Менің педагогикалық мамандығым тақырыбындағы эссе жұмысы

Теориялық білімін іс жүзінде қолдана білетін, танымдық белсенділігі жоғары, өз көзқарасын, сенімін қорғайтын, өз елінің тілін, дінін, салт – дәстүрін қадірлейтін, сауатты да салауатты, шығармашылықпен жұмыс істейтін оқушыларды тәрбиелеп шығару ұзақ та үздіксіз жұмысты қажет ететін ұстаз мамандығының қыры мен сырына тоқталдым.«Әрбір бала – болашақ данышпан» деген қағидаға сүйенсек, шығармашылық қабілет әр баланың бойында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз оқушы бойындағы сол жасырынған қабілеттерді ...
Раздел Другое
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Эссе «Менің педагогикалық мамандығым»

Білімді адам көп нәрсені біледі және

қабілеті, дарыны арқылы басқа

белгісіз нәрселерді өз бетінше аша

алады.

Әл - Фараби

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-

2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс.

Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды.» деп атап көрсетсе, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі орта білім беруді дамыту тұжырымдамасында "Орта білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің кәсіби дағдылары негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру " деп айтылған.

Сондықтан теориялық білімін іс жүзінде қолдана білетін, танымдық белсенділігі жоғары, өз көзқарасын, сенімін қорғайтын, өз елінің тілін, дінін, салт - дәстүрін қадірлейтін, сауатты да салауатты, шығармашылықпен жұмыс істейтін оқушыларды тәрбиелеп шығару ұзақ та үздіксіз жұмысты қажет етеді. Әсіресе оқушылардың сауаттылығын, белсенділігін, шығармашылығын дамытуда қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін жаңаша оқыту бүгінгі заман талабы деп есептеймін.

ҚР - жалпы орта білім берудің мемлекетік жалпыға міндетті стандартында: «Білім беру жүйесінің негізгі және бағдарлы мектеп сатыларындағы "Қазақ тілі" пәнін оқытудың мақсаты - ана тілінің қоғамдық - әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің қызметін жүйелі меңгерген, қарым - қатынастық біліктілігі дамыған, сөз мәденинтінің талаптарына сай іскерліктерді меңгерген дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу болса, қазақ әдебиетін оқытудың мақсаты - оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, интеллектуалдық, көркемдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру; оқырмандық талғамды қалыптастыру; әдеби мұраны және онда бейнеленген құбылысты эстетикалық тұрғыда қабылдауға қажетті білім және білікпен қаруландыру; логикалық ойын, ауызша сөйлеу және жазба тіл мәдениетін қалыптастыру. Бір сөзбен айтқанда, дара тұлғаны дамыту болып табылады» деп жазылған.

Міне, қазақ тілі мен әдебиеті сабағында осы мақсаттың міндеттеріне сәйкес оқушыларды ғылыми ізденіс бағытындағы жұмыс түрлеріне төселдіру, оқушының тілін дамыту, тілдік, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, ойын сауатты айтып, оқу шығармасы түрінде жаза білуін, байланыстырып сөйлеудегі тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өзіндік ой - пікірін дәйекті, жүйелі айта білуге, ұтымды шешен сөйлеуге баулу үшін мұғалім жаңа технологияларды шеберлікпен қолданып, пәнге қызығушылығын арттыру қажет.

Өмірде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болу бақыты кез келгенге бұйыра бермейді деп есептеймін. Өйткені, мұндай мамандық иесі болу - тіл байлықты, шыдамдылық пен мейірімділікті, шығармашылық пен шеберлікті қажет ететін мамандық. Өз мамандығымды шексіз сүйетіндігім де сондықтан болар.

Менің ойымша, әр мұғалім - оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие бере алатын, оқушының толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына бар күш-жігерін жұмсай алатын болуы керек. Осыған орай, соңғы кездері оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасақталып, тәжірибеде қолданылуда.

Мен де оқушыларды білімді де, білікті жеке тұлға ретінде қалыптастыру мақсатында Джордж Соростың ашық қоғам институтының «Сорос Қазақстан» қоры арқылы келген «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» стратегияларын бірнеше жылдан бері тәжірибемде қолданып келемін.

Бұл технологияның негізгі мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қалыптан тыс ойлауға үйрету, яғни жаңа нәрсені ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсінемін.

«Әрбір бала - болашақ данышпан» деген қағидаға сүйенсек, шығармашылық қабілет әр баланың бойында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз оқушы бойындағы сол жасырынған қабілеттерді тауып, ұштап, қырлап, асыл тастай жарқырату.

Жалпы, «шығармашылық» деген ұғымның мазмұны - «шығару», «іздену», «ойлап табу» мағынасын береді. Ол - тарихи қоғамдық мәні бар, жаңалық ашатын адамның әрекеті, сонымен қатар, адамнын мақсатты ісіне жету жолындағы талаптану мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысы мен ізденісінен құралып, ақыл - ой мен сезімнің, қиялдың ерекше бірлігінен көрінеді, ал "шығармашылық тұлға жас ерекшелігіне, қызығушылығына қарамастан, өзгелерден даралығымен, шұғыл шешімділігімен, өз күшіне деген сенімділігімен, сезім ұшқырлығымен, өз бетімен жұмыс істеуге деген құштарлығымен, табандылығымен, асқан шабытымен ерекшеленеді".

