Сабақ жоспары Өздік есімдігінің түрленуі

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән: Қазақ тілі Сынып: 7

Сабақтың тақырыбы: Өздік есімдігінің түрленуі

Сабақтың мақсаты:

білімділік - өздік есімдігі туралы білімдерін еске түсіру, түрлену ерекшелігімен таныстыру.

дамытушылық - оқушының сын тұрғысынан ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін дамыту.

тәрбиелік - түрлі мысалдар келтіре отырып елін, тілін құрметтеуге баулу.

Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау

Сабақтың әдісі: Ривен әдісі, репродуктивті, КСО, СТО, сұрақ жауап.

Сабақтың көрнекілігі: таратпалы қима қағаздар, түрлі-түсті қима қағаздар, суреттер, оқулық.

Пәнаралық байланыс: Биология, әдебиет

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.

Оқушының сабаққа дайындығын тексеру.

Психологиялық сәт (Мимикамен сыйлық беру)

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

Үйге берілген тапсырма ауызша тексеріледі. Жазбаша орындаған жаттығуды оқып береді. Түрлі-түсті қима қағаздарды алып, пысықтау сұрақтарына жауап береді.

Бағалау парақшасын беремін, әр тапсырма сайын бағалап отырады.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жаңа сабақтың тақырыбын анықтау үшін бейнесөз шешеді. Бейнесөздің шешуі: Өздік есімдігі.

Өздік есімдігі туралы білімдерін еске түсіреміз.

Өздік есімдігі

Өзім Өзің Өзі Өзіміз

Өздік есімдігі - тек өз деген түбір есімдігінен тұрады. Өз есімдігі түбір тұлғада басқа сөздермен тіркесіп келіп иемдену мағынасын береді. Енді өздік есімдігінің түрленуімен танысамыз.

Оқушылар сабаққа мақсат қояды. Тақтада ілінген мақсат ағашына алма бейнесіндегі стикерлерге сабақтың мақсатын жазып жабыстырады.

ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Өздік есімдігі жіктеледі. Ал септік жалғауы тікелей жалғанбайды, әуелі тәуелденіп, содан кейін септеледі.

Өздік есімдігінің жіктелу үлгісі



Жекеше

Көпше

І.

Мен өзі-м-мін

Біз өзіміз-біз

ІІ.

Сен өзі-ң-сің

Сендер өздер-іңсің


Сіз өзі-ң-ізсіз

Сіздер өздеріңізсіз

ІІІ.

Ол өзі

Олар өздер-і


Өздік есімдігінің тәуелдену және септелу үлгісі


Септіктер

ІІ

ІІ

ІІІ

Атау септік

өзім

өзің

өзі

Ілік септік

өзім-нің

өзің-нің

өзі-нің

Барыс септік

өзім-е

өзің-е

өзі-не

Табыс септік

өзім-ді

өзің-ді

өзі-н

Жатыс септік

өзім-де

өзім-де

өзі-нде

Шығыс септік

өзім-нен

өзім-нен

өзі-нен

Көмектес септік

өзім-мен

өзім-мен

өзі-мен


Өздік есімдігінің көптелу үлгісі

Өз-дер-ін, өз-дер-ің


Пысықтау жаттығулар. Оқулықпен жұмыс.

101-102 жаттығу.

Таратпалы қима қағаздармен жұмыс.

1-тапсырма

Өздік есімдіктерін түрлендір

Өздік есімдігі

Көптелуі

Септелуі

Жіктелуі

Тәуелденуі






2-тапсырма

Өздік есімдіктерін теріп жазыңдар.

Ана тілің - арың бұл, Өз үйің - өлең төсегің

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл, Өзіңді өзің сыйласаң

Өз тіліңді құрметте. Өзге де сені бағалар.

3-тапсырма

Өздік есімдіктерін қатыстырып, «Менің сүйікті кітабым» тақырыбында шағын әңгіме жазыңдар. Бағалау парағын толтырады.

Сергіту сәт.

Ривен әдісі. Көру диктанты.

Шанаменен алты китті сүйреттім,

Бегемотты ән салуға үйреттім.

Екі китті шоршытып,

Сүйреп шықтым жағаға.

Сүйреп шығып, қорқытып

Жегіп алдым шанаға.

Сабақты бекіту

Тест тапсырмалары арқылы сабақты бекіту

  1. Өздік есімдігін белгіле

А) Кім В) Бұл С) Сол Д) Ол Е) Өз

2. Көптелген өздік есімдігін белгіле

А) Өздерің В) Өзге С) Өзім Д) Өзімдікі Е) Өзінен

3. Өздік есімдігінің неше түрі бар?

А) 2 В) 1 С) 5 Д) 3 Е) 9

4. Өзіммін, өзіңсің есімдіктері қалай түрленіп тұр?

А) Түрленбеген С) Көптелген Е) Жіктелген

В) Септелген Д) Тәуелденген

5. Септелген өздік есімдігін белгіле

А) Өзімді С) Өзімді Е) Өзімен

В) Өзімнің Д) Өзіңнен

Жауаптары беріліп, оқушы тексереді, бағалау парағын толтырады.

Үйге тапсырма беру

Оқулықпен жұмыс. 104-жаттығу (Жазбаша)

Өздік есімдігіне байланысты мақал-мәтел жазып келу.

Бағалау.

Оқушы өзідерін бағалайды, салыстыра отырып мұғалім ортақ баға шығарады.

© 2010-2022