Уроки казахского языка илитературы

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Уроки казахского языка илитературыУроки казахского языка илитературыУроки казахского языка илитературыУроки казахского языка илитературыУроки казахского языка илитературыУроки казахского языка илитературыУроки казахского языка илитературыУроки казахского языка илитературыУроки казахского языка илитературыУроки казахского языка илитературыУроки казахского языка илитературыУроки казахского языка илитературыУроки казахского языка илитературыУроки казахского языка илитературыУроки казахского языка илитературыУроки казахского языка илитературыҚазақстан Республикасы,Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы, Бірлік аулы №55 С.Қожанов атындағы орта мектебі. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:Кембилбекова Гулзина Онгарбековна

Урок 1. Казахский язык. 6-класс.

Сабақтың тақырыбы: Одағай.

Мақсаты: Оқушыларға одағай және оның түрлерімен таныстыру,

алғаш мағлұмат беру.

Міндеттері:

Білімділік. Оқушыларға жаңа сөз табы одағай туралы мағлұмат беріп, одағайдың түрлері, айтылу ерекшеліктері, жазылу емлесі жайлы кеңірек түсінік беру,сөйлем ішінен тауып, түрлеріне ажыратуды үйрету.

Дамытушылық. Оқушылардың есте сақтау қабілеттері мен сөздік қорларын арттыру, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуін, таным деңгейін дамыту.

Тәрбиелілік. Оқушыларды техникалық - ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге, сауатты жазуға баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, оза оқыту, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: карточкалар, слайд, суреттер ,бағалау қағаздары

Сабақтың пәнаралық байланысы: әдебиеттік оқу, қимылды ойын. Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру бөлімі: Психологиялық дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасы: Үстеу дегеніміз не? Шылау дегеніміз не? қорытындылау/

1.Іс- әрекеттің мезгілін,мекенін,сын- қимылын білдіретін сөз табын ....... дейміз.

а. сын есім

ә. есімдік

б. үстеу

2.Үстеу қандай сұрақтарға жауап береді?

а. қандай? қалай? қашан?

ә. қалай?қашан? қайда?

б. қашан?қай?нелер?

3.Көп нүктенің орнына тиісті шылау сөзді жазыңдар:

Елдің болашағы... ойлаған жөн.

а. үшін

ә. дейін

б. туралы

4. Шылау дегеніміз ...

а. мағынасы бар сөйлем мүшесі

ә. өз алдына толық мағынасы жоқ сөздер

б. көңіл күй білдіретін сөздер

5.Дейін,шейін сөздері қандай сөздер?

а. одағай

ә. шылау

б. қаратпа сөз

ІІІ.Жаңа сабақ.

Дәптерлеріне бүгінгі күнді,сынып жұмысын, тақтадағы әріпті жазу.

Оо (қандай дыбыс)

Олар орманға барды.


  • Тақтадағы сызбаға,торкөздерге көңіл аударайық. Ерекше торкөздерден біз жаңа сөз туралы ұғым аламыз.

Әріпжұмбақты шешу.Әріптері бар жасырынып тұрған сөзді табайық, сонда біздің бүгінгі жаңа тақырыптың атын оқи аламыз.

1.Оқу да бар,

Жазуда жок

(О)

2.Дала да бар,

Жаға да жоқ

(Д)

3.Шегеде жоқ,

Таста бар

(А)

4.Ғарышта бар,

Сайыста жоқ

(Ғ)

5.Шанада бар,

Әнде жоқ

(А)

6.Торғайда бар,

Алауда жоқ

(Й)

Одағай сөзі шықты.

-Бұрын одағай деген сөзді естідіңдер ме?

-Одағай сөз дегеніміз-адамның әр алуан көңіл күйін білдіреді,басқа сөздермен байланысқа түспейді,сөйлем мүшесі болмайды. Одағайларға қатысты тыныс белгілеріне,дауыс ырғағына назар аудару керек.

  • Бүгінгі өтетін тақырыбыз: «Одағай» деп аталады. О-һо! Міне, қызық! Одағайдың түрлері бар. Түрлерінің өзі қызық! Одағай сөзін буынға бөлейікші!

  • О-да-ғай.

  • Неше буын бар?

  • 3 буын бар.

  • Қызықтың өзі осында. Одағай сөзінде қанша буын болса, сонша түрі болады. Бірінші түрі, ол - Көңіл күй одағайлары деп аталады. Көңіл күй одағайлары қандай мағынаны білдіруі мүмкін?

  • Қуану, шаттану, таңдану, жылау,армандау, өкіну, ренжу, т.б.

  • Ал екінші түрі - Шақыру одағайлары деп аталады.Шақыру одағайлары нені білдіруі мүмкін. Кімнің қандай ойы бар?

  • Білімге шақыру, мектепке шақыру, төлді шақыру.

  • Керемет! Ойларың керемет екен. Шақыру одағайлары - ол ит, құс, малды шақыру, мысалы: моһ-моһ, шөре-шөре, кә-кә, т.б. және оларды қуумен байланысты: пырс, ара.

  • Үшінші түрі ол - Жекіру одағайлары. Ол - тыйым салу мағынасын білдіреді. Мысалы: тәйт, жә.

Одағай

Көңіл күй Шақыру Жекіру

  • Ендеше, үш одағайдың түрлеріне бір-бір одағай айтып, көркем етіп жазалық.

Бәрекелді, шөре - шөре,тәйт.

Берілген сөздерді дәптерге жазып алу.

563-жаттығу.

