Баяндама: Өзін - өзі тану: Шығармашылық пен Махаббат педагогикасы

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін:____________

Мектеп басшысы

Г.Қ. Досмағамбетов



Аңғар жалпы негізгі білім беретін мектебінің 2015-2016 оқу жылының

«Өзін - өзі тану: Шығармашылық пен Махаббат педагогикасы»

іс - шара жоспары


Тақырыбы

Күні

Жауапты

1

Онкүндіктің ашылуы

2.02.15

Өзін - өзі тану пән мұғалімі

2

«Өнеге отбасынан», «Мәңгілік адамгершілік құндылық» сынып сағаттары

3.02.15

Сынып жетекшілері

3

«Ана», «Бейбітшілік», «Достық», «Мейірімділік» (сурет және қолөнер көрмесі)

4.02.15

Технология, сурет пән мұғалімдері

4

С.Алпысқызына хат жолдау конкурс

5.02.15

Г.А. Асқар

5

«Тамырын жайып тереңге» ашық сабақ

6.02.15

Г.А.Асқар

6

«Өз талантыңды аш» әндер байқауы

8.02.15

А.Б. Ахметқали

7

«Қамқорлық - қайырымды іс» жәрменкесі

9.02.15

Әлеуметтік педагог

8

«Әрқашан күн сөнбесін» отбасылық байқау

10.02.15

Жанұя клубы

9

«Толағай» мұғалімдер мен оқушылар сайыс

11.02.15

Е.С.Тубекбаев

10

Жабылуы. Қорытынды

12.02.15

Г.А.Асқар






Мектеп басшысы: Г.Қ. Досмағамбетов













Аңғар жалпы негізгі білім беретін мектебінің 2015-2016 оқу жылының

«Өзін - өзі тану: Шығармашылық пен Махаббат педагогикасы»

іс - шара жүргізген туралы мәлімет

Өзіңді өзің тану - рухани өркендеудің

түп тамыры және адамгершілік

құндылықтардың негізі.

Сара Алпысқызы



Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Білім негізі мектепте қаланатын болғандықтан, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр.

Аңғар жалпы негізгі білім беретін мектебінде «Өзін - өзі тану: Шығармашылық пен Махаббат педагогикасы» атты онкүндік, Қазақстандық Ана Сара Алпысқызының туған күніне арналған іс - шаралар аясында бақыттың құндылық ретінде мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беріліп, қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыта отыра, рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында «Өнеге отбасынан», «Мәңгілік адамгершілік құндылық» сынып сағаттары өтті.

«Ана», «Бейбітшілік», «Достық», «Мейірімділік» сурет және қолөнер көрмесі байқауы болды.

Хат жазу конкурсы өтті. Сол конкурстың жеңілпазы Қайсерова Гауһар 6 сынып оқушысының хатын ұсынамыз.

Құрметті Сара Алпысқызы!

Сіз, біздің қазақстандағы көптеген балаларға көмек көрсетіп отырасыз, соған орай мен өзімнің ризашылығымды, алғысымды білдіріп отырмын. Мен Сізді туған күніңізбен құттықтаймын. Сізге зор денсаулық, ашық аспан, қажымас қайрат тілеймін. Немерелеріңіздің және шөберелеріңіздің бақытын көре беріңіз. Өзін - өзі тану пәнін оқығанда мен мақсат, талап, өнер және рухани - адамгершілік құндылықтар туралы мағлұмат алдым. Сізге көптен көп ризашылығымды білдіргім келеді. Осы пән үшін Рахмет!

Өзін - өзі тану

Әр сенбіні күтетін,

Әр сайын білім беретін.

Өзін - өзі тану пәні

Бөлейді мені шаттыққа.

Автор: Қайсерова Гауһар

7 сыныпқа «Тамырын жайып тереңге» атты ашық сабақ болды. Отбасы құндылықтары, ата - баба дәстүрі, ұрпақтар сабақтастығы туралы түсіндіру. Өз туған үйлері мен отбасыларын құрметтеуге, бағалай білуге тәрбиелеу, отбасыларына деген сүйіспеншіліктерін дамыту.

Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылу, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Музыка пәнінің мұғалімі «Өз талантыңды аш» әндер байқауын өткізді, әр сыныптан музыкаға деген қабілеттері бар оқушылар атсалысты.

Мектептің әлеуметтік педагогика мен сынып жетекшілері «Қамқорлық - қайырымды іс» жәрменкесін өткізді. Оқушылар үйлерінен тағамдар пісіріп, қол жетімді бағаға сатты.

Бастауыш сынып мұғалімдері «Әрқашан күн сөнбесін» отбасылық байқау өткізді. Ата - ана мен мектеп тығыз байланыста болуы мақсатында, ата - аналар балаларын алып шықты.

Мұғалімде оқушының екінші анасы ретінде саналатындықтан, «Толағай» сайысында мұғалімдер мен оқушылар жарысты. Үш каманда болды, жарыс алты кезеңнен тұрды.

Мектепте мұғалімдер мен оқушылар он күндік іс -шараға жан жақты атсалысты. Оқушылардың бойында адамгершілік, жауапкершілік, мейірімділік қасиеттері дамытты.

Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруге барымды саламын.

Баяндама: Өзін - өзі тану: Шығармашылық пен Махаббат педагогикасы

Баяндама: Өзін - өзі тану: Шығармашылық пен Махаббат педагогикасы

© 2010-2022