Құрманғазы Сағырбаев-атақты күйші, сазгер, композитор сабақ жоспары (7-сынып)

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:

«Құрманғазы Сағырбайұлы - атақты күйші, сазгер, домбырашы». Сабақтың білімділік мақсаты: Қазақ халқының атақты күйшісі, сазгері, әрі домбырашысы Құрманғазы Cағырбайұлы туралы мәлімет беру, таныстыру. Әділдігі мен

озық ойлылығын көрсету. Оқушыларды шығармашылық, зерттеу, өз бетінше жұмыс жасауға үйрету, сұрақ қойып, монолог түрінде әңгімелеуге жаттықтыру.

Тәрбиелік: Күйшінің өнегелі өмірін үлгі етіп, оқушылардың ұлттық рухани, адамгершілік қасиеттерін,қазақ халқының ұлттық музыкасына деген сүйіспеншілік, қызығушылық сезімдерін ояту, өз елінің патриоты болып, Отанды сүюге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымы мен ой-өрістерін кеңейту, ауызекі сөздік қорын дамыту, қабылдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Сөйлем талдауға

дағдыландыру.

Көрнекі құралдар: Слайдтар, кітаптар, схемалар, карточкалар.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Әдістері: Сұрақ- жауап, монолог, топ жұмысы.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі: «Балбырауын» күйі орындалады.

Домбыра мұнша шешен болдың неге?

Күй толған көкірегің шежіре ме?

Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесің,

Саусағым тиіп кетсе ішегіңе.

(Қ. Аманжолов)

Бұл қандай шығарма?

Миға Бұл күй.

шабуыл Дұрыс, кім айтады күй деген не?

әдісі: 1. Күй - мазмұны терең, ойлы, сырлы, әуендік бітімі күрделі, музыкалық

формасы кемел, аспаптық пьеса.

2. Қандай мағынаны білдіреді?

«Күй» сөзі түркі халықтарының біразында этномузыкалық термин ретінде пайдаланылады.

Мағынасы «хал, жағдай, көңіл ауаны» сияқты психо-эмоциялық ұғымды білдіреді.

3. Күйлер қандай аспаптарда орындалады?

Күйлер негізінен, үш аспапта - домбыра, қобыз, сыбызғыда орындалған.

4. Күй орындайтын адамдар кімдер?

Күйшілер.

Топқа бөлу. Оқушыларға әр түрлі домбыраның суреттері бар пазылдар үлестіріледі. І пазылда «Күй құдірет - күй ғұмыр », ІІ пазылда «Күй -ұлтымыздың рухани бейнесі».

Домбыраның және қобыздың суретіне жазылған.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен тақырыптар бойынша күйшілер туралы мазмұндап беру.

1. Қандай атақты күйші- сазгерлерді білесіңдер?

Слайд 1: Дәулеткерей Шығайұлы, Сүгір Әлиұлы, Дина Нұрпейісова,

Мұхит Мерәліұлы, Нұрғиса Тлендиев, Құрманғазы Сағырбайұлы.

Өте жақсы, бүгін біз күйші- сазгерлермен танысуды жалғастырамыз. Бүгінгі сабақ тақырыбы: «Құрманғазы Сағырбайұлы - атақты күйші, сазгер, домбырашы».

Сабақта септік жалғауларын қайталап, қазақ халқының атақты күйші -сазгер туралы мәлімет аламыз.

  1. Мәтінмен жұмыс. Мұғалімнің сөзі.

Сөздік жұмысы

Нәресте -младенец

Жариялау - объявить

Көтеріліс - восстание

Тарапынан - со стороны

қуғын-сүргін - гонения, преследования

шат - весёлый, радостный

рухани - духовный

зират - могила, кладбище

Сөз тіркестерін құрастырайық: жас нәресте, бұйрықты жариялау, ұлы көтеріліс, үкімет тарапынан, қуғынға түсті, шатты күн, рухани байлық, ата - баба зираты.

Аударма жай сөз тіркестерін ауызша орыс тіліне аудару.

«Ұстап қалма» ойыны доп арқылы сұрақ - жауап.

Синоним қатарын тап: нәресте, сәби; жариялау,құлақтандыру, мәлімдеу, хабарлау; көтеріліс, қозғалыс; тарапынан, жағынан; қуғын, ізіне түсу, сүргін; көңілді, жайдары; зират, қорым.

Оқу

Құрманғазы Сағырбайұлы туралы бейнеролик.

ҚҰРМАНҒАЗЫ САҒЫРБАЙҰЛЫ (1818 - 1889) - қазақтың күйші, сазгері, домбырашы, халықтың аспаптық күй өнерінің классигі. Қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданындағы Жиделі ауылында дүниеге келген. Әкесі Сағырбай нәрестені қолына алып: «Бүгін Құрбан айт екен, сенің атың Құрманғазы болсын» деп жариялаған. Ол тез ер жетеді. Әкесі оны алты жастан жұмысқа береді. Сол кезден домбырасын қолынан тастамай, естіген әнін, күйін тартады. Ауыл қарттарын жағалап, оларға күй тарттыратын. Күйлердің мазмұны туралы түрлі әңгімелер тыңдайтын. Күйшінің «Аман бол, шешем, аман бол», «Кішкентай», «Ақбай», «Төремұрат», «Байжұма», «Назым», «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан», «Қайран шешем», «Перовский марш», «Қызыл қайың», «Көбік шашқан» т.б. күйлері нақты болған оқиғаларға байланысты шығарылған, әрқайсысының тарихи негізі бар туындылар.

