Әдебиет сабағында оқытудың жаңа стратегияларын қолданудың тиімділігі

Раздел Другое
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Жоламан ауылы «Ақтоғай ауданының Ақбидай негізгі мектебі» кмм-сінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Мундуинова Асем Ерболатовна


Баяндама тақырыбы: Әдебиет сабағында оқытудың жаңа

стратегияларын қолданудың тиімділігі








2016 жыл

Әдебиет сабағында оқытудың жаңа

стратегияларын қолданудың тиімділігі

Ғ.Мү­сірепов «Әдебиет - адамгершілікке сү­йіспеншілік» десе, бүгін «Әдебиет - елге, Отанға, ұлтқа сүйіспеншілік» дейтін кезең.

Ұлттық құндылық пен мәдени мұра негізі - әдебиетте. Себебі, әдебиет сабағы жалпы ұлттың тілдік құндылықтарының бірі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде, оларға жастайынан имандылық пен ұлттық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз» деп, «Ұлттық сана ұлттық тілмен қалыптасады» деген болатын.

Әл-Фараби «Адамға тән бір жақсы қасиет - өзін қоршаған әлемнің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ете алу», сондай-ақ «Тәрбиелеу дегеніміз - адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту» деп көрсеткен өзінің бір еңбегінде. [2]

Жаһандану заманына лайық мұғалімдер өз тәжірибесіне білімін жетілдірудің жаңаша әдіс-тәсілдерін енгізіп келеді. Қай кезеңді алып қарамасақ та, оқыту технологиясының басты мақсаты - оқушының ой еңбегінің деңгейін жетілдіру болатын.

Проблемалық оқытудың қалыптасу тарихына үңілсек, Сократ өзінің шәкірттерін логикалық ойлауға, зерттеулердің нәтижелерін табуға бағыттап отырған. Руссо білімді игеру үшін ситуациялар қою арқылы жүзеге асырған. Проблемалық оқытудың ең керекті әрекеті - ізденіс болса, соны өз тәжірибесінде кеңінен қолданған ғалымдар қатарында Песталоцци мен Дистервегтің еңбегі зор. Проблемалық оқытудың басқалардан айырмашылығы - білім оқушыларға дайын күйінде хабарланбайды, керісінше, олардың алдына өз бетінше шешуге проблема қойылады. Іздену әрекеті барысында білімді оқушылардың өздері табады. [3]

Оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздері - орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған (Hattie, 2009).

Бұл Бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. [4]

Дәстүрлі сабақтарда қолданылған әдіс-тәсілдер жеке оқушының білім алуында тек оқулықпен шектелсе, жаңаша оқытуда оқушы бірлескен топтық жұмыста, ынтымақтастықта жұмыс жасай отырып, өзінің айтпақ ойын еркін жеткізе алады. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерінде оқушы бір жауаппен шектеліп қана қоймайды, оның шешуші жолдарын анықтайды, идеяның көптігімен ерекшеленеді. Сондай-ақ, оқушының ізденушілік қасиеті де қалыптасады. Оқушы жауапты бір жақты қарамай, түрлі жағдаяттарға сүйене қарастырады. Міне, сондықтан Кембридж тәсілдерін сабақта қолданутың маңызы зор. [4]

Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған кезеңінде мектеп оқушылары қазақтың ежелден келе жатқан салт-дәстүр мен ұлттық рухтан алшақтап бара жатқандай. «Жақсы шығарма - жан серігің. Сәтті сомдалған кейіпкерімен қоса қуантады, ойландырады, мұңайтады» дейді ел Президенті Н.Ә.Назарбаев. Сол шығарманың идеясын анықтап, оқушы санасына жеткізу, оны өздігінен талдай білу оқыту технологияның сабақ үдерісіне енгізген жаңалықтың бірі.

Мектеп оқушыларының ұлттық құндылықтары мен мәдениетін, салт-санасын тәрбиелеу, ең әуелі, отбасы болса, екінші, мектептің жүрегі - ұстаздар қауымының қолында. Әдебиет сабағында ұрпақ тәрбиесіне, баланың рухани тұрғыда қалыптасуына Қорқыт ата, әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Мұхамед Хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Асан қайғы, Абай, Мағжан, т.б. еңбектері мен ой-пікірлері, шешендік сөздерінің орны ерекше.

Қазіргі әлем елдерімен теңескелі тұрған мемлекеттің болашағы әрбір қазақстандықтың, соның ішінде, жас ұрпақтың қолында екені белгілі. Қазіргі жас жеткіншектердің ұлттық рухани құндылығы қандай дәрежеде? Өзім ауылдық жердегі шағын ауыл мектебінде қызмет етемін. Бұл мектептің әрбір сыныбында 3-6 оқушыдан оқиды. Сол себепті сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдердің барлығы дерлік нәтижесін бере бермейді.

