Ашық сабақ Еліктеу сөздің көркем шығармада қолданылуы

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы: Еліктеу сөздің көркем шығармада қолданылуы.

Сабақ мақсаты: а). білімділік 1. Еліктеу сөздің басқа сөз таптарынан ерекшелігін,жасалу жолдарын түсіндіру;

. 2.еліктеу сөздің көркем шығармада қолданылу ерекшелігін мысалдар келтіре отырып талдау;

б) дамытушылық 1. Оқушының ой-өрісін дамыту, шығармашылық белсенділігін арттыру;

2. өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету;

в) тәрбиелік мәні 1. Еліктеу сөздің ойды көркемдеп, әсерлендіріп тұратынын ескере келе,көркем әдебиеттен,өлеңдерден нақты мысалдармен талдауға үйрету;

Сабақ түрі : дәстүрлі

Сабақ әдісі: Дамыта оқыту технологиясы

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру

2. Жаңа сабақ

3. Шығармашылық тапсырмамен жұмыс

Еліктеу сөз дыбыстарға еліктеу арқылы пайда болған. Табиғатта заттардың қозғалуы соқтығысуы алуан түрлі қимыл,амал-әрекеттердің нәтижесінде әр түрлі дыбыстар пайда болады. Еліктеу сөздің қай түріне болмасын бірден сөз түрлендіруші қосымшаларды жалғауға болмайды. Бұларға,ең алдымен, сөз тудыратын жұрнақтарды жалғап барып, одан кейін басқа қосымшалармен түсіндіреміз.Мысалы,(қарқ-қарқыл,қарқылдар,қарқылы, қарқылға),тарс-тарсыл,тарсылдар). Сондай-ақ, еліктеуіш сөздерден тарсылда,қарқылда сияқты етістіктің алуан түрін жасауға болады.тарсылдады,тарсылдатқыз,тарсылдамайтын)

Еліктеуіш сөздер дыбыстық өзгерістерге ену арқылы қосарланып келе береді. Еліктеуіш сөздердің түбіріндегі дауысты дыбыстың ашық не қысаң болуы да сол сөздің мағынасына әсер етеді.

Бейнелеуіш сөздер табиғатта кездесетін емес,құбылыстарды адамның көзбен көруінен пайда болатын ұғымдардың аттарын білдіретін сөздер Қарға қарқ етті,Ірімшік жерге салп етті. Осындағы қарқ ету-атау болса, салп ету-қарғаға тән,адам көру арқылы қабылданатын көріністің бейнесін танытатын сөз. Бейнелеуіш сөздің де құрамындағы дауысты дыбыстардың ашық,қысаң,жуан, жіңішке болуы олардың мағынасына әсер етеді. Еліктеуіш сөздің сөйлемдегі қызметі пысықтауыш.

Еліктеу сөздің көркем шығармада қолданылуы

1. Түнерген қалың қара ағаштың іші. Әуемен таласқан биік ағаштар басын төмен салып, тұнжырап тұр. Сартылдап жауған күзгі жаңбырдың екпінімен бас сілкіп,жер солқылдатқандай салмақпен сілкініп қояды. (Мұндағы тұнжырап,солқылдатқандай,

сартылдап,сілкініп сөздері табиғат көрінісін әсерлендіріп тұр.)

2.Жазғытұрымғыдай орман іші де, шалғынды далалар да, ауыл маңдары да у-шу болып жатқан жоқ. Сымпылдап ұшып, шаңқылдаған ,бұтақтан-бұтаққа қонып,шатты дауыстарымен сайраған түрлі құстардың ән мен күйлері де естілмейді.

( С.Сейфуллин)

(Күзгі табиғатының сүреңсіз бейнесін көрсетіп тұр).

3. Күн ыстық. Көкшетау маңы. Балқыған ,көктегі шыжыған қызыл күн өткір алтын шұғыласын көктен жерге шашыратып,бүркіп, ойнап тұрғандай. (С.Сейфуллин)

(шашыратып,бүркіп,шыжыған-еліктеу сөз табиғатқа ерекше әсер етіп тұр.

4.Маңайда құстардың қаңқылдап,аңдардың ырылдап,ұлығаны үрейлі үнге айналады.(Мұндағы қаңқылдап,ырылдап,ұлыған дыбыстар жануарлардың дыбыстау мүшелерінен пайда болған)

-Айналайын,Кәкітай дауысың шырылдағанда,жазықсыздан күйіп бара жатқандай көрінесің-ақ!..( М.Әуезов)

(шырылдағанда-еліктеу сөзі адамның көңіл-күйімен байланысты болып тұр.)

Мұның бәрі кімге айтылып жатқанын Сейіт енді ғана ұққандай. Көп бастар шұлғысып,көп сақалдар шошаңдасып қалды. Осымен сонау жайлаудан дүрліктіріп көшірген үлкен бір дүрбелеңоңай тарқайтын белгісін бергендей, тынышталып үйлеріне қайтты. (Ғ.Мүсірепов)

(шошаңдасып,дүрліктіріп-бейнелеуіш сөздер белгілі бір көріністің бейнесін танытып тұр.)

