Другие методичные материалы Ардагер менің атам, әрқашан құрмет тұтамын

Раздел Другое
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Ардагер менің атам, әрқашан құрмет тұтамын.

Мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға Ұлы Отан соғысының шығу себептерін түсіндіре отырып,шайқастағы Қазақстандықтардың ерліктері мен тыл еңбеккерлерінің қосқан үлестері туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Оқушылардың тарихи оқиғалары есте сақтау,зерттеу,іздену шығармашылық жұмыс істеу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:Ұлы Жеңістің тарихи маңызын танып білуге «Ешкім де ,еш нәрсе де ұмытылмайды»деген сөздің құндылығын ұғындыра отырып,отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Кіріспе сөз.

№1 слайд.

Кеше ,бүгін ,ертең.Уақыт жалғастығында шек жоқ.Өткенсіз бүгін ,бүгінсіз ертең жоқ дегендей бүгінгі тәрбие сағатымыз Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналады.Ұлы Отан соғысындағы Отанымызды ерлікпен қорғаған мыңдаған батырларды,жерлестерімізді ,өзіміздің аталарымызды мақтанышпен еске алып,олардың еңбегін мәңгі үлгі тұтып, жасаған Ұлы істерін ешқашан ұмытпауға тиістіміз.

1941 Кеңес Одағының барлық жерінде мектеп бітіру кеші өтіп жатқанда,

22-маусым түні таңғы сағат 4-те бейбіт жатқан жерімізге фашистік Германия тұтқиылдан соғыс ашты.Кеңес одағының Ұлы Отан соғысы басталды.

№2 слайд.Видео (соғыстың басталуы)

№3 слайд.Топқа бөлу. (Әр түрлі түстерден үзінді құрастырып,батыр есімін табу)

№4 слайд. Топтық жұмыс.

1-топ.Ұлы Отан соғысының басталуы.

2-топ.Қазақстандық батырлар.

3-топ.Ардагер менің атамның,есімін үлгі тұтамын!

№5 слайд.28 панфиловшылар.Ән.28 батыр.

№6 слайд.Қазақстандық батырлар (мәлімет айту)

Б.Момышұлы-Мағжан

М.Ғабдуллин-Димаш

Н.Әбдіров-Дамир

С.Баймағанбетов-Санжар

М.Мәметова-Айгерім

Ә.Молдағұлова-Ақбота

Ән «Әлия» орындайтын-Дулыға

Т.Бегелдинов-Ақжол

Р.Қошқарбаев-Баубек

№7 слайд.

«Ардагер менің атамның ,есімін үлгі тұтамын»

(Ардагерлермен бірге түскен сурет)

Әр оқушы өзінің ардагер аталары туралы сыр шертеді.

№8 слайд.Есімі мәңгі есімде...

Постер қорғау

1-тапсырма.Атауы бойынша мәлімет айту.

2-тапсырма.Әр топ сурет салады.

1 -топ.Сұм соғыс

2-топ.Ұлы Жеңіс

3-топ.Ерлікке тағзым тақырыптары бойынша

№8 слайд.Ұлы Жеңіске 70 жыл (мерекелік шеру)

Ән. «Жойылсын соғыс» орындайтын Айдын.


© 2010-2022