Разработка урока по казахскому языку: Астана-бас қала

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мұғалім: Бекболатова Ж. Қ.

Пән: қазақ тілі

Сынып: 8 «А»

Сабақтың тақырыбы: Астана-бас қала.

Сабақтың мақсаты:

Негізгі мақсат: Астана бас қала ретінде мінездеме беру.

Білімділік: Астана туралы жан-жақты білім беру, мағлуматтарын кеңейту.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетің, ауыз екі сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: Отанды сүюге, елді құрметтеуге баулу. Ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру

Сабақтың түрі: саяхат сабағы

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер

Қолданылған әдіс-тәсілдер: интерактивті әдіс,проблемалық сұрақтар,сын тұрғысынан ойлау,әңгімелесу, сұрақ- жауап, баяндау.

Құзыреттіліктер:

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу.

Оқушыларды сабаққа ынталандыру, сәттілік тілеу.(оқушылар шеңбер құрайды)

Амансыз ба! Жер Ана!

Амансыз ба! Күн Ана!

Амансыз ба ! достарым!

Сәлеметсіз бе мұғалім!

Сәлеметсіз бе , қонақтар!

Балалар, мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сондықтан сабағымыз сәтті өтсін деп, қолымыздан ұстап бір бірімізге жақсы лебіз білдірейік.

(Жақсы баға алайық, көңіл күйлеріміз жақсы болсын, деңсаулығымыз мықты болсын,өмірде бақытты болайық,

Бір- бірімізге не тілейміз?

Сәттілік тілейміз.

- Қазақ тілінде неше жалғау бар?

-Қазақ тілінде неше септік бар?

-Септіктерді ата.

-Қазақстан қандай мемлекет?

-Қазақстанның рәміздерін ата

-Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?

-Қазақстанның Президенті кім?

-Қазақстан тәуелсіздігін қашан жариялады?

- Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?

- Ұлттық валюта қай жылы еңгізілді?

- Қазақстан тарихында неше астана болды?

- Қазақстанның ежелгі қалалары қандай?

-Түркістан қай аймақта орналасқан?

-Қожа Ахмет Иассауи кесенесі қайда орналасқан?

Балалар, қараңыз бүгін сабағымыздың тақырыбы белгісіз, ал тақырыпты сендер сурет арқылы шешесіңдер. Сендердің мақсаттарын: суретті жинап алу.

  • Балалар, қандай суреттер шықты?

  • Бәйтерек

  • Пирамида

  • Ханшатыр

Өте жақсы ,балалар, бұл ғимараттар қай қалада орналасқан?

  • Дұрыс, балалар, сонымен сабағымыздың тақырыбы қандай?

Ал енді, орындарымызға отырамыз. Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Астана - бас қала. Қалай ойлайсыңдар біздің негізгі мақсатымыз қандай?

Астана бас қала ретінде мінездеме беру.

Балалар, сабағымыздың эпиграфын анықтау үшін, сендердің мақсаттарын, сандарды рет-ретімен жазу, буындарды жинап алу.

Бір- 9, ас-1,қа-5, на-3, та-2, ғы- 8, жан- 9, ба-7, ла-13, ған-11, қа-12

Астана десе ойыңызға не түседі? (кластер)

Дыбыстық жаттығу:

Жаса, жаңа Астанам,

Өркен жая бастаған!

Асқақтай бер, Астанам,

Берекеге бастаған!

-Сонымен қандай эпиграф шықты?

Дұрыс, «Астана -бас қала,

Бағы бір жанған қала».

Кіріспе сөз:

Астана күн санап өсіп келе жатқан әдемі, көрікті жерлері көп қала.

Бүгінде Астананың аты әлемге әйгілі.

-Ал енді сұрақтарға жауап беріңдер.

1.Астанада болдыңдар ма?

2.Астана қандай қала?

Бүгінгі жаңа сөздер.

Жаңа сөздер:

Болашақ-

Әйгілі-

Көрікті-

Ұлт өкілдері-

Өндіріс

Орындары -

Ықшамаудан-

Күннен күнге-

Гүлденеді -

Ғимарат-

Тұрғын -

А) мұғалім оқиды

Ә) хормен оқу

Б) аудару

В) сөз тіркесі, сөйлем құрастыру

Г) сөздерді сөз таптарына бөлу.

Д) «Әйгілі», «көрікті» сөзінің синонимі қандай?

Балалар, сендер жаңа сөздерді онлайн сөздігі арқылы аударасыңдар, ал енді тексерейік.

Зат есім

Сын есім

Етістік

Үстеу


Болашақ-

Әйгілі-

Көрікті-

Ұлт өкілдері-

Өндіріс

Ықшамаудан-

Гүлденеді -

1. Ең ұзын сөз қандай?- Ықшамаудан

2. Ең кішкентай сөз қандай? -Әйгілі

3. «Көрікті» сөзінің синонимі қандай?- Әдемі, сұлу.

