Сабақтың тақырыбы: Еліктеу сөздің түрлері

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, ЖББ Кузнецов негізгі мектебі.

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі:К.А.Хаирмухамбетов

Сабақтың тақырыбы: Еліктеу сөздің түрлері.
Сабақтың мақсаты: Еліктеу сөздің мағыналық түрлерін білу, еліктеуіш пен бейнелеуіштің айырмашылықтарын, ортақ белгілерін түсіну. Өмірде еліктеу сөздерді қолдана алуға үйрету.
Сабақтың қадамдары: Жаңа білімді игеру
Күтілетін нәтиже: Еліктеу сөздің түрлерін білетін болады.
Түрлерін ажырата алады.
Сыни ойлау қабілеттері дамиды.
Алған білімдерін өмірде қолдана алады.
Тапсырмалар: Тәжірбие жасау,сөйлемді талдау,рөлдік ойындар, салыстыру жасау.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Қолданылатын әдістер: «Ақыл қалпағы» әдісі, «РАФТ» стратегиясы Венн диаграмма , сатылай кешенді талдау, «Тақырыптық теннис» ойыны

Көрнекіліктер: Үлестірмелі парақшалар, түсті қарындаштар,стикерлер,шар,барабан, су,стакан, шырпы, құмсағат.
Сабақтың барысы:
1.Психологиялық ахуал
Оқушылар жұптасып тұрады. Бір- біріне қарап мынадай өлең оқиды.
Армысың, көк аспан!
Армысың, алтын күн!
Армысың, Жер-Ана!
Армысың жан досым!
Міне,менің қолым бос,
Жүрегіңе жылу қос.
2.Үй жұмысын тексеру
«Ақыл қалпағы»
Әр оқушы өткен тақырып бойынша екі сұрақтан құрып, таза,қиылған қағаздарға жазады. Қағазды орап қалпақтың ішіне салады. Қалпақтағы сұрақтарды араластырып, әр оқушы бір сұрақты алып жауап береді.
3.Жаңа сабақ (топтық жұмыс) Сабақ тақырыбын анықтау үшін тәжірбие көрсетемін.
Мысалы: Стакандағы суды екінші стаканға құю. Су қалай ақты?
Шарды жару . Шар қалай жарылды? Оқушылар: Шар тарс етіп жарылды.
Жарықты өшіріп жағу.Шам қалай жанды?
Оқушылар: Шам жарқ етіп жанды.
Барабан қайтті. Барабан дүңк етті.Оқушылар сұрақтарға жауап бере отыра сабақтың тақырыбын анықтайды.
Тақырыпқа өзім қысқаша шолу жасаймын.
Мәтінмен жұмыс Мен мәтін оқимын, мәтіндегі кездесетін еліктеуіштерді І топ, Бейнелеуіштерді ІІ топ, мәтін мазмұнын ІІІ топ еске сақтап, жазып отырады. Сол бойынша сөйлеп, түсіндіреді.
Еліктеуіштерге сатылай кешенді талдау жасау. Топтарға сөйлемдер таратылады.
Жартас түбінен аққан Бүркітті күмістей сыңғыр сыңғыр етеді. Күн шатыр шұтыр күркіреді де, жаңбыр селдете құйды. Ай сәулесіне шағылыса жылт жылт етеді.Бұлт сетінеп, жарқ етіп күннің көзі көрінді.
РАФТ Рөл Аудитория Форма Тақырып
ата немере ертегі Еліктеу сөздер
сатушы тұтынушы Диалог
дәрігер науқас кеңес

Сергіту сәті Аспанға қарап ай көрдік,
Төмен қарап жер көрдік.
Оңға бұрылып, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдік.
ІV.Сабақты бекіту
Венн диаграммасы Топпен жұмыс жасайды. Еліктеуіш пен бейнелеуішті салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады.
V.Сабақты қорытындылау
Тақырыптық теннис 2 ойыншы, 1төреші,
1 уақыт есептеуші
Ойыншылар кезекпен тақырыпқа қатысы бар сөздерді айта бастайды, біреуі тоқтағанға дейін жалғаса береді.
Төреші ойыншының қанша сөз айтқандарын санайды, уақыт есептеуші уақыт белгілейді

VІ. Үйге тапсырма Міндетті деңгей: 331-336жаттығуларды орындау
Мүмкіндік деңгей: көркем әдебиеттен еліктеуіштері бар 15сөйлем жазып келу.

VII Бағалау.

ББҮ-стратегиясы арқылы бағалау

Білем

Білгім келеді

Үйрендім






© 2010-2022