Сөйлемдерді тиісті дауыс ырғағымен оқу.Алғашқы үш сөйлемді көшіріп жазып,одағайлардың астын сыз.Жақсы оқығандарды қол соғып құрметтеу.

Сергіту сәті

«Жаз келді, алақай!» Қимылмен көрсетіп, әнді айту.

Балақай-ау,балақай,

Жаз келеді,алақай!

Жалаң аяқ жүреміз,

Балақты да түреміз.

Сайдан жидек тереміз,

Көлден балық сүземіз,

Жалтылдатып тіземіз.

Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей

Төмендегі сөйлемдердегі одағайдың астын сызыңдар.

1.Әй,шырағым балам,әуелі ар жағында әкең тұр,соған сәлем бер.

2.Уа, қой деймін,бала!

3.Ойпырым-ай,мынау не деп отыр өзі?

ІІ деңгей

Көп нүктенің орнына тиісті одағай сөздерді қойыңдар.

  1. ..., әжем ауылдан қонаққа келді!

  2. ..., мынау не деп тұр!- деді атам.

  3. ..., ... әзер жеттім.

Керекті сөздер: аһлеп,уһлеп,алақай, ойпырым-ай.

ІІІ деңгей

Төмендегі одағай сөздермен сөйлем құраңдар.

Шіркін-ай, әй, ух, ойпыр-ай,қап.

  • Семантикалық карта

Одағай

Көңіл күй

Шақыру

Жекіру

Алақай

+

Тү-у

+

Кә-кә

+

Тәйт

+

Япырай

+

Шіп-шіп

+

Біздің қолымыздан келеді

  • Практикалық тапсырмалар

- Жас «Алақай!» журналы өзін шыңдау үстінде. Өзінен біршама жас үлкен «Балдырған», «Айгөлек», «Мөлдір бұлақ» журналдары қонаққа келіп тұр. Журналдардың сендерге 1-2 тапсырмалары бар екен.

  • «Балдырған» журналы.

Сиқыршы бос чемоданға мысықты салып, қақпағын жапты. Біраздан кейін ашып еді, ішінен күшік шықты. Көрермендердің бет пішіні қандай болады? (таңдану)

  • «Айгөлек» журналы.

Жолаушы жылауықтар еліне тап болды. Біреуін жұбатса, екіншісі жылап, әбден мазасы кетті. Балалар бәрібір жылауын қоймайды. Жылауықтардың бет пішіні қандай болады? (жылау)

  • «Мөлдір бұлақ» журналы.

Мараттың досы бар еді. Жазғы демалыста досы ауылға кетті, Марат қалада қалды. Ол досын қатты сағынды. Бір айдан кейін досымен көшеде кездесіп қалды. Оардың бет пішішінде қандай өзгерістер болады?

(қуану).

-Балалар, одағайды күнделікті өмірде жиі қолданамыз. Тапсырмаларды орындағанда адамдардың қандай көңіл-күйлерін көрдіңдер?

-Қуану, таңдану, жылау.

Қарлы кесек ойыны. (Снежный ком)

Правила игры, сейчас у кого будет предмет, должен сказать одно слово, связанное с сегодняшней темой. Он должен передать предмет другому учащемуся, тот продолжает, например, 1. Алақай 2. Алақай ауылға 3. Алақай ауылға барамыз!. А другой учащийся записывает на доске.

Сабақты қорыту:

Сонымен, бүгінгі сабақта не өттік? Одағай дегеніміз не? Одағай туралы не білеміз?

Бағалау: Бағалай парағы арқылы әр оқушы өз білімдерін бағалайды.

Үйге тапсырма:

Ереже , 565-жаттығу.

Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні________________________________________

Үй жұмысын тексеру (тест)

Жаттығу жұмысы

Деңгейлік тапсырма

Семантикалық

карта

Қосымша тапсырмалар

Қорытынды

баға


-----------------------------------------------------------------------------------------------------

Урок2. Казахский язык. 6-класс.

Тақырыбы: Сабақты және салт етістік туралы түсінік

Мақсаты:

Білімділік: Етістіктердің мағынасына қарай сабақты етістік пен салт етістіктер болып бөлінетіндігі туралы толық теориялық мағлұмат беру,оқушылардың білімін нақтылап, өздігінше ізденуге жетелеу, ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушыларға тақырыпты меңгерту , сауаттылыққа баулу , сөйлеу мәдениетін , тілін дамыту , сөздік қорын молайту,
Тәрбиелік: Сабақтағы оқушылардың ауызша, жазбаша жұмыстарын орындай отырып, оқушыларды іздемпаздыққа, өз бетінше ой қорыта білуге, есте сақтауға, еңбектенуге, тиянақтылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Ауызша, жазбаша, сұрақ - жауап, топпен жұмыс, тест , электронды оқулықпен жұмыс
Құрал - жабдықтар: интерактивті тақта, тірек - сызба, үлестірмелі қима қағаздар, суреттер, слайттар, бағалау парағы, оқулық, түрлі-түсті фломастер, маркерлер, интербелсенді тақта, стикер.
Пән аралық байланыс: әдебиет , өзін - өзі тану, тарих , этнопедагогика.

Қолданатын әдістер: топпен жұмыс, жұптық жұмыс, спикердің қорғауы,

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Уақыт

Ұйымдас-тыру

«Психологиялық дайындық »

« Алақанға алақан» тренингін өткізу

.

Әр топтағы оқушылар өздерінің сыныптастарына бір тілек айтып, бір-бірінің алақандарынан ұстайды.