8-сынып бағдарламасында Төлеген Айбергеновтың «Аруана - бауыр дүние» өлеңіне 2 сағат бөлінген. Т.Айбергеновтің өмірімен, шығармашылық жолымен таныстыра отырып, шығарманың идеясын, көркемдік ерекшелігін ашқызу іске асырылады. «Аруана - бауыр дүние» өлеңіндегі аруананың туған жерге деген махаббаты баяндалады. Ана бейнесін топтастыра отырып, қосымша алынған мағлұматтары бойынша нақты фактілер келтірту - оқушының өздігінен орындалатын жұмыстардың бірі болып табылады. Ана тақырыбына қалам тартқан ақын-жазушылардың еңбектерін ажырата отырып, оқушылардың өлең бойынша тура және кері пікірлерін білдіре алады.

Көркем туындыны оқытудың ең бастысы, сол көркем туынды туралы оқушы пікірі, ойына ерекше көңіл бөлген жөн. Бұл пәннің басқа пәндерді оқытудан өзгешілігі де, күрделігі де осында. Басқа пәндерге қарағанда әр түрлі. Сондай-ақ, 7-сынып бағдарламасында Мұхтар Əуезовтың «Көксерек» əңгімесіне 3 сағат бөлінген. Əңгімеде қолға үйреткен түз тағысы Көксеректің ауыл иттеріне ұқсамайтын жат мінездері баяндалады. Мұның, əсіресе, қасқырлар үйіріне қосылғанда айқынырақ білінеді. Қасқырлар апанын бұзу арқылы адамдардың табиғатқа жасаған қиянаты баяндалған. Табиғаттың бір бөлшегі - түз тағысы қасқырдың адамнан өш алуын ашу, қасқыр мінезін, тіршілігін суреттеудегі жазушы шеберлігі мен терең білімділігін ашады. Шығармада адам мен табиғаттың бір-бірімен жарасымды тіршілік ету қажеттігі басты идея ретінде алынған. Бұл сияқты толып жатқан қызықты да өміршең көркем туындылар жетіп артылады. Бұл туындыларды оқыта отырып, оқушыны тәрбиелеу мен болашақта кірпіш болып қалануына үлес қосуда пән мұғалімі өз тәжірибесінде сан алуан әдіс-тәсілдерді пайдаланады. [5]

Жаңалыққа деген қызығушылық - басты ішкі талпыныс болып табылады. Оқушыларда жаңа, өзі білмейтін іске деген қызығушылық басым болады. Ондай істер оқушының бар ақыл-ойын, ішкі күштерін жұмылдырады және ерекше қуат береді. Бұндайда тәжірибеде оқытудың төмендегіше стратегияларын қолданған тиімді:

«Серпілген сауал» стратегиясы. Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтар лақтырылады. Ол сабақтың кіріспе (үй жұмысын тексеру), қорытынды кезеңдерінде іске асырылады.

Ой толғаныс. Күнделікті оқыту үрдісінде оқушының толғанысын

ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру. Білім арқылы тәрбиелікке, даналыққа бастау алады. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады. Үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін үйренеді. Оған «бес жолды өлең», «еркін жазу» түрлерін жатқызуға болады. «Еркін жауап» стратегиясында оқушылар өздері қалаған жұмыстарын орындайды. Мұнда еркіндік, бостандық сияқты сезімдері туындайды.

Еркін жазу. Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұнда шығармашылық тапсырма түрлері орындалады. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.
Оқушылардың алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта, сабақ кезеңдерінде қолдануға болады.

Ал «Семантикалық карта» стратегиясы оқушы мен шығарма арасындағы байланысты үдетеді. Оқушының шығарма мазмұнын жетік меңгеруін көздейді. Бұл стратегия, әсіресе, жаңа сабақ кезеңінде нәтиже берері анық.

«Екі түрлі түсініктеме күнделігі» әдісі де жаңа материалды игеру барысында қолданылады.

Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:

Бөліктің оң жағына

Сол жағына

Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады.

Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.)

─ Сіздің ойыңызда не сақталып қалды?

─ Автор оқырманды қалай қызықтырады?

─ Кейіпкерлердің іс-әрекетін Сіз қалай бағалайсыз? т.б. түрінде, сұрақтар төңірегінде жауап жазады.

Бұл әдіс те оқушыларды ұжым болып, жұмыс жасауға үйретеді. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге бағыттайды. Сондай-ақ, әдістің тиімділігі - сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды. Осылайша, ұйымдастырылған оқу сабақтары арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады.

«Ойланудың алты қалпағы» стратегиясы да жаңа тақырыпты меңгертуде қолданған тиімді. (Өз тәжірибемде сыныпта бар-жоғы 6 оқушы болғандықтан мен үшін қолайлы болды.)

Бұл стратегияның мақсаты: Айтарлықтай нәтижелі және сіздің ойларыңызға деген әсерден хабардар болу үшін сананың түрлі бөліктерін бөлу.

