Сайыс жоспары қазақ тілі пәнінен Сөз мерген сайысы (10 сынып)

«Сөз мерген» сайыс сабағы 1-жүргізуші Тіл деген- алып мұхит түбі терең, Піспегі толқын шашқан күбі ерен. Қадірін тілдің сұра сақаулардан, Көзіне жас алып бір күбірлеген. Саламатсыздар ма, құрметті  ұстаздар мен студенттер!Бүгінгі тіл мерекесіне арналған «Сөз мерген» атты сайыс сабағына қош келдіңіздер! Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар.Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Көп ұлтты мемлекет...
Раздел Другое
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасы

Гуманитарлық-педагогикалық колледжі





БЕКІТЕМІН

Директордың оқу-әдістеме

ісі жөніндегі орынбасары

_______ А.Қ Мамбетова

«____» __________ 2014ж.


Ашық тәрбие сағат

Тақырыбы: «Сөз мерген» сайыс сабағы.









Орындаған: А.А Байгулова















Ақсукент - 2014ж

«Сөз мерген» сайыс сабағы

1-жүргізуші

Тіл деген- алып мұхит түбі терең,

Піспегі толқын шашқан күбі ерен.

Қадірін тілдің сұра сақаулардан,

Көзіне жас алып бір күбірлеген.

Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар мен студенттер!Бүгінгі тіл мерекесіне арналған «Сөз мерген» атты сайыс сабағына қош келдіңіздер!

Біздің ана тіліміз - қазақ тілі. Біздің Отанымыз - Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар.Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл өте қажет.

2-жүргізуші. Саламатсыздарма, құрметті ұстаздар мен студенттер!

Сіздерді бүгінгі тілдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.Мемлекеттік тіл - көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы. Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен-кеткенін зерделеп, оны әлемге таныта аламыз. Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлей аламыз.

Тілім менің- қазынам қасиетім,

Қасиетім бар әлем бас иетін.

Тілі жоқтың түрі жоқ, түбірі жоқ.

Бола көрме, Ана тіл қасіретім

дей отырып, бүгінгі біздің тілдер мерекесіне арналған «сөз мерген» сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!

Сабақтың мақсаты:

Қазақ халқы сөз қадірін біліп, қасиетті сөздерді аузынан тастамай, елін қастерлеп жатқан халық екенін түсіндіре отырып,тіл мәдениеті мен сөйлеу мәдениетін жетілдіру, шешендік өнерді жастар арасында насихаттау, студенттердің тіл байлығын, сөздік қорын молайту және ойлау, есте сақтау,зеректік қабілетін дамыту.

1-жүргізуші

Сайыс барысы:

1-кезең. "Сәлем- сөздің анасы" таныстыру

2-кезең. Поэзия минуты өлең оқу

3-кезең. "Мақал - сөздің мәйегі " мақал сайысы

4-кезең Жұмбақтың шешуін тауып, үш тілге аудару.

5-кезең. "Өнер алды-қызыл тіл" капитандар сайысы

Сайысты бастамас сайыс барысын студенттердің білімін,өнерін бағалап барушы қазылар алқасымен таныс болыңыздар!

Олар: Аташева З, Акимбекова Қ, Нурметова Д

2-жүргізуші

1-кезең «Сәлем- сөздің анасы» таныстыру.

Екі « Сұңқар» және «Тұлпар» топтарының топ басшылары өз топтарының атын қорғап, ұрандарымен таныстырып өтеді

Мен -қазақ, қазақпын деп мақтанамын,

Ұранға «Алаш» деген атты аламын.

Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,

Мен неге сайысудан сақтанамын!
1-жүргізуші 2-кезең. Поэзия минуты.

Тілім деген- жарық жұлдыз аспандағы.

Арманның қиял жетпес баспалдағы.

Қадірін тілдің сұра мылқаулардан,

Көлінен ұшпай қалған қасқалдағы.

екі топтың студенттері өз өлеңдерін оқиды.

