Жабай аң ˗ аюлар өмірі

Мақсаты: Балалардың табиғат туралы білімдерін,  аюдың түрлері жайлы білімдерін кеңейту. Аюлардың тіршілігі, өмір сүру ортасы, тамақтануы жайлы мағлұмат беру. Аюлар жайлы алған білімдерін шығармашылықпен ұштастыра алуға, жануарларға қомқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Әдіс ˗ тәсілдері:сұрақ ˗жауап, түсіндіру, көрсету, аюлар жайлы мәлімет іздену. Көрнекі құралдар: Мазмұнды суреттер, слайд, видео. Қажетті құралдар: Ватман, желім, түрлі түсті қағаздар. Барысы: Мейірімді жүрекпен, Ақ пейілді тілекпен, ...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Астана қаласы

Білім Басқармасы

№38 «Шаттық» балабақшасы







«Жабай аң ˗ аюлар»

№11 «Жұлдыздар» мектепалды даярлық тобының қалалық ашық сабақ ұйымдастырылған оқу іс ˗ әрекеті













Өткізген: Н.Е.Тукешева







Астана 2014 жыл

Мақсаты: Балалардың табиғат туралы білімдерін, аюдың түрлері жайлы білімдерін кеңейту. Аюлардың тіршілігі, өмір сүру ортасы, тамақтануы жайлы мағлұмат беру. Аюлар жайлы алған білімдерін шығармашылықпен ұштастыра алуға, жануарларға қомқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Әдіс ˗ тәсілдері:сұрақ ˗жауап, түсіндіру, көрсету, аюлар жайлы мәлімет іздену.

Көрнекі құралдар: Мазмұнды суреттер, слайд, видео.

Қажетті құралдар: Ватман, желім, түрлі түсті қағаздар.

Барысы:

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық.

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше баламыз,

Қонақтарды көргенде,

«Сәлеметсіздер ме?» ˗ деп,

Сәлемдесіп аламыз.

Барысы:

  1. Дайындық кезеңі: Топ балаларын және ата ˗ аналарды үш топқа бөліп, үй тапсырмасын қорғау.

Әр топқа берілген тапсырмалар:

1 топ: ˗ Аюлар жайлы мәлімет жинақтау.

2 топ:˗ «Қоңыр аю» жайлы мәлімет жинақтау.

3 топ:˗ «Ақ аю» жайлы мәлімет жинақтау.

4 топ: ˗ «Панда» жайлы мәлімет жинақтау.

1 топ: ˗ Аюлар жайлы жинақтаған мәліметтерін ортаға салады.

Ермұхаммет: Аюлар жыртқыштар отрядына жататын аң. Олардың денесі шомбал, басы үлкен, құлағы кішкентай, құйрығы қысқа.

Жанайым: Жүні бір түсті, қоңыр, қара не ақ. Аяғы бес саусақты тырнақтары болады. Иіс сезу қабілеті жақсы жетілген.

Аида: Қазақстанда Тянь ˗ Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Сауыр және Алтай тауларында аюдың екі түрі мекендейді. Аюлар 30 - 40 жылдай тіршілік етеді.

Әдия: Қазір олардың «Ақ аю», «Ақ төсті аю», «Қоңыр аю», «Барибал», «Ерінді аю», «Малай аюы», «Көзілдірікті аю» және «Үлкен панда» деген сегіз түрі кездеседі.

Ата ˗ ана: «Көзілдірікті аю» жайлы айтып өтеді.

2 топ: ˗ «Қоңыр аю» жайлы дайындаған мәліметтерін ортаға салады.

Сабина: Қоңыр аюдың дене тұрқы 2 метрдей, 150 - 200кг ˗ дай. Түсі қоңыр, қара қоңыр болады. Мінез ˗ құлқы жағынан момын, қорқақтау келеді.

Тамирлан: Орман ішінде адам көзіне көрінбейді.Ол адам өмірі үшін қауіпті емес. Қоңыр аю көбінесе жеміс ˗ жидек, құрт ˗құмырысқа, балықтарды ұстап жейді.

Әмір: Қоңыр аюлар 50 жылдай өмір сүреді. Үйретуге тез көнгіш келеді. Күзде қоңыр аю көктемге дейін тыныш ұйықтап шығатын сенімді баспананың қамына кіріседі.