Психологиялық дайындық

2 мин

Білу

« Зерделі сұрақ - дәлелді жауап

«7 септік сыры » ойыны

« Табыс критерий » құрау.

Тапсырмалар орындайды.

3 мин

Түсіну

Мұғалім жаңа сабақты түсіндіреді. Мәтінмен жұмыс жасалады .

Топтық тапсырма № 1

Топтық тапсырма № 2

Топтар тақырыпты оқып, талдайды.

Етістікті ажырат

Сабақты етістікті салт етістікке айналдыр

.

7 мин

7 мин

Қолдану

Оқулықпен жұмыс

233 - жаттығу.

5 мин

Талдау

Топтық тапсырмалар

І топ . Сызбаны сөйлет

ІІ топ. Сабақты етістік пен салт етістікті болымды және болымсыз етістікпен салыстыр

ІІІ топ. ВЕНН диаграммасы

7мин

Жинақтау

«Тест » орындату

Тест тапсырмаларын орындайды.

Қорытындылайды.

7мин

мин

Бағалау

Қорытынды сұрақ

тар

Топ басшысы жауап парағына бағалайды. Жабысатын бағалар арқылы, бағаларын талдау.

3 мин

Рефлекия

«Күншуақ пен бұлт» арқылы сабақ соңындағы көңіл-күйлерін білдіру.

«Бұлт, күн мен бұлт » 3-түрлі суреттің береуін таңдау арқылы сабақ соңындағы көңіл-күйлерін білдіру.

2мин

Үй тапсырмасы

Үйге : 236 , 237 - жаттығу.

Салт,сабақты етістіктерді ақын-жазушылардың шығармаларынан тауып, жазып келу.

.

Тапсырманы күнделіктеріне

жазып алу

2 мин


1.Қай етістік табыс септігін қажет етеді ?

А. Салт етістік

Б. Сабақты етістік

В. Болымсыз етістік

2. Етістік мағынасына қарай нешеге бөлінеді ?

А. 1

Б. 4

В. 2

3. Дара етістіктерді табыңдар

А. оқып отыр

Б. жүгірді

В. айтар-айтпас

4. Табыс септікті қажет етпейтін етістікті көрсет

А. салт

Б. сабақты

В. күрделі

5. Етістік іс -әрекеттің жүзеге асу - аспауына қарай неше бөлінеді ?

А. 5

Б. 2

В. 3

6. Болымсыз етістік жұрнақтарын тап

А. - са , - се

Б. - ма, ме

В. - ын, - ін

7. Болымды етістікті көрсет

А. жазар

Б. жазбайды

В. жазбаған

8. Етістіктің сұрақтарын тап

А. кімге ? неге ?

Б. не істеді ? қайтеді ?

В. қашан ? қалай ?

9. Сабақты етістікті көрсет

А. жүргіз , шығар

Б. жуын , таран

В.кел , отыр

10. Салт етістікті тап

А. таста

Б. емдел

В. билет


1.Қай етістік табыс септігін қажет етеді ?

А. Салт етістік

Б. Сабақты етістік

В. Болымсыз етістік

2. Етістік мағынасына қарай нешеге бөлінеді ?

А. 1

Б. 4

В. 2

3. Дара етістіктерді табыңдар

А. оқып отыр

Б. жүгірді

В. айтар-айтпас

4. Табыс септікті қажет етпейтін етістікті көрсет

А. салт

Б. сабақты

В. күрделі

5. Етістік іс -әрекеттің жүзеге асу - аспауына қарай неше бөлінеді ?

А. 5

Б. 2

В. 3

6. Болымсыз етістік жұрнақтарын тап

А. - са , - се

Б. - ма, ме

В. - ын, - ін

7. Болымды етістікті көрсет

А. жазар

Б. жазбайды

В. жазбаған

8. Етістіктің сұрақтарын тап

А. кімге ? неге ?

Б. не істеді ? қайтеді ?

В. қашан ? қалай ?

9. Сабақты етістікті көрсет

А. жүргіз , шығар

Б. жуын , таран

В.кел , отыр

10. Салт етістікті тап

А. таста

Б. емдел

В. билет

Тест жұмысы

Уроки казахского языка илитературы



Уроки казахского языка илитературыУроки казахского языка илитературы





Етістіктерді ажыратыңдар :

Қайт, сөндір, келді,
жазылды,демалды,
көрісті, өсірді,
кетірді,айтысты,
пікірлесті,әңгімелесті,
жарысты,тара,шеш,сана

Салт етістік

Сабақты етістік


Мәтінмен жұмыс

Етістіктер мағынасына қарай сабақты етістік және салт етістік болып екіге бөлінеді.

Алдындағы сөздің табыс септікте тұруын қажет етіп тұратын етістіктер сабақты етістіктер деп аталады.

Мысалы : Хатты оқы , ақшаны сана, есепті шеш , шашыңды тара.

Сабақты етістік кімді ? нені ? кейде табыс септіктің жасырын түріне не ? деген сұрақтарға жауап беретін табыс септіктегі сөзбен байланысады. Мысалы : өлең айт , доп теп

Сабақты етістік 7 септіктен тек табыс септіктегі сөздермен байланысады.

ІІ топ

Өзінің алдынан табыс септігіндегі сөзді қажет етпейтін етістіктер салт етістіктер деп аталады. Мысалы : үйге кел, үйден шық ,үйде отыр, үйден хабарлас.

Салт етістіктер барыс ,жатыс , шығыс , көмектес септіктегі сөздермен тіркеседі. Тек табыс септіктегі сөзбен тіркеспейді.