Жавахир:Күш кеміді айбынды ту құлады,

Кеше батыр бүгін қорқақ бұғады.

Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,

Қан суынған,жүрек солғын соғады

Жансая: Жарық көрмей жатсаң да ұзақ,кен тілім,

Таза,терең,өткір күшті кең тілім.

Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа,

Ақ қолыңмен тарта аларсың,сен тілім!

Жанар: Туған тілім- тірлігімнің айғағы,

Тілім барда, айтылар сыр ойдағы .

Өссе тілім- мен де бірге өсемін ,

Өшсе тілім- мен де бірге өшемін.

Хуликар: Сүйемін туған тілді-анам тілім,

Бесікте жатқанымда берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

Аяулым: Туған тілім-бабам тілім-өз тілім,

Туған тілім-анам тілім-өз тілім.

Туған тілім-далам тілім-өз тілім

Туған тілім-адам тілім-өз тілім!

Фарида: Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып - ақ алыңдар!
Гулисар: Әрадамда өз анасынан басқа,

Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада.

Болу керек құдіретті төрт ана

Туған жері-түп қазығы, айбыны,

Туған тілі-сатылмайтын байлығы,

Туған тілі дәстүр, салт-санасы тірегі

Қадамыңа шуақ шашар үнемі.

2-жүргізуші 3-кезең. "Мақал - сөздің мәйегі " мақал сайысы.

  1. Өнер алды қызыл тіл

  2. Шебердің қолы ортақ,
    Шешеннің тілі ортақ..

  3. Басқа бәле тілден.

  4. Өз тілің- бірлік үшін, өзге тіл- тірлік үшін.

  5. Піл көтермегенді- тіл көтерер.

  6. Тіл-буынсыз,ой-түпсіз

  7. Тіл жүйрік емес, шын жүйрік.

  8. Тіл қаруы-сөз,

Сөз қаруы-ой.

  1. Атағыңды өсіретін де, өшіретін де- тіл.

10. Тіл жүйірігі-басқа.

11. Қол жүйрігі-асқа.

12. Бал тамған тілден у да тамар

13. Қылыш жарасы бітер, тіл жарасы бітпес

14. Жалтақтамай өзге тілді ұлысқа, ең алдымен өз тіліңді дұрыста.

1-жүргізуші 4-кезең Жұмбақтың шешуін тауып, екі тілге аудару.

(орыс тілі, ағылшын тілі)

Ана тілі-ар өлшемі.Тілді шұбарлау-арды шұбарлау,көңіл тұнығын лайлау.Біздің тіліміз ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл қазынамыз,өз тілімізде сөйлеу-барлығымыздың басты парызымыз.Ендігі кезек Жұмбақтың шешуін тауып, екі тілге аудару (орыс тілі, ағылшын тілі)

Шәкіртке жанашыр

Мейірман кім жаны асыл

(ұстаз)

Жіп-жіңішке денесі

Ортасында шегесі

(қарындаш)

Жазу жазып жалықпаған

Жаза-жаза арықтаған

(бор)

Білімнен мол сый-асы

Балғындардың ұясы

(мектеп)

Қозғалмастан бір елі

Түні бойы жүреді

(сағат)

Көреді бәрін өзгенің

Көрмейді бірақ өздерін

(көз)

Темір аяқты

Ағаш таяқты

(Циркул мен қарындаш)

Тілден ұшып

Құлаққа қонады

(Сөз)

Қадалды бір ине

Нүктедей түймеге

(Леп белгісі)

Қабат-қабат қаттама

Ақылың болса аттама

(Кітап)

2-жүргізуші 5-кезең. "Өнер алды-қызыл тіл" топ басшылар сайысы

Сайыстың шарты мынадай, екі топ басшылары алдын ала бөлініп қойылған тақтадағы плакатқа бір-бір сөз жазып, бір сөзден бірнеше сөзді құрастырып жазып шығу керек.

