Адами қарым-қатынас жасау ізгіліктері

Тақырыбы:Сабақ мақсаты: Міндеттері:.Ресурстар: Адами қарым-қатынас жасау ізгіліктеріРиясыз жақсылық жасай отырып, дұрыс әрекет еткенде ғана ішкі тыныштығымыз пайда болатынын оқушыларға ұғындыру.- Оқушыларға жақсылық жасаудың адам өміріндегі мәнін ашу;- Жақсылыққа ұмтылу, адамгершілік пен имандылық, ізгілік пен кісілік, сенім, мейірімділік қасиеттерін дамыту;- Оқушыларды жақсылық жасауға тәрбиелеуқұралдар, мәлiметтер)слайд,өлеңнің аудиодискісі
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән: Өзін-өзі тану Сынып:9сынып Күні:_____

Сабақ саны:№19-20

Өткізген: Нургалиева Ш.К.



Тақырыбы:

Сабақ мақсаты:

Міндеттері:

.

Ресурстар:

Адами қарым-қатынас жасау ізгіліктері

Риясыз жақсылық жасай отырып, дұрыс әрекет еткенде ғана ішкі тыныштығымыз пайда болатынын оқушыларға ұғындыру.

- Оқушыларға жақсылық жасаудың адам өміріндегі мәнін ашу;

- Жақсылыққа ұмтылу, адамгершілік пен имандылық, ізгілік пен кісілік, сенім, мейірімділік қасиеттерін дамыту;

- Оқушыларды жақсылық жасауға тәрбиелеу

құралдар, мәлiметтер)слайд,өлеңнің аудиодискісі


Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәті.










  1. Үй тапсырмасын тексеру (мәтінмен жұмыс).

Үй тапсырмасына №19 тақырыптағы Ж.Бейсенбаевтың мәтінін үйден оқу

Ойын: Тапсырманы эмоциямен көрсетіп, айту керек. Оқушылардан қандай әсер алғандары туралы сұралып, талданады.

Сабақ барысын талдау:

Ұйымдастыру кезеңі. Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

Мәтін бойынша пікір алмасу сұрақтары:

1. Дұрыс сөйлеу, жақсы сөз адамға қалай әсер етеді?

2. Жақсы сөз айту, әдепті сөйлеу жақсылыққа жата ма?

3. Жақсылық жасау адами қарым-қатынасқа ықпалы қандай?

4. Адами қарым-қатынас жасау мәдениетіне нелер жатады?

Оқушыларға карточкалар таратылады.

-Қайырлы таң!

-Сәлеметсіз бе!

-Қайырлы күн!

-Қайырлы кеш!

-Ассалаумағалейкум!


  1. Дәйексөз.


«Жақсы адамның сөзі де, ойы мен ісі де-ізгі».

(Лао-цзы)

  1. Әңгімелеу. Құм мен тас

Сұрақтар:

· Не себепті ренжегенін құмға жазды деп ойлайсың?

· Жақсылық жасағанды тасқа неліктен жазды?

· Бұл оқиғадан қандай ой қорытар едің?

Екі дос шөл далада саяхаттап жүреді. Бір кезде екеуі ұрысып қалады да, біреуі екіншісінің жағынан тартып жібереді. Соңғысы ауырсынса да, ештеңе айтпайды, тек құмға былай деп жазады: «Бүгін менің ең жақсы досым менің жағымнан шапалақпен тартып жіберді».

Олар әрі қарай жүріп келе жатып, көгалға кездеседі, сол жерде шомылып алмақшы болады. Шапалақ жегені суға секіріп кетеді де, батып кете жаздайды. Бірақ досы оны құтқарып қалады». Ол өз-өзіне келген кезде, тасқа былай деп жазады: «Бүгін менің ең жақсы досым менің өмірімді құтқарып қалды». Сол кезде оны жағынан тартып жіберген, құтқарып қалған досы сұрайды:

-Мен сені ренжеткенде сен құмға жаздың, ал енді тасқа жазып жатырсың. Неге?- деп сұрайды.

Досы былай деп жауап береді:

-Бізді біреу ренжеткенде, жел оны өшіріп тастауы үшін біз оны құмға жазуымыз керек. Ал біреу жақсылық жасаса, оны өшірмейтіндей етіп, тасқа қашап жазуымыз керек. Өкпеңді құмға, қуанышыңды тасқа қашап жазып үйрен.


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Фильмнен үзінді көру. Ойларын айту.

Сұрақтар бойынша жұмыс.

Жақсылық жаса және саған ол қайтып келеді!

Сұрақтар:

· Фильмнің соңында адамдарды не біріктірді?

· Бұл түйіннен қандай ой қорытасыңдар?

Шығармашылық

тапсырма орындау

1-ші топқа

........................ өзіңнен,

........................ көзіңнен.

.........................өзіңнен,

........................ сөзіңнен

2-ші топқа

............................. адам,

............................. жасаса.

.............................қадам,

............................орнатса.

3-ші топқа

....................... болмасын,

....................... қолдасын.

........................ қарасақ,

........................ болашақ.

4-ші топқа

...........................қиянат,

........................... ұялат.

........................... жүрейік,

........................... білейік.

Оқушылардың шығармашылық жұмысы

Балалар шығармашылығы

Жауап үлгілері

Жақсылығың өзіңнен,

Көрінеді көзіңнен.

Жақсылығың өзіңнен,

Айтылған ой мен сөзіңнен.

Жақсылықты тек адам,

Дұрыс әрекетпен жасаса.

Жасағаның әр қадам,

Жүрекке әкеп орнатса.

(Өз шығармашылығымнан айтып беру)

Арамызда өкпе, реніш болмасын,

Әрқашанда әділдікті қолдасын.

Адамдарға түсінікпен қарасақ,

Сонда ғана, гүлдейді біздің болашақ.


Жасамайық адамзатқа қиянат,

Осының бәрін санаңызға ұялат.

Ізгіліктің жолында біз жүрейік,

Бірін естен шығармайық, білейік.

Сұрақ бойынша жұмыс


Адамдармен дұрыс қарым-қатынас

орнату үшін адам қандай тұлғалық

сапаларға ие болуы керек?

  1. Топпен ән айту.

Жақсы адамдар

Әні мен сөзі: А. Оралов


Оқушылар барлығы қосылып өлең орындайды.

1.Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар - бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

2.Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар

3.Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

  1. Үй тапсырмасы.

  2. №19-20 сабақтардағы тапсырмаларды орындау


1. №19 сабақ, Жұмыс дәптерінде берілген тапсырманы орындап келу.

2. №20 сабақ, оқулықтың 98 бетіндегі Ұ.Асловтың мәтінін оқып, түсінігін айту.


  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу музыка қосылады.

Баяу әуен қойылады.

- Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады.Баяу әуен қойылады.

Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады.




© 2010-2022