Ата ˗ ана: Аюлардың ұзаққа созылған ұйқысы жайлы айтып кетеді.

Көптеген аюлар қысқы ұйқыға кетеді. Бұлар ұйықтаған соң ұзақ уақытқа дейін оянбайды деген сөз. Олар жаз және күз бойы май жинау үшін тоқтаусыз тамақтанады. Май оларды қыста қоректендіреді. Осы кезде дүниеге қонжықтар келеді.

Сергіту сәті:

3 топ: ˗ «Ақ аюлар» жайлы жинақтаған мәліметтерін ортаға салады.

Медина: Ақ аю Солтүстік мұзды мұхит жағалауында тіршілік етеді. Оның дене тұрқы Оның дене тұрқы 3 метрдей. Салмағы 400 - 700кг ˗ дай.

Жасмина: Ақ аю ең ірі жыртқыш аң. Ақ аю қыста итбалықтармен, ал жазда құстармен қоректенеді. Ол тәтті жидектерді де теріп жейді.

Батырхан: Ақ аю суда өте жақсы жүзеді, сүңгиді. Табаны жүнді болғандықтан мұз үстінде таймайды.

Дінмұхаммед: Ақ аю ең ірі және ең қауіпті аю. Арктиканы мекен етеді.

Ата ˗ ана: Ақ аюдың суықтан қорғайтын қалың тондары бар. Олар өте жақсы жүзеді және су астында екі минутқа дейін бола алады. (видео)

4 топ: ˗ «Панда» жайлы жинақтаған мәліметтерін ортаға салады.

Жақсылық: Панда немесе бамбукты аю. Бұл өте сирек кездесеті аң. Оның тоны қара ала түсті, ал көзінің айналасы қара болады.

Әлімжан: Оның бейнесі бүкіләлемдік жабайы табиғатты қорғау қорының белгісі болып қалыптасқан.

Айдос: Кіші панда ˗ ұзын ірі үлпілдек құйрықты әдемі аң. Ол таулы ормандарда мекендейді. Оның сүйікті және негізгі асы ˗ бамбуктың жас жапырақтары.

Ата ˗ ана: Панданың дене ұзындығы 120 - 180 см, салмағы 30- дан, 160 кг дейін жетеді. Аюлардан айырмашылығы тіс құрылысында және құйрығы ұзын. Табандарының және бақайларының ерекшеліктері пандаға жылтыр бамбук сабақтарында тайып кетпей, берік ұсталуға мүмкіндік береді. (видео)

Ойын: «Аюлар немен қоректенеді» (интерактивті тақта)

Тәрбиеші: ˗ Балалар, сендер аюлар жайлы қандай ертегілер, мультфильмдер білесіңдер?

˗ Қолға үйретілген аюлар бізге циркте өз өнерлерін көрсетеді.

˗ Аюлардың бейнесіне ұқсатылып жасалған ойыншықтар да бар.

˗ Балалар 2010 жылы Астанамызда «Әлемдік аюлар бірлестігі» көрмесі өтті. Бұл көрме әлемнің 50 мемлекетінде өткен. Бұл көрме әр мемлекетте өткен кезде сол мемлекетке арнап аю мүсінін жасаған. Осы көрмеге біздің балабақшамыздың бүлдіршіндері көрмені тамашалады. Олай болса, мына суреттерге назар аударайық. (слайд)

Әлімжан:

Үңгірі әсем шатыр ˗ деп,

Демес оны тар мекен.

Алты ай ұйықтар батырды,

Көргендерің бар ма екен?

Жүреді аңдар жоламай,

Қонжықтары баладай,

Жидек құмар, бал құмар.

˗ Аюлар жайлы біз көптеген мәліметтерді жинадық. Сол мәліметтерді ата ˗ аналармен бірігіп ортаға салдық. Енді ата ˗ аналарымызбен бірге осы аюдың бейнесін жасап көрейік. (сүлгіні жырту әдісі арқылы аюды бейнелеу)

Қорытынды:

˗Бүгінгі оқу іс ˗ әрекетімізде не жайлы әңгімеледік?

˗Аюлардың қандай түрлерін білесіңдер?

˗Аюлар немен қоректенеді?

˗Аюлар қайда мекендейді?





© 2010-2022