Мысалы, «Кішкентай», «Көбік шашқан» атты күйлері Исатай-Махамбет көтерілісіне арналса, «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан», «Қайран шешем», «Перовский марш», «Қызыл қайың» т.б. күйлер сазгердің өз өміріне қатысты туған, патша үкіметі, билік иелері тарапынан көрген қуғын-сүргінге байланысты шыққан.

Сазгердің аса құнды күйлерінің бірі «Сарыарқа» мұнда еркіндік іздеген халықтың арманы, туған жер, кең байтақ дала суреттеледі. Оның шығармаларында би күйлері бар. Бұл «Балбырауын», «Қызыл қайың», олар шат көңілді елестетеді.

Артына қалдырған мол мұрасы ұрпаққа рухани тәрбие береді. Халық рухын көтереді. Алматыдағы ұлттық консерваторияға, біздің қаламызда филармонияға, саз мектебіне, колледжге, көшеге Құрманғазы есімі берілген. Сондай-ақ Ахмет Жұбанов 1934 жылы ұйымдастырған қазақтың тұңғыш академиялық ұлт аспаптар оркестрі, Атырау облысындағы бір аудан Құрманғазы атымен аталады. Құрманғазының зираты Ресейдің Астрахань облысында жатыр.

Карточка №1 І топ

Мәтіндегі Құрманғазы есімі нені білдіреді, әкесі оны неліктен Құрманғазы деп атаған?

Жауабы : Әкесі Сағырбай нәрестені қолына алып: «Бүгін Құрбан айт екен, сенің атың Құрманғазы болсын» деп жариялаған. Сол себептен оны Құрманғазы деп атаған.

Құрманғазы сөзіне морфологиялық талдау жасайық:

Құрманғазы - Зат есім кім?, жалқы, негізгі, күрделі (біріккен), деректі.

Құрман / ғазы

Карточка №2 ІІ топ

Күйші дегеніміз кім?

Жауабы: Күй орындайтын адам.

Күйші сөзіне морфологиялық талдау.

Күйші - Зат есім, кім? жалпы, туынды, деректі ,дара

Карточка І , ІІ топ

Септік жалғауларын еске түсіріп, септейік: домбырашы, мұра

А.с. Кім? Не?

І.с. Кімнің? Ненің?

Б.с. Кімге? Неге? Қайда?

Т.с. Кімді? Нені?

Ж.с. Кімде? Неде? Қайда?

Ш. с. Кімнен? Неден? Қайдан?

К. с. Кіммен? Немен?

Кітаппен жұиыс

Сөйлемдерді жазып, синтаксистік талдау жасайық:

Құрманғазы Сағырбайұлы Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданындағы

Жиделі ауылында дүниеге келген.Құрманғазы тұрған жерлерде қонақ үйлер де, ас үйлер де тігілген екен.Ол Ресейде Астрахан облысының Алтынжар ауылында жерленген.

Қолдану: І топ: Мәтінде «Сарыарқа» күйінде не суреттеледі деп жазылған?

Кластер құру күй туралы немесе Құрманғазы сағырбаев туралы.

Бұл күйде еркіндік іздеген халықтың арманы, туған жер, кең байтақ дала суреттеледі.

ІІ топ: Мәтіннен бұл тамаша күйіңізді неліктен "Кішкентай" деп атадыңыз?

«Сарыарқа» күйін тыңдай отырып, сурет салу.

Несін жасырайын, бұл күйді мен Исатай мен Махамбетке арнаған едім. Ал Исатай мен Махамбет кім, мен кім. Олар халқының қамын ойлаған биік шың, асқар тау, ал мен кішкентай ғана төбешік емеспін бе. Сондықтан да мен сияқты кішкентай ғана адамның Исатай, Махамбет сияқты алыптарға арнаған күйі болған соң оның атын "Кішкентай" қойдым, - деп жауап беріпті.

Құрманғазы Сағырбаевтың «Адай» күйін тыңдай отырып,

Поэзия минуты: Бір шумақ өлең шығару.

«Алты қалпақ» әдісімен қорытындылау.

Сабақты қорыта келгенде БҮҮ кестесін толтыру, жинап алу.

Қорытынды:

Білемін

Үйренгенім

Үйренгім келеді


Үй жұмысы:

«Күй» сөзіне фонетикалық талдау жасау.

Эссе «Күй - қазақ халқының кешегісі мен бүгінгісі, болашағы »

бет. жаттығу.

Бағалау.












Н.Г. Иванов атындағы орта мектебі










Ашық сабақ

Тақырыбы: «Құрманғазы Сағырбайұлы - атақты күйші, сазгер, домбырашы»







7 сынып



Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

Мырзағалиева Фарида Шамбылқызы


Торғай-2016 жыл

© 2010-2022