Тек жалғыз қиялы құлаққа кеп,ап-айқын соғып бір жақындап, бір алыстап кететін шолпы сылдыры. Атқан таңның ақ-қызыл шапағындай үлбіреген қызыл шұғыласы.Көз алдынан сол жүз кетпейді.(М.Әуезов) (сылдыры-әсерлі дыбысты, үлбіреген -нәзіктікті сипаттайды.)

Ырғызбайдың жиырма ауылы тағы да дүрк көшті. Жапыр-жұпыр көрісіп жатқан сияқты. Бөжей бұған барлай қарады да мырс етті. (Бөжейдің әрекетіндегі мысқылдықты бейнелейді. Жапыр-жұпыр, дүрк, мырс -еліктеуіштері бір асығыс қимыл әрекеттерді сипаттап тұр.)

2. Шығармашылық тапсырмамен жұмыс

1. Желсіз түнде жарық ай

Сәулесі суда дірілдеп

Ауылдың жаны терең сай

Тасыған өзен гүрілдеп

Дірілдеп-дір-түбірі,іл -зат есім тудырушы жұрнақ, де-етістік жұрнағы ,п-көсемше

Гүрілдеп-гүр-дыбысқа еліктеу, гүр-түбірі, іл-де-жұрнақ, п-көсемше

2. Қалың ағаш жапырағы

Сыбырласып өзді-өзі

Сыбырласып-сыбыр-түбірі,ла-етістік тудырушы жұрнақ, с-ортақ етіс,ып-көсемше

3. Жаздың көркі енеді жыл құсымен

Жайраңдасып жас күлер құрбысымен

Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал

Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен

Жайраңдасып-жайраң-да -етістік тудырушы жұрнақ,с-ортақ етіс, ып-көсемше

Жалбаңдасар-жалбаң-түбірі, бейнелеуіш, да-етістік тудырушы жұрнақс-ортақ етіс,ар-есімше

4.Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,

Күлімсіреп,көрісіп,құшақтасып

Шаруа қуған жастардың мойны босап

Сыбырласып,сырласып мауқын басып

Сыбырласып-сыбыр-түбірі, ла-етістік тудырушы жұрнақ, с-етіс жұрнағы,ып-көсемше

5. Түйе боздап,қой қоздап,қорада шу

Көбелекпен,құспенен сайда ду-ду

Гүл мен ағаш майысып қарағанда

Сыбдыр қағып,бұраңдап ағады су

Шу-дыбыстық еліктеуіш

Ду-ду-қайталама қос сөзді еліктеуіш

Сыбдыр-еліктеуіш

Бұраңдап-бұраң бейнелеуіш, да-етістік тудырушы жұрнақ,п-көсемше

6. Ұшқыр атпен зырлатып тастағанда

Жарқ-жұрқ етіп ілінер көк дауылпаз

Құс қатарлап байлаған қанжығаға

Қыз бұраңдап жабысып,қылады наз

Зырлатып-зыр-еліктеуіш,ла-етістік тудырушы,т-өзгелік етіс, ып-көсемше

Жарқ-жұрқ-күрделі еліктеу

Күн жоқта кісімсінер жұлдыз бен ай

Ол қайтсін қара түнде жарқылдамай

Жарқылдамай-жарқ-түбірі, ыл-зат есім тудырушы,да-жұрнақ ма-болымсыз етістік, й-көсемше

7. Аяңдап,ақырын

Жүрекпен алысып

Сыбдырын,тықырын

Көңілмен танысып

Сыбдыр-ы-тәуелдік жалғауының 3-жағы, н-табыс септігі

Тықырын-ы-т.ж3-жағы, н-табыс жалғауы

Жанында жапырақ

Үстінде жұлдыз да

Елбіреп,қалтырап

Жігіт пен ол қыз да

Елбіреп-елп-іре-етістік тудырушы жұрнақ, п-көсемше

Қалт-ыра-етістік тудырушы, п-көсемше

Аулаққа шықпай

Сыбырлап бұқпай

Мейірленбес еш сөзге

Сыбыр-ла-етістік тудырушы жұрнақ,п-көсемше

3. Халықтың жұмбақтау шеберлігі

1.Қос қоян жүрген қуып

Жел мықтап үрген қуық

Бірде жөн, бірде лағып

Қашады зыр-зыр қағып (Қ.Мырзалиев)

Зыр-зыр қағып -күрделі еліктеу сөз

2. Арқырап бұлағы

Гүрілдеп тұрады

Сырты-жаз, іші-қыс

Кетпейді қырауы (Қ.Толыбаев)

Гүрілдеп-гүр-дыбыстық еліктеуіш, іл-зат есім тудырушы жұрнақ, де-етістік ,п-көсемше