Соңғы кезеңіміз аяқталғаннан кейін, әділ-қазылар алқасына сөз беріледі.Екі топқа өз бағаларын беріп, жеңіске жеткен топты құттықтап тілектерін білдіреді.

1-жүргізуші Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық!

Өнер балаң ,байтақ далаң тұрғанда

Ана тілім жасау керек мәңгілік!-дей отырып,бүгінгі тіл мерекесіне арналған сайыс сабағымыз аяқтаймыз.

2-жүргізуші Тілім менің

Дарабоз тарланымсың!

Махаббатым,

Ақаусыз арланымсың!

Тұтастықтың,

Тіліндей үзілмейтін.

Елдігімнің,

Өлшемі,ардағымсың!

1-жүргізуші Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін!

2-жүргізуші Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

ПБЦ төрайымы: Х.Э.Бекенова

Оқытушы: А.А.Байгулова









Сөз мерген сайыс сабағы

Тіл деген- алып мұхит түбі терең,

Піспегі толқын шашқан күбі ерен.

Қадірін тілдің сұра сақаулардан,

Көзіне жас алып бір күбірлеген.

Саламатсыздар ма,құрметті ұстаздар мен студенттер!Бүгінгі тіл мерекесіне арналған «Сөз мергені» атты сайыс сабағына қош келдіңіздер!

Біздің ана тіліміз - қазақ тілі. Біздің Отанымыз - Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар.Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл өте қажет.

Сайыс барысы

1-кезең «Сәлем- сөздің анасы» таныстыру

2-кезең Поэзия минуты өлең оқу

3-кезең «Мақал-сөздің мәйегі» мақал сайысы

4-кезең Жұмбақтың шешуін тауып, үш тілге аудару.

5-кезең. "Өнер алды-қызыл тіл"топ басышлар сайысы

Сайысты бастамас сайыс барысын студенттердің білімін,өнерін бағалап барушы қазылар алқасымен таныс болыңыздар!

Олар:

1-кезең «Сәлем- сөздің анасы» таныстыру

Екі « Сұңқар» және «Тұлпар» топтарының топ басшылары өз топтарының атын қорғап,ұрандарымен таныстырып өтеді

Мен -қазақ,қазақпын деп мақтанамын,

Ұранға «Алаш» деген атты аламын.

Сүйгенім қазақ өмірі,өзім қазақ,

Мен неге сайысудан сақтанамын

3-кезең Ең бірінші бақытым-Халқым менің

Соған берер ойымның алтын кенін

Ал екінші бақытым-Тілім менің

Тас жүректі тіліммен тілімдедім

Бақытым бар үшінші-Отан деген

Кім мықты?- десе біреу,-Отан дер ем

деп М.Мақатаев Халық,Тіл,Отан деген ұғымдардың бір тұтастығын мақтанышпен білдірген.

Ал енді кезекті «Мақал-сөздің мәйегі» мақал сайысына береміз.

Мұнда екі топқа мақал-мәтелдердің бір сыңары беріледі,екінші сыңарын топ мүшелері табады.

5-кезең Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық!

Өнер балаң ,байтақ далаң тұрғанда

Ана тілім жасау керек мәңгілік!-дей отырып,

енді кезекті "Өнер алды-қызыл тіл"топ басшылар сайысына береміз.

Мұнда екі топ басшыларына бір сөзден беріледі,содан топ мүшелерінің көмегінсіз өздері бір мағынасы бар бірнеше сөздер жасайды.

Әр адамда өз анасынан басқа

Жебеп жүрер,демеп жүрер арқада

Болу керек құдіретті төрт ана

Туған жері-түп қазығы,айбыны,

Туған тілі-сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр,салт-санасы тірегі

Қадамына шуақ шашар үнемі.

Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін!

Ал енді сөзді бүгінгі «Сөз мергені» атты сайысымызды бағалап отырған қазылар алқасына береміз!



© 2010-2022