Мұқағали - мәңгілік жыр

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қаракөл орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы











ТМұқағали - мәңгілік жырақырыбы:













Өткізген: Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі М.С.Рахимова





2015 - 2016 оқу жылы

Бекітемін:

Күні:

Сыныбы: 5-9

Тақырыбы: «Мұқағали - мәңгілік жыр»

Мақсаты: а) Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен өлеңдерін таныстыру; ә)әр өлеңін мәнерлеп жатқа айтуға көңіл бөлу; б)еліне,жеріне,Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілігі: М.Мақатаев портреті, ақынға арналған ұлағатты сөздер,слайд.

Түрі: сайыс,поэзия сағаты

Барысы. Музыка ойнап тұрады,жүргізушілер ортаға шығады.

1 - жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар,оқушылар! Бүгін күміс қанатты жырлардың иесі, халықтың сүйікті ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 83 жыл толуына орай «Мұқағали - мәңгілік жыр» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Сайысымызды бастамас бұрын Мұқағали туралы сыр шертісейік.

2 - жүргізуші: Мұқағали жүздеген жылдарда бір рет туып, адамзаттың рухани байлығына мәңгі жасар рухани перзентіне айналатын бірегей дарындардың бірі.

1 - жүргізуші: Мұқағали поэзиясы - адамзаттық пен адамгершіліктің симфониясы. Әр шумақ әр өлеңінен шындық пен ақиқат жеңісі үшін тауға да,тасқа да жыр салған. Ақын жүрегінің жанталас үні есітіледі деп - ақын Фариза Оңғарсынова айтқандай Мұқағали Мақатаевтың жырлары тіршілік тамырындай өміршең,мәңгі жырлар.

2 - жүргізуші: М.Мақатаевтың «Арыз жазып кетейін» атты өлеңін назарларыңызға ұсынамыз.

1 - жүргізуші: Пір тұтқан Абай менен Махамбетті,

Дәл сендей болса болар адам текті.

Егізі поэзияның қайран Мұқа,

Даңқыңды дабылдатты заман лепті

Халқыңның қазынасы - жыр дастаның

Күні боп көңіліңнің нұр шашты анық,

Түбіне жүрегіңнің бойлатқандай.

Түңіле Фаризамен сырласқаның.

Жазбадың арзан ойлы жасық өлең,

Қашанда жасық жырдың бәсі төмен.

Жауладың жүректерін жас өркеннің,

«Аққулар ұйықтағанда», «Бәсіремен».

2 - жүргізуші: «Жырлайды жүрек» және «Өмір дастан»,

Танытты ақынды өзі,сөзі де асқан.

Шектіріп ұлтқа жапа замана тым,

Қоғамның жан қинады жаманаты.

Үзілдің үміт жібін жырмен жалғап,

Жеткізді арман әнді «Аманатың».

Соғады жырмен ұлттың қан тамыры,

Ел аман, Тәуелсізбіз,таңдар нұрлы.

Жасай бер,мәңгі бірге халқыңменен,

Қара өлең үшін дара - Хантәңірі! - деп ақын - жазушыларымыз жырлағандай дара дарын,айтулы ақын,халқының қара өлеңін құдіретке айналдырған Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Мұқағали - мәңгілік жыр» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

1 - жүргізуші: Алдымен сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз. Бұл сайысқа 7,8,9 сынып оқушылары қатысып отыр.

І топ:

ІІ топ:

ІІІ топ:

2 - жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық.

1. Тәрбие ісінің меңгерушісі Айман Құсанқызы

2. Гуманитарлық пәндер бірлестігінің жетекшісі Гүлнар Сайқомқызы

3. Оқу ісінің меңгерушісі Самал Орынбасарқызы

Топ басшыларынан өз реттік нөмірлерін анықтап алу үшін, қазылар алқасы алдынан реттік сан таңдап алу сұралады.

1 - жүргізуші: Сайысымыздың бөлімдерімен таныс болыңыздар!

І.Таныстыру

ІІ. «Зеректілердің зейініне бір сауал». (сұрақ-жауап)

ІІІ. «Поэзия минуты» (ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу)

ІV. «Құлақтан кіріп бойды алар» (ақынның әндерін орындау)

V. Ақынға арнау (оқушы шығармашылығы)

2 - жүргізуші: Адам,ғалам ғажайып жеке дана,

Жан құмарын іздеген мәңгі сана.

Өзіңді-өзің танысаң істің басы,

Түзеген өз ғаламын болған дана.

1 - жүргізуші: Жөн сұрасып отырады жүрген жерде,

Бабамыздың салты ғой ол бұл күнде

Шын жүйріктер ортаға шығып енді

Өздерін таныстырсын осы жерде.

(Әр топ өздерін таныстырып өтеді).

Мәнерлеп оқу.

2 - жүргізуші: Келесі бөліміміз «Зеректілердің зейініне бір сауал».Бұл бөлімде әр топ әділқазылар алқасының алдынан конверт таңдап, қойылған сұраққа топпен ақылдасып жауап беру қажет.

1.Мұқағалидың қысқаша ата-тегі қалай тарайды?

Албан - Сары - Сүйерқұл - Алжан - Сырымбет - Қангелді - Қойбас пен Түке.

Түкеден Райымбек туады. Ал Қойбастан Менжі - Дәлі - Қамысбай - Мақатай - Сүлеймен - Мұқағали.

2. Мұқағалидың азан шақырып қойған толық аты қалай?

Мұхаметқали.

3. Мұқағалидың жары,қыздарының,ұлдарының аттары кім?

Жары - Лашын, қыздары - Ләззат,Майгүл, Алма,Шолпан, ұлдары - Жұлдыз, Айбар.

1 - жүргізуші: Саф алтындай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері өзі айтқандай талай болашақтарға көшеді. Ендеше сол бір мәңгілік көштің сырлы әуеніне,жадымызда жаңғырған жыр жолдарына құлақ салайық.

(Әр топ мүшелері Мұқағали өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқиды).

2 - жүргізуші: Ән сал,жаным!

Әніңмен тербет мені.

Бір сәтке тынсын,тірлік жер - көктегі.

Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінде әнге айналып,көкте қалықтайды. Мұқағалидың сөзіне жазылған әндері бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Ендігі кезек әсем әнде.

(Әр топ ақынның сөзіне жазылған әндерін орындап шығады).

1 - жүргізуші: Иә,Мұқағали - ғажайып,сыршыл,гуманист ақын. Ол - бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан,бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух,сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды. Тәңіртаудың Хантәңірісіндей болған Мұқағали аға! Ендігі айталар жыр жолдары мен сырлы сөздер сізге арналады.

(Бөлімнің шарты: әр топ ақынға арналған өлең немесе шығармасын оқиды. Топпен бірігіп шығару қажет).

2 - жүргізуші: Сайысымыздың бөлімдері аяқталды. Ендігі сөз кезегін қазылар алқасына береміз.

(Қазылар сөз сөйледі, оқушылар марапатталады).

Осымен Мұқағали Мақатаевтың 83 жылдығына арналған «Мұқағали - мәңгілік жыр» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Қош,сау болыңыздар!

© 2010-2022