Бұл қалай жұмыс істейді?

Алты қалпақ бар, әрқайсысы ойланудың түрлі элементтерінің рөлін атқарады. Оқушыларға қалпақ беріп (шынайы немесе ойдан шығарылған), қалпақты қолдану арқылы талқылауды ойластыруларын сұрайды. Мағынасы - сұрақтың немесе идеяның түрлі элементтерін басатын карта жасау. Сыныпты түрлі қалпақтарға бөліп және мұғалім талқылауды басқара алады.

Қызыл қалпақ - түйсік. «Менің түйсіктік реакциям қандай? Менің түйсігім маған не дейді?» дегендей өз ойларыңды жазады.

Ақ қалпақ - фактілер. «Менде қандай ақпарат бар? Маған қандай ақпарат алу қажет?» дегендей оқушылар өздерінің білетіндерін жазады. Сондай-ақ, АКТ-ны пайдалануда интернет желілерін қолданады бұл әдісте.

Сары қалпақ - позитив. «Жағымды тұстары қандай болды? Оның артықшылығы қандай? Маған не ұнайды?» Оң тармақтарын жазу.

Қара қалпақ - Жағымсыз. «Жағымсыз кезеңдерді көрсетіңіз? Қандай проблемалар бар? Маған не ұнамайды?» деген сұрақтарына жауап берулері қажет. Сөйтіп жағымсыз тармақтарды жазады.

Жасыл қалпақ - Креатив. «Менде қандай идеялар бар? Қандай баламалы түрлерді ойлап таба аламын?» Барлық жаңасын және қызықтысын жазады.

Көк қалпақ - шолу. «Мен не аштым? Тағы не ашылған жоқ? Мен оны қалай аша аламын? Мен барлық қалпақты кие алдым ба?» деген жалпы түсінгендерін жазады.

«Ойланудың алты қалпағы» стратегиясының сабақта қолданудың тиімділігі - топтасқан барлық оқушылар белгілі бір жұмыс атқарады. Жаңа материал бойынша қосымша ақпарат ала отырып, атқарған жұмыстарына сыни көзқарас қалыптастырады.

Сабақтың бағалау кезеңінде стратегияның төмендегіше түрін қолданған тиімді (одан да басқа түрлері бар):

1) Бағдаршам

Түсінгендікті көрсету үшін бағдаршамның түстерін көрнекі құрал ретінде пайдаланыңыз. Мысалы:

  • Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар,

оны олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді (қызыл = түсінбеймін, жасыл = барлығы түсінікті).

  • Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып, өздерін

бағалайды. Мұғалімге көрсетілген бағалауды оқушылардың күнделіктеріне жазуына болады.

  • Сыныптастары бағдаршам түстерінің көмегімен

таныстырылымдарды және т.б. бағалайды.

2) «Кері байланыс бутерброды» әдісі. Кері байланыс әр түрлі тәсілдермен берілуі мүмкін. «Кері байланыс бутерброды» дегеніміз бұл: а) бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру; ә) Жағдаяттық мәлімдеме - Маған ұнады..., себебі ... Енді/келесі жолы...

Оқытудың жаңа стратегияларын (әдістерін) сабақта орынды қолдануда оқушыларды бейнелі ойлау мен шығармашылық қиялдауға, оқырмандық мəдениет пен авторлық ұстанымды түсінуге; көркем шығарманың мазмұнын анықтап, ауызша жəне жазбаша түрде өз түсініктерін жеткізе білуге; қазақ əдеби тілін, сөздік қоры мен сөз байлығын сауатты пайдалануға баулудың маңызы зор. Сондай-ақ әдеби пəндер жүйесіне тəн білім мен іскерлік дағдыларды меңгерту, өздігінен жұмыс істеуге бағытталған шығармашылық қабілетін жетілдіру мен оларды тəжірибеде қолдана білуге үйретеді.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» халыққа жолдауында былай деп жазылған: «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн». [1]

Сондай-ақ, М. Жұмабаевтың жеке тұлғаның: ақыл, ішкі сезім немесе көңіл көріністері мен қайрат көріністерінің дамуы сыни тұрғыдай ойлаумен байланыстылығымен көз жеткізуімізге болады.

Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» халыққа жолдауы, 1997 ж.

  2. Кемел Мырзагелді. Абзалдық әліппесі. Астана: Аударма, 2003. - 136 бет

  3. Н.М.Слямова, «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде кәсіби құзіретті

маман даярлауды қалыптастыру» атты мақаласынан. Астана қаласы 2009 ж.

  1. «Мұғалімдерге арналған Нұсқаулыққа» 2012

  2. 5. Жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған «Тіл жəне

əдебиет» білім саласы пəндерінің оқу бағдарламалары - Астана, 2013.-

177 б.


© 2010-2022