Мысалы : қаладан қайт , ауылға қайт, жолдасыңмен қайт .

ІІІ топ

Кейбір етіс жұрнақтары салт етістіктерді сабақты етістіктерге немесе сабақты етістіктерді салт етістіктерге айналдыру қызметін атқарады. Мысалы: өзгелік етіс жұрнақтары

- ғыз , - гіз, - қыз ,- кіз, - дыр , - дір , - тыр, - тір, - ыр ,- ір, - р, - т

салт етістікке жалғанса , оны сабақты етістікке айналдырады.

Мысалы : шам сөнді - шамды сөндірді,

бала кетті - баланы кет-ір-ді,

гүл өседі - гүл - ді өс - ір -еді,

ол өкпеледі - о- ны өкпеле-т-ті ,т.б

Ал ырықсыз етіс жұрнақтары

- ыл, - іл,- л, - ын, - ін ,- н сабақты етістікке жалғанып , оны салт етістікке айналдырады. Мысалы :

әңгіме-ні айтты - әңгіме айт - ыл - ды ,

хатты жазды - хат жаз - ыл - ды .

Салт етістікті сабақты етістікке айналдыр


Салт

Сабақты

1.

жарық сөнді

2.

бала кетті

3.

қияр өседі

4.

хат оқы

5.

есеп шеш


1 қате - 5 , 2 қате - 4 , 3 қате - 3 , 4 қате - 2

Жауабы :

жарықты сөндірді

баланы кетірді

қиярды өсірді

хатты оқытты

есепті шештірді

Сабақты етістікті салт етістікке айналдыр

Сабақты

Салт

1.

ертегіні айтты

2.

өлеңді жазды

3.

жемісті өсірді

4.

шашыңды тара

5.

хатты жазды


1 қате - 5 , 2 қате - 4 , 3 қате - 3 , 4 қате - 2

Жауабы ;

ертегі айтылды

өлең жазылды

жеміс өсірілді

шаш таралды

хат жазылды

Берілген сөйлемдерге сұрақ қою арқылы салт не сабақты етістік екенін ажыратыңдар.

Асан үйімен қабарласты.

Оқушылар түгелдей оныншы тапсырманы орындады .

Диқаншы жерін мақтайды.

Балықшы көлін мақтайды.

Отан үшін отқа түс , күймейсің.

Бағалау : 1 қате - 5 , 2 қате - 4 , 3 қате - 3 , 4 қате - 2

Жауабы :

Салт етістік

Сабақты

Сабақты

Сабақты

Салт

--------------------------------------------------------------------------------------

Урок3. Казахское литература. 7-класс.

Тақырыбы: Ж.Аймауытовтың «Әнші» әнгімесі

Сабақтың мақсаты: білімділік - Жүсіпбек Аймауытовтың өмірбаянын шығармасына негіздей отырып талдау, сөйтіп қайталанбас суреткер екеніне көңіл бөлу, жазушының өз бейнесін көру үшін шығармасына терең үңілдіру, сол арқылы өмірі, арман - мұраты, ақын -жазушылардың өнер тақырыбын меңгеру, ән өнерінің құдіретін таныту, шеберліктерін аңғарту.

Тәрбиелік - өнерді сүю, әнге құштарлық, өнер адамдарына деген көзқарасты қалыптастыру.

Дамытушылық - қаламгердің суреткер ретіндегі мүмкіншілігін таныту, идеялық, эстетикалық мәнін ашу үшін логикалық ойларын дамыту, поэзия мен прозадағы өнер тақырыбын жырлаған ақын- жазушыларды салыстыра талдай отырып өзіндік көзқарас қалыптастыру.

Сабақтың түрі:білім,білік, дағды

Сабақтың әдісі: СКТ әдістері, топтастыру, талдау әдісі, оқулықпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: слайд, тірек-сызбалар.

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыруа) Оқушылармен амандасу

ә) Сынып оқушыларын түгендеу

б) сынып тазалығына көңіл бөлу

2. Үй тапсырмасы

Ақтамақ хикаясын жалғастырып келу...

Әміре Қашаубаев туралы ізденіс

3. жаңа сабақІ. Топтастыру

ақын прозаик драматург


Жүсіпбек Аймауытов

кім?


ғалым журналист - публицист психолог

ІІ Қаламгердің өмірі мен шығармашылығына сатылай кешенді талдау

Қаламгердің аты - жөні: (Ж.Аймауытов)

Туған жылы:(1889ж )

Туған жері:(Павлодар облысы,Баянауыл ауданы,Қызылту атырабы)

Ең алғаш алған білімі:1. (ауыл молдас

2.(Баянауылда, Павлодарда оқыған оқу орны:орыс-қазақ мектептері )

  • Семейдегі оқу орны: (мұғалімдер семинариясы)


  • Атқарған қызметі: («Қазақ тілі» газетінің редакторы)


  • Шоқтығы биік шығармасы: («Ақбілек» романы)


  • Оның басты кейіпкері: (Ақбілек)


  • Тақырыбы: (ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы қазақ

ауылының саяси- әлеуметтік ахуалы)

  • Идеясы: (мезгіл мінезінің сипаты)


  • Өмірден өткен уақыты: (1931 ж)

ІІІ. Әңгіме бойынша 2 қатарға жетек сұрақтар:

  1. Ж. Аймауытов кім?

  2. Қандай шығармалары бар?

  3. Жетішатыр қаласының сипаты, халқының тұрмысы мен салты.

  4. Шәкет үйінің көрінісі.

  5. Алғашқы ойын-сауыққа дайындық.

