• Преподавателю
  • Другое
  • Ашық сабақ. Өзін-өзі тану пәні бойынша. Сабақтың тақырыбы: Дос болайық бәріміз ! 3 сынып

Ашық сабақ. Өзін-өзі тану пәні бойынша. Сабақтың тақырыбы: Дос болайық бәріміз ! 3 сынып

Раздел Другое
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзін - өзі тану сабағының жоспары

Тақырып: Дос болайық, бәріміз

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: Мейірімділік,адамгершілік, әділ болу.

Мұғалім:

Сынып - 3 сынып

Оқушылар саны15

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «Дос», «достық» ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашып, қиянат жасамауға тәрбиелеу.

Міндеттері:

• Оқушыларға достар арасындағы рухани жақындықтың мәнін ұғындыру.

• Оқушыларға адамдарға деген тілеулес,ізгі ниеттерін дамыту.

• Оқушыларды жауапкершілікке,сезімталдыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: ( белсенді тақта, кітап, дәптер, ғаламтор желісінен жаңа ақпараттар, сюжетті суреттер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті.

Жайлы,баяу музыка қойылады.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздеріміздерге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте - бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңыға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардыңда жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға,өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын.....Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын.... Нұр менің ішімде....Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық отыра тұрыңыз....

Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

1.Үй тапсырмасын тексеру.

«Дос көңілі - шарайна » тақырыбына шығарма жазу.

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

2.Дәйексөз

Әрқашан тілектес,

Досыңа көмектес.

Е.Өтетілеуов

Жаңа тақырыпқа дайындық.

«Сазды хикая» атты ертегіні оқып,талдау.

• Көртышқан достарымен қалай татуласты?

• Көртышқанның жалғыз қалу себебі неде деп ойлайсыңдар?

• «Екі достан айырылсаң, жаңасын таппайсың» дегенді қалай түсінесіңдер?

3.Әңгімелеу

Екі дос...

Екі дос бір егістікте жүмыс істейтін.Бірінің отбасы, балалары бар,ал екіншісі жалғыз басты еді.Күн батқанға дейін жұмыс істеп,достар тапқан өнімді тепе - тең етіп екіге бөліп алатын. Бір күні жалғыз басты адам ішінен: «Өнімді және шыққан пайданы тепе - тең бөлгеніміз дұрыс болмады, мен жалғыз тұрамын, сондықтан да айтарлықтай көп қажеттілігім де жоқ» деп ойлайды.Осындай оймен, түн сайын бір қап өнімді досының үйінің алдындағы сарайға жасырын апарып тұрды.

Досы да ішінен:« Өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, менің отбасым бар,қартайған шағымда олар маған қарайды.Ал досымның болса ешкімі жоқ, қартайған кезінде оған қарайтын адам болмайды» деп ойлайды. Осылайша бұл да түн жамылып үйден шығып,досының қорасына өнімді апарып тұрады.Алайда қорадағы қаптардың саны неге азаймайтынына екі дос та түсінбей жүреді.Бір түні бір - бірінің қорасына жасырын қап тасып жүргенде, олар кездесіп қалады.Сонда ғана олар болған жайдың мәнін түсінеді.Қаптарды жерге қоя салып, достар құшақтаса кетеді.

4.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Жағдаяттарды шешу.

Санжар, Қайнар, Айдос үшеуі орманнан серуендеп келе жатты. Бір кезде өзенге жетті. Өзендегі көпір тар екен. Үшеуі қатар өте алмайтын болды. Бір - бірден өтпек болды.....

1.Санжар мен Қайсардың орнында не істер едіңдер?

5.Топпен ән айту

Дос болайық, бәріміз

с. Х.Талғаров

ә. И.Нүсіпбаев

1.Әрқашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ілгері жүріңдер.

Достық жырын біліңдер,

Ту ғып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіңдер!

Қайырмасы:

Дос болайық, бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

2.Қайраттанып қарышта,

Озып шыққан жарыста,

Батыл бас, жас ұлан!

Самға биік, алысқа,

Жұлдыздарға, ғарышқа,

Бойда күш тасыған.

6.Үй тапсырмасы

«Жақсы» немесе «жаман дос туралы» өзің мақал құрастырып көр.

7.Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен орындалып тұрады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізге үлкен рахмет.



© 2010-2022