3. Қырық екі тілі бар

Тық-тық еткен үні бар

Оның жазған сөздерін

Оқыған жан ұғынар

Тық-тық-күрделі еліктеу,дыбыстық

4. Жымыңдатып көздерін

Түнде алыстан жанады

Таң атқанда өздері

Жасырынып тұрады (Н.Бәдіғұлов)

Жымыңдатып-жымың (жылми)-да-етістік тудырушы,т-өзгелік етіс,ып-көсемше

5. Аяқтарым қалтылдап,

Қос тайға міндім жалтылдақ

Шапса жұбын жазбайды

Бір-бірінен озбайды

Қалтылдап-қалт-ыл-жұрнақ, да-етістік тудырушы жұрнақ,п-көсемше

Жалтылдақ-еліктеу сөзден болған сын есім

6.Қақпаны тарс-тарс жабады

Терезені қағады

Уілдейді ысқырып

Қорқытады баланы (Ж.Смақов)

Уілдейді-уіл-дыбыстық еліктеуіш, де-етістік тудырушы,й-көсемше, ді-ж.ж.3-жағы

Ысқырып-ыс-қыр-етістік-ып-көсемше

Қорытынды: Дыбыстық еліктеуіш пен бейнелеуіштің жұмбақтарды да көркемдеп жеткізуге рөлі зор екенін ұғындық.

Еліктеу сөздердің мақал-мәтелдерде қолданылуы

Саяз су сарқырап ағады

Сарқырап-сарқ-еліктеу сөз,ыра-етістік тудырушы жұрнақ, п-көсемше

Айдағаның бес ешкі,ысқырығы жер жарады

Ысқырығы -заттық ұғымдағы еліктеу

Сабақты қорытындылау үшін берілетін тапсырмалар

1. Мағынаны тану

Еліктеу сөздің күнделікті өмірдегі қолданысы

а) «Жаңбырлы күн»

ә) Дене тәрбиесі сабағында жасалатын қимылдарды еліктеуіш сөз бейнелеуіш сөздермен беру арқылы әңгіме құрау

б) Еңбек сабағындағы қимыл қозғалыстар

в) 305 -жаттығу сурет бойынша мәтін құрастыр.

Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс

1.Сөйлемдерден еліктеу сөздерді тап.

Көксеректің артқы аяғы шыж ете түсті.

Ботагөз ағыл-тегіл жылады

2. Еліктеу сөзді мағыналық түріне ажырат

Саңқ етті, қалт етті, бүгжең қақты, гүр-гүр етеді, дүңк етті, сарт-сұрт етеді, жылт-жылт етті,ербең-ербең етеді.

1.Дыбыстық еліктеуіш:

2. Бейнелеуіш:

3. Мына еліктеу сөздерден сөйлем құра

Саңқ етті, жылт-жылт етті

4. Негізгі және туынды еліктеу сөздерді ажыражат

Тарс,шиқ,жылтың,томпаң,гүрс,домалаң,жылтың,дік,шіңк,борт.

5.Еліктеу сөздің қызметін анықта

Ырғызбайдың жиырма ауылы тағы да дүрк көшті.

Жапыр-жұпыр көрісіп жатқан сияқты. Абайдың екі беті ду етті. Еліктеу сөздерді құрамына қарай топтап жаз.

Тық-тық, кілт-кілт,қаздаң-қаздаң,шақ,елпең-елпең,сыбдыр, тырс,күрс, жымпың, борт,ырс,қыңқ,шаңқ,арс-ұрс,сарт-сұрт,гүрс-гүрс,баж-бұж, зырқ-зырқ,опыр-топыр,шап-шұп,адыраң-едірең.

6. Еліктеу сөздерді қатыстырып «Топсеруен» тақырыбында шағын әңгіме жаз.

Тірек сөздер: желп-желп ету, жалп ету, зыр қақты, домалаң етті, абыр-сабыр, мәре-сәре, шатыр ету.

Білемін

Үйрендім

Үйренгім келеді

« Шығармашылық жұмыс -ұдайы оқумен,үйренумен қоса жүргізілетін ауыр еңбек» деп, жазушы Ғабиден Мұстафин айтқандай шығармашылыққа бет бұру іздену кепілі .

Семантикалық карта

Еліктеу сөздің түрлері

Дыбыстық еліктеуіш

Бейнелеуіш

Негізгі

Туынды

Күрделі

қарқ

+

+

Сарт-сұрт

+

+

кеңк


Гүр-гүр


домалаң


қиқаң


Өзіндік бағалау

1.Бүгінгі сабақ сен үшін қызықты болды ма?

2. Қандай ұсыныс айтар едің?

Мұғалімнің бағалауы

1. Сабақ мақсаты жүзеге асырылды.

Мұны оқушылардың түрлі жұмыстарынан көруге болады.

2. Сабақта алған білімдері оқушы үшін құнды.

1. бұрынғы білімдерін кеңейте алады.

2. теориялық мағлұматтарды қолдана алады.

Үйге тапсырма : Еліктеу сөздер бойынша қайталау









© 2010-2022