Оқушылардың шығармашылықпен белсенді, тұрақты айналасуға ең икемді жасы деп мен орта буынды айтар едім. Өйткені, бұл жас ойлау процесінің өзіндік ерекше стилі қалыптасатын, түрлі болжамдар, қорытындылар құруға, философиялық шарықтауға, қиял, романтикаға, ой, қимыл, сезім шапшаңдығына бой ұратын, шығармашылық күшін сынауға, өзін танытуға құштар болып келетін жас. Сыныптағы оқушылардың барлығы өздерінің фантазиялық идеяларын шұғыл іс жүзінде жүзеге асыруға ұмтылып тұрады. Және де бұл жаста барлық баланың қиялы айқын, мазмұндама, мінездемеден гөрі әңгіме, өлең, ертегі жазуға ерекше құштар әрі қабілетті, жан дүниесі нәзік, лирик болып келеді. 10 - 11 сынып оқушыларына қарағанда осы жас кезеңінде балалардың әдеби тілді, сауатты жазуды шапшаң меңгеріп, қаламы тез төселеді.

Мен өз сабақтарымда оқушының дарынын қалыптастыруда қосымша үнемі төмендегідей шығармашылық жұмыстарды жүргізіп келемін.

  • түрлі тақырыптарға шағын мәтін, әңгіме, шығарма, эссе жазу;

  • пән олимпиадалары мен оқулар байқауына қатысу;

  • өлең шығаруға қабілетті оқушылармен жұмыс;

  • шығармаларға жоспар құрғызу, құрлысына талдау жасап, авторлорына хат жазу;

  • газет - журналдарға оқушының үздік жұмыстарына іріктеп жіберу;

Осы жұмыстарымның нәтижесі:

-Дарынды оқушылармен жұмыста 11 сынып оқушысы Көшкімбайқызы Ләззат «Маңғыстау би-шешендерінің тілдік ерекшеліктері» тақырыбындағы жұмысынан облыстық конференциядан ІІ орын алып, республикалық сайысқа қатысып қайтты;

-8 гимназия сынып оқушысы Күзен Нәзира «Т.Айбергенов өлеңдеріндегі көркемдегіш құралдар» тақырыбындағы жұмысынан ІІІ орын иеленді;

-7 гимназия оқушысы Бисенбай Оразгүл «Т.Айбергенов шығармаларындағы поэтикалық өрнектер» тақырыбындағы ғылыми жұмысынан республикалық конференциядан ІІІ орын алды.

-2012 ж. Күзен Назира (9 с.) «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасынан

( «Жас ғалымдар» бағыты) ІІ орын;

-2012 ж. Қараша Гауһар (7 с.) «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының «Зерде» оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалардың VІІ республикалық конкурсынан грамота;

-2012 ж. Қараша Гауһар (7 с.) «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының «Зерде» оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалардың VІІ республикалық конкурсынан сертификат;

-2012 ж. Күзен Назира (9 с.) ҚР Кіші ғылым Академиясының ХІІ Маңғыстау облыстық ғылыми-практикалық конференциянан Құрмет грамотасы

-2012 ж. Таласбаева Фатима (7 с.) Аудандық ІІІ Махамбет оқуларынан жатқа оқу конурсы бойынша ІІІ орын

-2013 ж. Күзен Назира облыстық «Маржан сөз» сайысынан ІІ орын, облыстық пәндік олимпиадасында қазақ тіл мен әдебиеті пәнінен ІІІ орын алды.

-Көшкімбайқызы Ләззат пен Күзен Нәзира аудандық пәндік олимпиаданың 2 дүркін І орын жүлдегері;

-өзім дайындаған мектеп оқушыларынан аудандық, облыстық түрлі сайыс-байқаулардың жүлдегерлері: 20;

-А.Базарқұлова, А.Айтбаева, Ж.Ходжахмедова, А.Тәжібаеваның мақалалары мен өлеңдері аудандық, облыстық, республикалық газет-журналдарға жарияланды.

-2010-2011 оқу жылында ҰБТ-дан 114 ұпай жинаған оқушысы Көшкімбайқызы Ләззат ұстаз жолын қуып, Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ тілі мен әдебиеті факультетінің грантын жеңіп алды.

-11 сынып оқушысы Көшкімбайқызы Ләззат пен 8 гимназия сынып оқушысы Күзен Назира 2010-2011 оқу жылында білімі және талантымен танылып, Алматы қаласындағы «Ғылым» баспасынан шыққан (2011 жылы) «Қазақстанның үміт артарлары» анықтамалығына енді.

Білім - адамның ақылын қозғап отыратын күш десек, ежелгі гректер "талант деген - табиғи сый мен қабілет, сондай - ақ жолы болу, табыс, бақыт кілті" деп бағалаған. Шынында да тәуелсіз мемлекетіміздің гүлденуі үшін пайда әкелетін таланттар мен дарындылар қоғамымызға аудай қажет екенін өмірдің өзі дәлелдеп берді. Оқушылардың саяси - мәдени білімін жетілдіруге, тұлғалық, даралық қасиеттерін ашуға яғни ықпал етіп қана қоймай, оларды шығармашылық ізденістерге жетелеу, ғылыми - зерттеу жұмыстарына тарту оқушы дарынын қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады десек, білім мен өнер дарынды оқушының қос қанаты. Талант - жолы болу, бақыт кілті дедік. Ал, талант пен дарындылық - егіз ұғым. Әрбір бала - жарқыраған шамшырақ, оны жаға білген ұстаз ғана ұтады дегім келеді.

Джапанова Нина Абилгазыевна

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай селосы, № 4 орта мектеп







© 2010-2022