Атамекен алтын бесік өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары 10 сынып

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Атамекен - алтын бесік
Мақсаты:

Білімділік :Туған өлке атты қастерлі ұғымды оқушы санасына сіңіру ,өз бетінше ойын жеткізуді үйрету.
Дамытушылық :Еркін ,шешен сөйлеуге баулу ,ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік : Өз еліне , атамекеніне сүйіспеншілігін арттыру .
Сабақ әдісі : Сұрақ - жауап , әңгімелесу.
Сабақ түрі : Дөңгелек үстел.
Сабақ көрнекілігі : плакат ,дәйек сөздер ,шарлар , жүрекшелер.

Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды түгелдеп, сабаққа дайындықтарын тексеру.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны
Сөзі: Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев
Әні: Ш. Қалдаяқов
1. Алтын күн аспаны, алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны еліме қарашы.
Ежелден ер деген даңқымыз шықты ғой,
Намысын бермеген қазағым мықты ғой.
Қайырмасы:
Менің елім, менің жерім,
Гүлің болып егілемін.
Жырың болып төгілемін, елім,
Туған жерім менің - Қазақстаным.
2. Ұрпаққа жол ашқан кең байтақ жерім бар,
Бірлігі жарасқан тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақыттың мәңгілік досындай,
Біздің ел бақытты, біздің ел осындай.

Тыныштық сәті:
Баяу әуен қосылады.

Әңгімелесу:

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін бізде - «Атамекен - алтын бесік» деген тақырыпқа сыр шертейік!

Мен сендерге «Отан туралы» өлеңін оқып берейін.

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған: «Отан!»- деп сыбырлаған.

Жаным менің,

Кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған!

Отан!

Отан!

Туған өлкем дегенде ойыңа бірінші не келеді ?

Адамның туған жері әрқашан атамекен бола ма ?

Өз атамекеніңді ,өлкеңді сүйе білесің бе ?

Оған деген перзенттік парызды қалай өтеуге болады ?

Сенің арман-қиялыңда туған өлкеге қандай орын берілген ?

Біздің туған өлкемізден шыққан қандай азаматтарды білесің?

Жаңа ақпарат
Туған жер - ата - бабамыздың қоныс еткен ,біздің қасиетті мекеніміз. Адам қайда жүрсе де ,қандай биіктерге көтерілсе де ,ол үшін ең қасиетті. Ең қадірлі өлке - ол Атамекен.
Менің Отанымның мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Ол Алтай тілдік тегіне, Түркі тілдер тобына жатады. Оны зерттеген ғалымдарды білемін. Олар В.В. Радлов, В.В Бартольд, Ғ. Айдаров, Н. Сауранбаев. Мен мемлекеттік тілді сүйіп оқимын, себебі, ол - менің ана тілім, оны білу - Қазақстанның әр азаматына міндет. Мемлекеттік тіл маған келешегім үшін қажет. Оны терең білу - біздің борышымыз. Тіл - өте маңызды құрал. Тіл болмаса, адам өз ойын біреуге жеткізе алмас еді, біреудің ойын түсіне де алмайтын еді.Тіл арқылы біз білім аламыз, мамандыққа үйренеміз. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдеп - ғұрыптары, дәстүрлері бізге тіл арқылы жетеді. Тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден басталады. Қазақ тілі - өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Ол Қазақстанда 1989жылы мемлекеттік мәртебе алды.

Қазіргі уақытта елімізді әлемдегі барлық ел таниды, танып қана қоймай еліміздің жетістіктеріне қызғанышпен қызыға қарайды. Біз осындай тәуелсіз, бірлік, бейбітшілік орнаған елдің ұрпағы болғанымызға мақтануымыз керек.

Шығармашылық жұмыс

Дәптермен жұмыс

Мақал -мәтелдер жарысы
- Қандай мақал -мәтелдер білесіңдер ?
1.Туған жер -тұғырың ,
Туған ел -қыдырың .
2.Туған жердей жер болмас ,
Туған елдей ел болмас .
3. Бөтен елде сұлтан болғанша ,
өз еліңде ұлтан бол.
4.Жері байдың ,елі бай.
5. Ауылым -алтын бесік.

Сахналау:
« Егерде мен ............... болсам » ойыны.
Әкім
Директор
Суретші
Су маманы

Полиция қызметкері
Балалар өздеріне ұнайтын мамандықты таңдап ,сол мамандықты таңдап алып ,сол мамандықтың иесі рөлінде өз ойларын айтады.
Пікірсайыс / дискуссия /
Ауылда тұрған
Атамекен алтын бесік өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары 10 сынып
Ұнайды Ұнамайды

Ән шырқайық достар.

Ән: Атамекен.
Жасыл жайлау -түкті кілем , көк кілем ,
Көк кілемде көп ойнаймын , көп күлем.
Айдарымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем.
Қайырмасы :
Қайда жүрсең ,атамкен ,
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі ұясына
Қимай оны батады екен.
Жасыл жайлау -түкті кілем , көк кілем ,
Көк кілемде көп аунаймын , көп күлем.
Асқар таудың аспанымен таласқан
Қазағымның мәртебесі деп білем.
Қайырмасы :

Бейнематериал көру.

Оқушылардың назарын тақтаға аударып тақырыпқа байланысты бейнематериал көрсету.

Мақалды аяқта

10

20

30

Әнді жалғастыр

10

20

30

Жылдар және оқиғалар

10

20

30

10 Акқу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.

20 Сұңқар киясын сағынады,
Торғай ұясын сағынады.


30 Пәлен жерде пайда бар,
өз жеріңдей қайда бар?

10 арайлап таным

20 Атамекен

30 Көк тудың желбірегені

10 1995 жылы 30- тамызда Ата Заңымыз қабылданды.

20 1997 жылы Астана Ақмола қаласына көшірілді.
30 1928 жылы Күршім ауданы құрылды


Тыныштық сәті
Баяу әуен қосылады




© 2010-2022