Поурочный план на тему Үй жануарлары қалай дыбыстайды?

Раздел Другое
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Абай атындағы орта мектебі «КММ»

Айналайын шағын орталығы

«Айгөлек» тобы



Такырыбы:


«Үй жануарлары қалай дыбыстайды»


/Тіл дамыту сабағы/



Тәрбиеші: Атаева Б



Білім беру саласы: Қатынас

Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: Үй жануарлары қалай дыбыстайды?

Мақсаты: Үй жануарларымен таныстыру. Жануарлардың дауыстары жазылған үнтаспаны тыңдату арқылы «Жануарлар қалай дыбыстайды?» сұрағына жауап беруге үйрету. Жануарларға қамқорлық жасау керектігін түсіндіру.

Керекті құралдар: Үй жануарлары бейнеленген сурет, ойыншықтар (сйыр, ат, қой, ботақан), үй жануарларының дыбыстары жазылған үнтаспа.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап

Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Ұйымдастырушылық-оятушылық

Балаларды шеңберге тұрғызып «Угәй-ай» әнімен: Угәй, угәй әніміз,

Арпа бидай дәніміз

Ашық болсын аспанымыз,

Сәтті болсын күніміз!-деп балаларға бүгінгі күнге сәттілік тілейді.

Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілінде неше ай бар?

Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Сендер қыс мезгілінде қандай ойындар ойнайсыңдар?

Өте жақсы, жарайсыңдар!

Балалардың көңілдерін суретке аудартып.

-Мынау сйыр, мынау жылқы, мынау қой,

Ұйымдастырушылық-ізденушілік

Бұлар үй жанурлары себебі оларды адамдар бағады, күтеді. Олардың сүті, еті-тамақ, жүні, терісі-киім.

Суреттен көрсетіп аттың, қойдың, сйырдың түстерін сұраймыз.

Үй жануарларын біз қайдан көреміз?

Біздің топта балалар үй жануарлары бар ма екен? (Көрсетіп оны сипаттаймыз)

Әкелген ат, ботақан, қой, сйыр, ойыншықтарының қалай дыбыстайтынын айтып береміз.

  • Қой «мә-мә» деп маңырайды.

  • Сйыр «мө-мө» деп мөңірейді.

  • Ботақан «бө-бө» деп боздайды.

  • Ат «иҺо-иһо» деп кісінейді.

Балаларға дауысын айтқызып қайталату. Үй жануарларын үйдегі қорады асыраймыз өйткені оларды күтіп баптауымыз керек.

Сергіту сәті.

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Бір отырып, бір тұрып.

Біз тынығып аламыз.

Дидактикалық ойын ұйымдастыру.

«Дауысынан таны?»

Үнтаспадан тыңдату

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын

Кішкене ғана бойы бар,

Айналдыра киген тоны бар.

(Қой)

Кезекті бір жануар

Үстінде екі тауы бар

(Түйе бө-бө)

Екі найзасы бар

Екі айнасы бар

Төрт жылтырмағы бар

Бір шыпыртқысы бар

(Сиыр мө-мө)

Басында екі таяғы бар

Төрт аяғы бар

Бірақ тағы сақалы бар

(Ешкі мө-мө)

Екеуі елеңдеп келеді

Төртеуі төбелесіп келеді

(Жылқы)

Түйенің баласын - бота, сиырдың баласын - бұзау, қойдың баласын - қозы, ешкінің баласын - лақ, жылқының баласын - құл ыншақ деп атайды екен.

Халқымыздың байлығы да берекесі де осы малдар.

Рефлекстік-түзету (коррекциялық)

Маңырайды, мөңірейді сөздерін айтқызып үйретеді.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: Үй жануарларының аттарын

Түсінеді: Сәйкестендіру тапсырмасын дұрыс орындау дағдысын.

Қолданады: Үй жануарларының пайдасы туралы түсінік.

© 2010-2022