Сабақ жоспары Біздің жануарларымыз 2-сынып

Раздел Другое
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

  1. Пән аты:Қазақтілі.

  2. Сыныбы: 2 Д, Е

  3. Күні, айы, жылы:

  4. Тоқсан: ІІ

  5. Мұғалім: Адильбекова Гульмира Адильбекқызы

Сабақтың тақырыбы: Біздің жануарларымыз

Мақсаты: Тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, өзара арасындағы қарым-қатынастар туралы әңгімелеу.

Білімділік- Оқушыларға жаңа сөздерді меңгертіп, оларды ауызекі сөйлеуде дұрыс пайдалана білуге үйрету, өтілген тілдік материалдарды қаншалықты меңгергендігін білу мақсатында түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу.

Дамытушылық -мәтіннен керекті мағлұматты таңдай білу, ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру , тіл дамыту, ойлай, сөйлей білу, сөздік қорын молайту . Тәрбиелік- адамгершілікке, отбасындағы бірлікке, бір-бірін сыйлай білушілікке тәрбиелеу. Мемлекеттік тілге деген қызығушылықты арттыру

Көрнекілік: отбасы мүшелерінің суреті, тірек-сызбалар, карточкалар, тапсырмалар Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту Сабақтың түрі: бірлесіп білім алу Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ-жауап, дәлелдеу, әңгімелеу.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдасыру кезеңі:

ә) оқушылармен амандасу, түгелдеу:

б ) оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

а) жатқа берілген сөздерді жалпылама сұрап, сол сөздермен сөйлем құрату;

ә) жазба жұмыстарын пысықтау.

II. Өткен тақырыптар бойынша білімдерін жүйелеу

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Сөздік.

жақсы көремін - люблю

біздің - наш (-а,-е)

сауды - доил (-а)

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы.

Бұл - біздің үй. Біздің үйде екі жылқы, үш сиыр, он қой бар. Менің күшігім мен мысығым бар. Күшіктің аты - Тарзан. Мысықтың аты - Борсик. Мен үй жануарларын жақсы көремін.

2-тапсырма. Ережені біліп ал.

Если последний звук основы глухой к,қ или п, а прибавляемый к основе суффикс или окончание начинаются с гласного, то глухие согласные переходят в звонкие к -г, қ -ғ

күшік - күшігім

мысық - мысығым

3-тапсырма.Өлеңді мәнерлеп оқы.

Қызық екен ауылда,

Тойдым әбден қауынға.

Жедім құртты, майды да,

Көрдім құлын, тайды да.

4-тапсырма.Сөйлемдерді жаз.

Сабақты қорытындылау.

Оқушы білімін бағалау.

Үйге тапсырма. 5,6-тапсырма. 49 бет.





© 2010-2022