«Өзін–өзі тану-рухани адамгершілік құндылықтардың негізі» тақырыбының жоспары

Жарастықпен жайнатып өмір көркін, Гүл бақшада сайрандап өскен еркін. Шат көңілді, бақытты ел ұланымыз Келешекте ұлы істі меңгеретін. «Өзін – өзі тану- рухани адамгершілік құндылықтардың негізі» Тақырыбында «Бақытты болған қандай жақсы»  апталығымыз басталуда Адамгершілік – рухтық тәрбие беру жобасының авторы – біздің еліміздің Бірінші ханымы , « Бөбек» қорының Президенті -  Сара Алпысқызы Назарбаеваның құрметіне арналған салтанатты ашылу рәсіміне хош келдіңіздер. 1.     Құрметті қонақтар, ортағ...
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жүргізуші:

Армысыздар құрметті кішкентай бүлдіршіндер, қадірменді ұстаздар, қонақтар!

Жарастықпен жайнатып өмір көркін,

Гүл бақшада сайрандап өскен еркін.

Шат көңілді, бақытты ел ұланымыз

Келешекте ұлы істі меңгеретін.

«Өзін - өзі тану- рухани адамгершілік құндылықтардың негізі»

Тақырыбында «Бақытты болған қандай жақсы» апталығымыз басталуда

Адамгершілік - рухтық тәрбие беру жобасының авторы - біздің еліміздің Бірінші ханымы , « Бөбек» қорының Президенті - Сара Алпысқызы Назарбаеваның құрметіне арналған салтанатты ашылу рәсіміне хош келдіңіздер.

  1. Құрметті қонақтар, ортаға «Балапан» тобының бүлдіршіндерін шақырамыз! Қарсы алыңыздар.

Кіру рәсімі:

Қазақ қоғамында отбасы - өмірдің тұтқасы, Отбасы - сыйластық , жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. « Отан - отбасынан басталады» дегендей

«Балапан» тобының бүлдіршіндерін орындауында «Әже» әнің, қабылалыңыздар!

Ана бақыты мен ана махаббаты - оның болмысы мен өмірінің мәні, қос қанаты. Ана бақыты тек қана оның аналық махаббаты ғана емес, алдымен отбасы мен балалары болып табылады. Балалары ержетіп, өз отбасыларын құрып есейіп кетсе де, ана махаббаты мен қамқорлығын қажетсінеді.

  1. Орталарыңызға «Балдәурен» тобының бүлдіршіндерді хошеметпен қарсы алайық ! Кіру рәсімі:

Аналардың ақ сүтінен нәр алған,
Аналардың үмітінен жаралған.
Сәби едік, енді қазір ер жеттік,
Жүректерде биік мақсат, бар арман.

Сен туған жер бақша менен бау ма екен,
Ана, өзіңдей бақытты жан бар ма екен?
Ержетсем де еркелегім келіп тұр,
Балалық кез қай жерлерде қалды екен.

«Балдәурен» тобының бүлдіршіндердің орындауында «Мамам гүлдің бағбаны» әнің қабылалыңыздар.

Жіргізуші: «Сүйспеншілік жүректен»- деп Шәкәрім Құдайбердіұлы айтқандай, сүйспеншілік - екі адамның жаны мен рухына ортақ. Жақсы көру деген бір ұлы қасиет.

  1. Ортамызға «Балдырған» тобының бүлдіршіндерді хошеметпен қарсы алайық ! Кіру рәсімі:

«Махаббат - мөлдір әлем,

Теңесер кәне күш.

Махаббат - асыл арман мен,

Өртену, жану, сағыныш.

Махаббат - мұнға жат мекен,

Құдірет оны оның аты да,

Махаббат - ғажап ақбөкен,

Айырылып қалсан қапыда.»

«Балдырған» тобының бүлдіршіндердің орындауында «Жақсы көру» әнің қабылалыңыздар!

  1. Келесі «Айгөлек» тобының бүлдіршіндерді хошеметпен қарсы алайық!Кіру рәсімі:

Алтын күн - жылулықтың белгісі

Өз нұрын шашып бар әлемге

Махаббат пен татулық сыйла бізге

Жарқыра, әрқашанда, жарқыра!

«Айгөлек» тобының бүлдіршіндердің орындауында «Аленький цветочек» әні.

«Өзін-өзі тану» - рухани өркендеудің түп тамыры және адамгершілік құндылықтардың негізі; баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.

Ал келесі құттықтау сөзді «Күншуақ» балабақшасының меңгерушісі Ескенова Күлбан Қайыржанқызына беріледі.

Ал енді қазір балалар барлығымыз шаттық шеңберге тұрып «Дос болайық бәріміз» әнің орындап жіберейік

Бақыт деген - сенің бала күндерің

Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің,

Бақытын да, басқасын да білмеуің

Бақытсыз-ақ ойнағаның-күлгенің.- деп Мұқағали ағамыз айтқандай менің балалығым ең бақытты шақтарым екен.

Осымен бүгінгі «Бақытты болған қандай жақсы» атты салтанатымыздың ашылу рәсімі аяқталды.

Хош сау болыңыздар!



© 2010-2022