Поурочный план на темуБатырлар жыры (7) класс

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7 сынып Қазақ әдебиеті

Сабақ №2

Тақырыбы -:Батырлар жыры туралы түсінік.

Мақсаты : қазақ ауыз әдебиеті туралы білімдерін ұлғайту.

Міндеттері: ауыз әдебиеті түрлерін қайталау, жазба әдебиетімен байланысы туралы түсінік беру, қазақ әдебиеті тарихы туралы жалпы білімдерін бекіту.

Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу

Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: оқулық, батырлар суреттері.

Сабақ түрі: аралас

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, мәнерлеп оқу

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезең: сәлемдесу, кезекші мәліметін тындау.

Үй жұмысын қайталау :

Сөздерді меңгергендерін қадағалау, тексеру

Сұрақ -жауап:

- Қазақ ауыз әдебиеті түрлерін атаңдар.

- Қазақ ауыз әдебиеті қалай тараған?

- Ертегілер түрлерін кім айтады?

- жұмбақ деген не?

- мақал - мәтелдер қандай тақырыптарға болады?

- карточкадағы мақал- мәтелдердің тақырыбын айту(әркімге басқа мақал)

- кезекпен оқу, аудару

Сөздік жұмыс: оқып танысу, қайталау, сөздік дәптерлеріне жазу.

Тарих- история, әлеуметтік -социальный, жағдай - положение, әдет- ғұрпы - обычаи - обряды, ардақты - почетные, уважаемые.

- батырлар туралы ертегілер білесіңдер ме?

- батырлар туралы жырлар білесіңдер ме?

Батырлар жырлары қазақ халқының ғасырлар бойы басынан кешкен әлеуметтік-тарихи жағдайлары мен адамдардың ерлігі, елдің ерлік істерін бейнелейді.

-Батырлар туралы жырлар ұрпақтан - ұрпаққа жатқа айту арқылы жеткен.

Қазақ батырлары - қазақ елінің өткен тарихындағы ең ардақты ұлдары, сондықтан халық оларды сүйеді, ерліктері туралы жырлайды.

Батырлар туралы жырлар : «Алпамыс батыр», «Қобланды батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», «Ер Қосай», «Арқалық батыр» т.б.

Бекіту:

- жаңа сөздер кездесетін сөйлемдерді тапқызу, мағынасын түсінгенін анықтау.

Үй жұмысы: анықтама оқу, әңгімелеу.

Бағалау, қоштасу.


© 2010-2022