4. БІріккен сөз қандай?- Ықшамаудан

5. Сөздерді ретімен жазу.

Мәтінмен жұмыс:

Астана

Біздің мемлекетіміздің бас қаласы-Астана. Бүгінде Астананың аты әлемге әйгілі, көрікті. Астана -болашағы үлкен қала. Ол Есіл өзенінің бойында Сарыарқа жерінде орналасқан.

Есіл өзенінің бойында Елбасы Резиденциясы, Парламент үйі, «Интерконтиненталь» қонақ үйі, Жастар сарайы, көп қабатты тұрғын үйлер бой көтерді. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері қойылған.Астананың символы- Бәйтерек. Астана қаласында жүздеген астам ұлт өкілдері тұрады. Онда өндіріс орындары көп. Жаңа, әдемі ғимараттары, ықшамаудандары салынып жатыр. Астана күннен күнге гүлденеді.

  1. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қою.

Біздің ...бас қаласы-. .. Бүгінде Астананың аты ... әйгілі, көрікті. Астана -болашағы ...қала. Ол Есіл .... бойында Сарыарқа жерінде....

Керекті сөздер: өзенінің , мемлекетіміздің, орналасқан , Астана, әлемге, үлкен.



  1. Астана үлкен қала , келген қонақтар адасып қалады, сондықтан сендердің мақсаттарын сөздерді рет ретімен орналастыру.

Есіл өзенініңбойындаЕлбасыРезиденциясы,Парламентүйі, «Интерконтиненталь»қонақүйі,Жастарсарайы,көпқабаттытұрғынүйлер бойкөтерді.ПарламентүйініңалдындаТөле би,Қазыбекби,Әйтекебидің ескерткіштеріқойылған.

  1. Астанада машиналар өте көп, көбінесе машиналар жолда тұрып қалады, сендердің мақсаттарын сөздерді ажырату.

Символы Астананың Бәйтерек. қаласында тұрады Астана жүздеген қаласында ұлт астам өкілдері . көп ғимараттары орындары Онда өндіріс. ықшамаудандары Жаңа, әдемі , салынып жатыр күнге Астана күннен гүлденеді

«Алтын сандық» - мәтін бойынша сұрақтар құрастыру, алтын сандыққа салу.

Сөйлем

Дұрыс

Бұрыс

Астана Қазақстанның онтүстігінде орналасқан.

Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы - Астана

Астананың символы - Атамекен.

Парламент үйінің алдында Абайдың ескерткіші қойылған

Астана зәулім ғимараттарымен танымал емес

Астана қаласында жүздеген астам ұлт өкілдері тұрады.

Астана күннен күнге гүлденбейді.

А.с

І.с

Б.с

Т.с

Ж.с

Ш.с

К. С

Біздің, бүгінде, күннен, ұлт, ғимаратқа, ескерткішті, Астанамен

Тест. (Астана» әні)

  1. Біздің мемлекетіміздің астанасы қандай қала?

А) Алматы Ә) Астана Б) Ақмола

2. Астана қандай қала?

А) үлкен Ә) үлкен емес Б) кішкентай

3. Ол қай өзеннің бойында орналасқан?

А) Есіл Ә) Сырдария Б) Тобыл

4. Парламент үйінің алдында кімнің ескерткіші орналасқан?

А) Абай Ә) Кенесары хан Б) Төле би, Қазыбек би, Әйтеке

5. Есіл өзенінің бойында не орналасқан?

А) Конгерсс холл Ә) «Абай» қонақ үйі Б) Елбасы Резиденциясы

6. Астананың символы не?

А) Конгерсс холл Ә) «Ханшатыр» Б) «Бәйтерек»

7. Бәйтеректің биіктігі неше метр?

А)80 Ә) 98Б) 97

8. Астана бұрын қалай аталған?

А ) Верный Ә) Ақмола Б) Отырар

9. «Астанада» сөзі қай септікте тұр?

А) К.с Ә) І.с Б) Ж.с

10. Астана қай сөз табы?

А) зат есім Ә) сын есім Б) үстеу

Синквэйн

1 Астана- зат есім

2- 2 сын есім- әсем, бас

3- 3 етістік- Орналасқан, өзгерді, көтерді

4- сөйлем - Астана болашағы үлкен қала.
5- Елорда

Үйге тапсырма: Астана туралы эссе жазындар





Разработка урока по казахскому языку : Астана-бас қала.Разработка урока по казахскому языку : Астана-бас қала.Разработка урока по казахскому языку : Астана-бас қала.


© 2010-2022