Разработка урока по самопознанию на тему: Арман - жарқын болашақ бейнесі 11 сынып

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп : Октябрь орта мектебі

Мерзiмі :

№ 14

Тақырып: Арман -жарқын болашақ бейнесі

Құндылық : Сүйіспеншілік

Қасиеттер: әсемдікті сезініп білу, ізгілік

Мұғалiм: Балтабаева Замзагуль Кадырхановна

Класс : 11

Оқушылар саны: 10

Сабақтың мақсаты: Арманның мәні, жету жолы туралыв өзіндік пікірін қалыптастыра отырып, сүйіспеншілік құндылықтарына тоқталу.

Міндеттері:

- Жеке бастың ісін қоғамдық ортақ тілекпен ұштастыра білуге үйрету, өмірге өзінен деген әсемдік сезімін арттыру.

-Арман туралы, оның әлеуметтік, қоғам сипаты, арманға жету жолдары және ізгілік қасиеттерін дамыту .

- Оқушылардың талдау, сараптау дағдыларын дамыта отырып,

әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сабақтағы жағымды күйге келу, тыныштық сәті «Нұрға бөлену»

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

№13 сабақтағы М. Шахановтың «Арман» мәтінін оқып келу тапсырылған.

-Екі жастың бойында қандай ортақ қасиеттер бар?

-Ой алшақтығы нені меңзейді?

-Арманның адам болашағына әсері қандай?

- Ал балалар, сендердің армандарын қандай?

Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.

«Арман деген көп белес -біріне шықсаң, бірі бар»

Ғ. Мұстафин

(Дәптерлеріне жаздырып, оқушыларға дауыстап оқытып, өз ойларын ортаға салу)


  1. Әңгiмелеу

Мұғалім сыйы

Әңгіме «Арман тау»

Ереде бір үйдің екі ұлы болыпты. Бірінің аты Айдан, екіншісінің аты Нұрдан екен. Екеуінің ақылды, сабырлы, көркем мінезді балалар екенін бүкіл ауыл біледі екен. Олар үнемі ақсақалдардан, өздерінің әке, шешелерінен көп адам бара алмайтын бір тау бар екенін, оның ең биігінде жалғыз гүл өсетінін естиді. Осы гүлді кімде-кім шешелеріне сыйласа, сол баланың анасы дүниедегі ең бақытты адам болып, барша тілектері орындалады екен. Адамдар бұл туралы қаншама естіп жүрсе де, алыс тауды іздеп шығуға тәуекелдері бармайды.

Ал, аналарының барлық ізгі тілектері орындалып, бақытты болғанын қалаған айдан мен Нұрдан тауды іздеуге шығады. Бұлардың алыс тауға қасиетті гүлді іздеп кеткенін ауыл түгел естиді.

Кейбіреулері аман аман-есен келетініне сенбесе, біреулері үлкен үмітпен күтіп жүреді. Екі бала алыс-алыс жол жүреді, қатты шөлдейді, қарындары ашады, шаршайды. Бірақ соған қарамай таудың биігін шығып, Гүлді де табады. Кез келген жерде өспейтін таңғажайып гүлді ауылдарына әкеліп, аналарына сыйлайды. Ауыл түгел жиналып, таңғажайып гүлді көздерімен көріп қуанады. Ақсақалдар «енді ауылымыз көркейеді» деп балаларға алғыс айтады. «Алыс тауға» баратын жол салынды деп жар салады.

Айдан мен Нұрданның тек қана жақсылықпен ізгілік ойлайтын анасының бұрын армандаған барлық тілектері орындала береді. Жаңбыр жаумай қиналған ауылға қайта-қайта жаңбыр жауады, жер көгереді, егін өседі. Ауыл балаларының ішіндегі ақылдылары «алыстағы тауға асығып, таңғажайып гүлді» әкеліп аналарының, елдің ықыласына бөленіп жатады. Ал, біреулері шаршап, шалдығып, жарты жолдан қайтып келеді. Сөйтіп бұл ауыл керемет шаһарға айналады. «Алыстағы тау мен гүл» Нұрданның есімдерін халық қадір тұтып өз балаларына үлгі қылады.

Сұрақтар:

  1. Балалардың арманы қандай еді?

  2. Балалар өз армандарына бойындағы қандай қасиеттің арқысында жеті?

  3. Ал сендер балалар, өз армандарына жету үшін қандай құндылықтар қажет деп ойлайсындар?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

«Менің арманым» тақырыбында шағын шығарма жазу.

(Баяу музыка қосылады)


  1. Топпен ән айту.

«Ақ желкен арман»

Сөзі: Ұ Есдәулетовтікі

Әні: Т. Мұхамеджановтікі

Ақ желкен арман

Бұлдырап алдан

Жағада тұрмын дауыстап

Балалық кезім,

Бейкүнә сезім,

Ақ желкен болып алыстан

Өкініп кейде

Өксиді кеуде, Өмірдің заңы қатал -ақ

Ақ желкен дейін,

Аңсатты-ау кейін,

Алғашқы мөлдір махаббат

Ақ пейіл аспан,

Моншағын шашқан,

Көз жасы бекер тізілмес

Ақ желкен арман,

Шақырар алдан,

Үміттің жібі үзілмес


  1. Үй тапсырмасы.

№14 сабақ. 63 бет Н. Келімбетов «Үмітімді үзгім келмейді» мәтінін оқу.


  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу музыка қосылады

  • Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейік. Бүгінгі сабағымыздан алған әсерімізді жүрегімізге орнатайық. Әрдайым жақсыны көруге, жақсыны естуге, жақсыны айтуға үйренейік. Айналамыздағы адамдарға, жан - жануарларға, құстарға риясыз жақсылық жасайық, ешкімге ешуақытта қиянат жасамайық. Енді тыныштық күйде отыра тұрыңыздар. Көздеріңізді ашуға болады.






© 2010-2022