  6. Шығармадағы Бержабай кімдер?

  7. Әмірқанның әні, оның тыңдаушыларға әсері.


  1. Әмірхан әншілік өнерді кімдерден үйренді?

  2. Әмірханның мінез-құлқын мәтіндегі қай жолдардан байқадыңдар?

  3. Шығармадағы "шүлеңгір", "қашаба" сөздерінің мағынасы қандай?

  4. Ән, өнер туралы Әмірқанның өзі не ойлайды?

  5. Шығармадағы Әмірқанның басты прототипі кім?

  6. Жетішатыр қазіргі қай қала?

  7. "Ақтамақ хикаясы" туралы айтыңыз.

ІV. Мәтінмен жұмыс

Мәтін

Өз пікірім

Әншілердің көбі түр шығарам деп, әуре болады. Жақсы әнді бұзып жібереді. Бет - аузын тыржитып, зорланып, күшеніп отырып салған ән бола ма? Әнді еркіне жіберіп, қысылмай салған ғой қызығы. Әншілердің көбі не мақтан үшін, не мал табу үшін айтады. Зорланып айтқан ән дұрыс шығама? Ән салу көңілден ғой... Мен өзім көңілденбесем, жақсы айта алмаймын, айтқымда келмейді.

V. Мәтінге сатылай кешенді талдау

Шығарманың аты: «Әнші» әңгімесі

Тақырыбы: ән,өнер,ғұмыры әнмен өткен өнер адамының өрелі биігі

Жанр түрі:проза (әңгіме)

Идеясы:ән құдіретін таныту

Кейіпкерлері:Әмірқан, Шәкет, Ақтамақ,студент жастар,ұрылар

Басты кейіпкердің прототипі: Әміре Қашаубаев

Туған жылы:1888ж

Өнері:әншілік,артистік,актерлік

Әдеби - теориялық ұғымдар 1.Теңеу:атқан таңдай, шайдай,сыбызғының үніндей,асқар тауындай,күзді күнгі дауылдай,тас бұлақтың суындай.т.б

2.Портрет:

Әмірқан-кісіге тез үйір болатын,жолдасқа жанын қиятын жігіт.

Ақтамақ-үріп ауызға салғандай жұтынып тұрған сұлу.

  • Тәрбиелік мәні: әңгімені оқи отырып, ән өнерінің құдіретін түсінеміз. Оқушыны ән өнерін,өнер адамдарын бағалауға тәрбиелейді.

VI.Семантикалық карта 1

"Қымыз әкелейін бе?" - дегендей көзі күлімдей карады

Шәуілі қаршығадай шап етер, киіктің асығындай тап етер жігіт

Сұлу, паң, үріп ауызға салғандай

-Кәне, ән сал!

- Нағыз

жігіт екенсің!

Ұрылар




+

Шәкет

+




Әмірқан


+



Ақтамақ



+


Дәулетжан





Семантикалық карта 2


Шәкет


Ақтамақ


Әмірқан


Қала жігіттері


Дәулетжан

"Шын сүйсең,сүй!"- деді


+




Менің жүрмеген жерім, көрмеген елім бар ма?



+



Балалар жоғары шығыңдар!

+





Қалжыңға топас келетін...




+






+

VII. Қорытынды:

Жүсіпбек Аймауытов - қазақтың ән өнерін жоғары бағалай білетін талғампаз жан. Ол әнді сүйіп өсті, өзі де ән айтудан әсте жалыққан емес. Сондықтан да ән мен әнші тақырыбы - жазушы ұлылығының айғағы десекте болады.

Әміре Қашаубаев - ән асқары, қазақ өнерінің жарық жұлдызы, ұлттық мақтанышымыз. «Бұратана» саналған қазақ халқының бай өнері мен жоғары мәдениетін барша халыққа паш етті. Франция секілді өркениетті елге өнеріміздің құдіреттілігін мойындатты. Сол үшін де қазақ халқы Әміре сынды ұлы тұлғасын ешқашан ұмытпайды.

VIІI.Үйге тапсырма «Егер мен жазушы болсам...»

І Х Бағалау.

-----------------------------------------------------------------------------------------------------

Урок4. Казахское литература. 10-класс.

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай - шағын әңгіме шебері.

Сабақтың мақсаты:

  1. Ыбырай Алтынсариннің «Шағын әңгіме шебері» екенін өз шығармалары арқылы дәлелдеп, соған оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы көз жеткізу.

  2. Оқушылардың тақырып бойынша ой тұжырымдарын, өздігінен ізденту, шығармашылық қабілеттерін, ой - өрісін дамыту.

  3. Жас ұрпақты ақын әңгімелері арқылы еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, тазалыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Білім, білік, дағдыларын жетілдіру сабағы.

Сабақтың түрі: Іздендіру сабағы.

Сабақтың әдісі: логикалық әдіс, топтастыру, талдау, ой толғау, пікір алмасу, ізденіс.

Көрнекілігі: Ыбырай әңгімелері, итербелсенді тақта, қосымша дидактикалық материалдар.

Ұйымдастыру формасы: жаппай, топпен, жеке - дара.

Пәнаралық байланыс: тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: а) Амандасу

Қадірменді ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Ыбырай - шағын әңгіме шебері» атты ашық сабағымызға қош келдіңіздер!

Маған бақыт сабақ беру сіздерге,

Көріп тұрмын, қуаныш бар жүздерде!

Мол білімнің тереңіне бет бұрып,

Бәрімізге болсын серік - сәттілік!- дегендей, шағын әңгіме шебері - Ыбырайға арналған сабағымызды бастайық (1 слайд).

б) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Топқа бөлу. Топ басшысын сайлау. Әр топқа бағалау парағын тарату.

Сабақтың мақсатымен таныстыру (2 мин.)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (10 мин.) (2 слайд)

І. Ой қозғау.

«Оқығанның көңілі тетік, сөзі майда»


Мұғалім: Балалар, өткен сабақта сіздер «Ыбырайдың өмірі мен шығармашылығы» жайлы танысқан болатынсыздар. Бәріміз тақтаға назар аударайық.Осы тақырыптар аясында өз ойымызды ортаға салсақ.

  1. І топ: Ыбырай Алтынсарин - оқулық авторы.

2. ІІ топ: Ыбырай өлеңдерінің тақырыбы, көркемдік әлемі.

І. Проблемаларды шешу құзыреттілігі.

Тапсырмалар:

Жұмыстың түрі: графикалық талдау, топтастыру.

Шарттары:

  1. "Қазақ хрестоматиясына" енген шығармаларын топтастырып,

тәрбиелік мәнін дәлелдеу.

2. Ыбырай өлеңдерінің тақырыбын, көркемдік әлемін ашып, дәлелдеу.

а)өз беттерімен іздену, топтастыру, жинақтау.

Мақсатқа жету технологиясы: топтық жұмыстар арқылы

проблеманы шешу, өзіндік ізденісті ұйымдастыру

ІІІ. Жаңа сабақ (20 мин.)

Ұлы ағартушының көрнекті прозашы ретінде әдебиетіміздің тарихынан ерекше орын алатынын таныту мақсатында жаңа тақырыпты Ыбырайдың әңгімелеріне арнаймыз. Бәріміз тақтаға назар аударайық.

ІІ. «Ынта болса адамда, қиын іс жоқ ғаламда»

ІІ. Ақпараттық құзыреттілік.

Тапсырмалар:

І топ: "Ыбырай - шағын әңгіме шебері" моделін құрастырыңдар.

ІІ топ: "Ыбырай - қазақ балалар әдебиетінің атасы" моделін құрастырыңдар.

Шарттары:

Тәрбие мәселесіне және еңбек тақырыбына арналған әңгімелерін

талдау, саралау.

а) Өздерің таңдап алған әңгімелерден даналық, нақыл сөздерді теріп ал.

Өзіңе қайсысы ерекше ұнады, соны саралау.

Мақсатқа жету технологиясы: саралау, бөліп алу, анализ,

синтез жасау, жүйелеу, өзіндік баға беру.

Әңгімелері

Даналық, нақыл сөздер

Өз бағасы, пікірі





ІІІ. «Зерделі сұрақ, ұтымды жауап»


ІІІ. Коммуникативтік құзыреттілік.

Тапсырмалар:

І топ: . «Ыбырай - көрнекті прозашы» деген пікірмен келісесің бе?

ІІ топ: Қалай ойлайсыңдар, Ыбырай әңгімелерінің бүгінгі күн өміршеңдігі бар ма?

Шарттары:

Бір - біріңнен интервью алып, оны ортаға салуға әзірленіңдер. Ақын әңгімелерінде атап көрсетілген адамдық қасиеттердің болашақтағы өміріңе қажеті бар ма? Осы мәселе айналасында ой толғаңдар.Пікірлеріңді жинақтап, сыныптағы білім қоржынына салыңдар.

Мақсатқа жету технологиясы: сұхбат - интервью, ой толғау.

ІV. «Іздеген жетер мұратқа...»

Сабақты пысықтау. Топтастыру стратегиясы

1. «Ыбырай Алтынсарин -қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол өзінің қараңғы, көшпелі халқының ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты»

«Оренбурский листок» газетінен

І топ: жоғарыдағы пікірді басшылыққа алып, Ыбырайдың әңгімелеріндегі адамгершілік қасиеттерді топтастыру.

Ыбырай

әңгімелеріндегі

адамгершілік

қасиеттер




ІІ топ: Ыбырай әңгімелері арқылы нені үйрендім?

Ыбырай

әңгімелері

арқылы неге

үйрендім?















ІV. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.»

Сабақты бекіту:

"Мен үшін..." әр жеке тұлғаның бүгінгі сабақ бойынша

өз ой - пікірлерін тыңдау.

1. Мен үшін Ыбырай атаның әңгімелерінің тәрбиелік мәні зор…

2. Қазағымның тұңғыш кемеңгер- ұстазы ,ойшылы - Ыбырай атаның арманына біздер жетіп отырмыз…

3. «Ғылым- жанып тұрған шырақ»,-дегендей…

Бағалау: Бағалау парақшасы бойынша бағалау.

Үйге тапсырма:

  1. "Қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер" тақырыбына эссе жазу.

  2. "Ыбырай және болашақтағы қазақ мектебі" тақырыбына пікір таласын жүргізуге сұрақтар әзірлеу.

Урок 5.КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК.8-КЛАСС

Тақырыбы : Салалас құрмалас сөйлемнен өткенді қайталау.

Мақсаты: Салалас құрмалас сөйлемнен өткенді қайталай отырып, өткен тақырыптарды ойын арқылы еске түсіріп отырып пысықтау,қайталау, қызығушылығын арттыру арқылы білімін арттыру, қазақы ұлттық құндылықтарымызды қолдана отырып, оқушыларды ой ұшқырлығына баулу, қазақы салт-дәстүрімізді қадірлеуге үйрету.

Көрнекілігі:Интерактивті тақта, Тест сұрақтары, Бағалау парағы.

