұрақтарға жауап береді ?

4.Туынды етістіктер қалай жасалады ?

5.Дара етістк дегеніміз не ?

6.Күрделі етістік қалай жасалады?

7.Күрделі етістікке мысал келтір.

III. Жаңа сабақты түсіндіру :

Етістік негізгі түбірде де, туынды түбірде де қимылдың, іс-әрекеттің болуын білдіреді. Сондықтан етістік негізгі я туынды түбір күйінде болымды мәнді білдіреді.Оларды болымды етістік дейді.Сонымен бірге етістік қимылдың, іс-әрекеттің болиауын,іске аспауын да білдіреді.Ондай етістіктерді болымсыз етістік дейді.Болымсыз етістік негізгі я туынды түбір етістіктерге -ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе жұрнақтары жалғану арқылы және белгілі шақ тұлғасындағы, болымды етістікке жоқ, емес сөздерініңтіркесуі арқылы жасалады : Мысалы : бар-ма,көбей-ме,тістеме-ме айт-па.

Топпен жұмыс : Оқушыларға болымды етістікті жазғызамын.Олар болымды етістікті болымсыз етістікке айналдырады.

Мысалы: асық-асықпа,асық,жүгір, шула ,айқайла, тарық, кешік, бөгел,сүрін, күл, жағалас,сыз,теп,ти,ұмыт,жоғалт,атта, секір,боя,өмір,қи,ал,аш,тасы,сұра,топ.


Оқулықпен жұмыс :

220-жаттығу. Тыйым сөздерді оқыңдар, оларды жаттап алыңдар. Бұл жердегі болымсыз етістіктердің маңызын ойлаңдар. Егер болымсыз етістік болмаса, тыйым сөздер бола ма?

223- жаттығу. Етістіктердің табыңдар, етістіктің түрлерін (дара, күрделі, болымды, болымсыз, көмекші) ажыратыңдар.

Дара

Күрделі

Болымды

Болымсыз

Көмекші







225- жаттығу. Болымсыз етістік жасаңдар

Аз, Айт, Ас, Аш, Бақ, Ем, Ер, Жар, Жаз, Жең, Ес, И, Илан, Көн, Де, Сөйлес, Сал, Жи, Шай.

Жүз, Сыз, Кет, Сеп, Бас, Жет, Өлше, Қал, Үз, Соз, Үр, Тос, Жүз.

Білімді бекіту : Оқушыларға бірнеше тыйым сөздер айтққызып ішінен болымсыз етістікті тапқызамын. Мысалы : Үйде ысқырма,Тамды айналып жүгірме,Сыпырғыны тік қойма,Бей уақытта ұйықтама,Адамды санама.

228- жаттығу. Болымды етістіктерді бір қатарға, болымсыз етістіктерді бір қатарға көшіріп жазыңдар, мақалдардың мағынасын ашыңдар.

Бағалау : Оқушылардың үй тапсырмасын орындағандарына және сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: 229-жаттығу. Омонимдердің екінші мағынасын табыңдар. Кестені толтырыңдар.


© 2010-2022