Бұл қай жыл мезгілі

Раздел Другое
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Бұл қай жыл мезгілі» суреттермен жұмыс

Мақсаты: Баланың танымдық белсенділігін ояту, зейінін және есте сақтау процесін дамыту.

І.Ұйымдастыру кезеңі

Баланы сабаққа әзірлеу.

ІІ. Суреттермен жұмыс

Балаға жыл мезгілдерінің суреттерін көрсетіп, қай жыл мезгілі екендігін сұраймын.

  • Мынау қай жыл мезгілі?

  • Неліктен?

  • Қыс мезгілі екендігін қайдан білдің?

  • Көктем мезгілі қаңдай мезгіл?

  • Сен қай мезгілді жақсы көресің?

Жыл мезгілдеріне сәйкес ай ттарын үйретемін.

Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан

Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр

Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз

Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша.

ІІІ. «Не өзгерді?» ойыны.

Ойынның шарты:

Үстелдің үстіне бірнеше зат я болмаса кішкентай ойыншық қойылады. Балаға үстелде тұрған ойыншықтарды есінде сақтау ұсынылады, содан кейін «көзіңді жұм» - деп нұсқау беріледі, осы кезде жүргізуші ойыншықтардың біреуін алып тастайды да қай ойыншықтың жоғалғанын табу ұсынылады.

Осы ойынның басқа нұсқасы ретінде; келесі тапсырма заттардың орналасуының өзгергенін табу болып табылады. Ойыншыларға үстелдегі заттардың қандай тәртіппен орналасқанын есінде сақтау ұсынылады, ал кейін ойынды жүргізуші бірнеше заттың орнын ауыстырады да не өзгергенін табу ұсынылады.

Егер бұл ойын балаларға тым қиын болса, онда сөзбен бірігіп айту тәсілі қолданады.

ІҮ. Сабақты қорытындылау. Баланың танымдық белсенділігін ояту, зейінін және есте сақтау процесін дамыту.


© 2010-2022