Түрі :Ойын сабақ

Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

а.Сәлемдесу

ә. Түгендеу

б. Сабаққа назарын аудару

ІІ.Сынып оқушыларын екі топқа бөліп алу.1.Тапқырлар

2.Білгірлер.

Сабақ барысын кезеңге бөліп алу.1.Жорға. Жауаптарды сәкестендіру

2.Тапқырлық. Тест сұрақтарына жауап беру

3.Тікелей сұрақтар.

4.Бәйге.

5.Көкпар.

Ікезең. Жорға. Экранға назар аудару. Сәйкестендіру тесті.Тез жауап берген топқа балл жазылады.

Кезектес салалас1.Құнанбай Ұлжан қасына отырды да,

Мәкеш пен Абайдың жүзіне қарады.

Себеп-салдар салалас

2. Мені жұмсаған жоқ, өзім кеттім.

Қарсы мәнді салалас3.Қорыққаны сонша-орнынан

тұра алмай қалды.

Түсіндірмелі салалас

4.Шалабай ұзақ жүре алмас,

үкімет құрығы ұзын.

Ыңғайлас салдалас

5.Күндіз олар не өзіне жем іздейді,

не өзінің басқаға жем болмауын

көздейді.

Талғаулы салалас6. Нұрғали біресе Тәукеге қарап

кіжіңдейді,біресе Аманға

қарап ренжиді.

ІІ кезең.Тапқырлық. Экрандағы тест сұрақтарына жауап береді. Әр дұрыс жауапқа екі ұпай беріледі.

ІІІ кезең. Тікелей сұрақтар. Тақта бетінде салалас құрмалас сөйлемдер атаулары жазылған топшамалар көрініп тұрады. Оқушылар топшаманы таңдап, сұрақтарға жауап береді. Әр сұраққа тақта бетіндегі ұяшықтардағы сандармен ұпай саны есептеледі.

Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем

20

10

30

40

1.Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің сұрақтары:

40. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдерде қолданылатын жалғаулық шылаулар арқылы байланысады?

30. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем деген не?

20. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем ішінде оқиғаны тездететін, жедеғабыл болғанын көрсететін түрінің ара жігіне қандай тыныс белгісі қойылады?

10. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем ара жігіне қандай тыныс белгісі қойылады?

Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем

10

20

30

40


2. Қарсылықты салалас сөйлемнің сұрақтары:

40.Қарсылықты салалас сөйлемдерде қолданылатын жалғаулық шылаулар қандай?

30. Қарсылықты салалас сөйлемдер деген не?

20.-Жанат орнын ұсынып еді,-отырған жоқ. Қарсылықты салалас сөйлемдер қалай байланысып тұр?

10. Қарсылықты салалас сөйлемдер тыныс белгілері қандай?

Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем

10

20

30

40


3. Түсіндірмелі салалас сөйлемнің сұрақтары:

40.Түсіндірмелі салалас қалай байланысады?

30. Түсіндірмелі салалас қандай есімдіктер арқылы байланысады?

20. Түсіндірмелі салалас сөйлемнің ара жігіне қандай тыныс белгісі қойылады?

10. Түсіндірмелі салалас сөйлемде сызықша қандай жағдайда қойылады?

Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем

10

20

30

40

4 .Себеп-салдар салалас сөйлемнің сұрақтары:

40. Себеп-салдар салалас сөйлем деген не?

30. Себеп-салдар салалас сөйлемді қандай жалғаулық шылаулар арқылы байланысады?

20.Жалғаулықты себеп-салдар сөйлемнің ара жігіне қандай тыныс белгісі қойылады?

10.Салдар мәнді сөйлем себеп мәнді сөй лемнен бұрын тұрса, арасына қандай тыныс белгісі қойылады?

Талғаулы салалас құрмалас сөйлем

10

20

30

40


5.Талғаулы салалас құрмалас сөйлемнің сұрақтары:

40. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді байланыстыратын жалғаулық шылаулар қандай?

30. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемнің ережесі қандай?

20. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемніңтыныс белгілері қандай?

10.Сондықтан, сол себепті-шылаулары талғаулы салаластың шылаулары болама?

Кезектес салалас құрмалас сөйлем

10

20

30

40

6. Кезектес салалас құрмалас сөйлемнің сұрақтары:

40.Іс-әрекет бірінен соң бірі орындалады. Кезектес салалас бола алама?

30. Кезектес салалас құрмалас сөйлем деген не?

20. Кезектес салалас құрмалас сөйлем қандай жалғаулық шылаулар арқылы байланысады?

10. Кезектес салалас құрмалас сөйлемнің ара жігіне қандай тыныс белгісі қойылады?

ІҮкезең. Бәйге.Әртоптан ең көп ұпай жинаған оқушы бір минут ішінде сұрақтарға тез жауап беру қажет. Әр дұрыс жауап бір ұпай беріледі.

1-оқушыға.

1.Құрмалас сөйлем деген не?

2.Ыңғайлас салаластың ережесі қаендай?

3.Бірде,әрі, және -шылаудың қай түріне жатады?

4.Сілтеу есімдіктері байланыстыратын саслалачстың түрі қандай?

5.Тіл білімін зернттейтін сала не деп аталады?

2-оқушыға

1.Құрмалас сөйлемде неше ой айтылады?

2.Түсіндірмелі салаластың шылаулары қандай?

3.Бірақ, алайда, әйткенмен- қандай салаластың шылаулары?

4. Құрмалас сөйлемнің тынысбелгілері қандай?

5.Сөз жіне оны ң мағынасын зерттейтін сала не деп аталады?

3-оқушыға

1.Құрмалас сөйлемнің құрамында неше жай сөйлем болады?

2.Не,немесе,я,яки,болмаса шылаулары қандай салаласты байланыстырады?

3.Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің бірақ шылауының орнына қандай тыныс белгілері қойылады?

4.Бағыттас, мезгілдес болып байланысатын салаластың түрі қандай?

5.Сөз таптарын қандай сала зерттейді?

4-оқушыға

1.Кезектес салалас құрмалас сөйлемдегі іс-әрекет қалай жүзеге асады?

2.Бір минуттай уақытөтті,-ешкім сөйлемеді. Салаластың қай түрінге жатады?

3.Құрамындағы жай сөйлемдердегі іс-әрекеттің болу-болмауын білдіретін салаластың түрі қандай?

4.Және, да,де, әрі -қандай салаластың шылаулары?

5. Тыныс белдгісін зерттейтін сала қалай аталады?

Үкезең.Көкпар. Оқушылар тақта бетінде «қызыл», «көк», «сары» түсті ұяшықтағы тапсыпрмалардың біреуін таңдайды. Тапсырма бойынша өзі таңдаған түс бойынша тақта бетінде ұяшықтардың орналасуын есте сақтап,кңезек-кезекпен сұрақ-жауап береді.

Ыңғайлас,қарсылықты салалас сөйлемҚызыл

Түсіндірмелі, себеп-салдар салалас сөйлемКөк

Талғаулы,кезектес салалас сөйлем

Сары

1

10

9

19

16

28

2

13

8

14

27

6

21

12

24

23

30

15

4

17

11

26

3

22

29

5

25

18

20

7




Қызыл түс Ыңғайлас салалас және қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.

10.Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері қандай?(Үтір)

18.Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері қандай?(Үтір, сызықша.)

5. Және-ыңғайлас салаластың шылауы ма? (Иә.)

22.Бағыттас,мезгілдес болып байланысатын салаластыі түрі қандай?(Ыңғайлас салалас)

26.Ыңғайлас салаласты байланыстыратын шылауларды ата.( Және, әрі, мен,да,де.)

17.Әйткенмен шылауы қарсылықты салалас бола ма?(Иә)

27.Қарсылықты салаластың шылауларын ата. (Бірақ, дегенмен, әйткенмен,әйтсе де.)

13. Қарсылықты салаластың мағыналары қандай болады?( Қарама-қарсы.)

16.Бірақ шылауының орнына қойылатын тыныс белгісі қандай?(Сызықша.)

19. Қарсылықты салаласты байланыстыратын шылауларды ата. (Бірақ, алайда.)

Көк түс. Түсіндірмелі және себеп-салдар салалас қүұрмалас сөйлем.

1. Түсіндірмелі салаластың тыныс белгілері. (Үтір.)

25. Түсіндірмелі салаласта іс-әрекет қалай жүзеге асады?

11.Кейде-шылауы түсіндірмелі салалас бола ма?(Иә)

15.Бірі екіншісінің себебін не салдарын білдіретін салаластың түрі? (Себеп-салдар.)

23.Себебі бірінші келсе, оның тыныс белгісі қандай?( Үтір.)

21.Себеп-салдар салалас қандай шылаулар арқылы байланысады? (Себебі,сондықтан,сол себепті.)

8. Өйткені,себебі-шылауы арқылы салаластың қандай түрі байланысады?( Себеп-салдар.)

9.Жалғаулықсыз себеп-салдар салаластың ара жігіне қандай тыныс белгісі қойылады? (Үтір, сызықша, қос нүкте.)

2.Сілтеу есімдіктері арқылы жасалатын салаластың түрі қандай? (Түсіндірмелі салалас.)

Сары түс. Талғаулы және кезектес салалас құрмалас сөйлем.

7. Талғаулы салаластың тыныс белгілері қандай? (Үтір.)

20. Талғаулы салаласты байланыстыратын жалғаулық шылаулар?( Не,немесе, я, яки.)

3. Талғаулы салалас құрмаласта іс-әрекет қандай болады? (Біреуі ғана іске асады.)

4. Кезектес салаластың тыныс белгілері қандай?(Үтір.)

30. Кезектес салаласты байланыстыратын жалғаулық шылаулар қандай? (Бірде ,біресе, кейде.)

24. Не,немесе, яки-шылаулары кезектес салаластың шылауы. (Жоқ.)

12. Талғаулы салаластың баяндауыштары қалай байланысады?( Шылау арқылы.)

6. Сізге не Мұрат бірдеңе айтқан, не Мырқалдың қоңырсытып жүрген сөзін естігенсіз.Салаластың қай түрі?( Талғаулы.)

14.Кейде,бірде,біресе-кекзектес салаластың шылауы ма?( Иә).

28.Біресе бір ауық озып кетеді,біресе кейін қалып қояды. Салаластың қай түрі?( Кезектес салалас.)

Бағалау парағы

Р\С

Сайыскердің аты-жөні, тобы

Жорға.

1ұпай

Тапқырлық

1тест сұрағы 2ұпай

Тікелей сұрақ

4сұрақ

40,30,20,10

Бәйге

5сұрақ

2ұпай

Көкпар

10сұрақ

2ұпай

Ба рлығы

1



2



Әр топ басшысы бағалау парағын толтырады, жеңімпаз оқушы анықталып, марапатталады. Белсенділік танытқан оқушы мадақталады,бағаланады.


© 2010-2022