Сөйлемді қолданудағы ерекшеліктері

Сөйлемнің грамматикалық негізін меңгерте отырып, олардың өздеріне тән белгілері мен қолданылу ерекшеліктері туралы білімдері бекітіліп,  өз ойын еркін жеткізе алуға төселдірілді. Сөздік қорын молайту, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін  шығармашылық жұмыс арқылы белсенділігін арттыруға шаралар жасалады. Оқушы бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді айыра білуге және туған жерге, елге деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыруға арналған тәрбиелік жұмыстар жүргізілді.Оқушыны ізденіске жетелеу жағыда қарастырылды..
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемді қолданудағы ерешеліктері. Сыныбы: 8

Пән мұғалімі: Сабақтың мақсаты:

Білімдік: сөйлемнің грамматикалық негізін меңгерте отырып, олардың өздеріне тән белгілері мен қолданылу ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту;

Дамытушылық: өз ойын еркін жеткізе алуға төселдіру, сөздік қорын молайту, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін шығармашылық жұмыс арқылы белсенділігін арттыру;

Тәрбиелік: оқушы бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді айыра білуге және туған жерге, елге деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: дәптер,тақта,тақырыпқа арналған слайдтар.

С.М. Исаев. Қазіргі қазақ тілі.-Алматы:Мектеп,1992

С.Аманжолов,А.Аманжолов,Г.Қосымова. Қазақ тілі.-

Алматы: Мектеп.1997

Сабақтың әдісі: Блум таксономиясы

Пән аралық байланыс: тарих,география

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) оқушылармен амандасу.

кезең

Сабақ бөлімдерінің мақсаты

Сабақтың өтілу барысы

Оқушы жұмысы

Сабақ әдісі

Білім

Ұйымдастыру кезеңі:


Ойқозғау.

Амандасу

Үй тапсырмасы:

1. 8 - жаттығу

2. Әдеби тілдің грамматикалық нормалары

1.Сөйлем деген не?

2.Сөйлемдер не үшін қажет?

3.Сөйлемдер қалай қолданылады?

Сабаққа әзірлік

Бағалау

Сұраққа жауап береді

Жеке жұмыс

Жеке жұмыс

Түсіну

Оқушыны ізденіске жетелеу,сөйлемнің

грамматикалық негізін меңгерту. Оқушының өзіндік білімінің қалыптасуына ықпал ету

(Тақтаға бірнеше сөйлем түрлері жазылады)

  • Оқып жүргеніңді Кенжетай айтып еді.

  • Оқуларың бүгін басталды ма?

  • Бүгін төрт сағат оқыдық.

1.Сөз тіркесі мен сөйлемнің айырмашылығы.

Сүт пісірілді. Сүт пісіру.

2.Сөйлемдердің түрліше қолданылуы.

1. Қайырлы күн! Кешіріңіз!Тілдер мерекесімен! Бәрекелді! Ештеңе емес.

3.Сөйлемнің өзіне тән белгілері:

а)1. ...Кенжетай айтып еді.

2. Оқуларың басталды ма?

3...оқыдық.

ә) 1.Түн. Дала.

Қаптаған жүргіншілер.

3.Бастауыш-баяндауыштық құрылымының санына қарай жай және құрмалас сөйлем болып бөлінеді.

Мысалы: Әйгерім қыста киетін түлкі тымағын тігіп отыр. Абай ағам шайын ішіп болып, кітап оқып отыр.

Жазылған мысалдар бойынша оқушылар сөйлемде айтылған ойды анықтайды

Сауалға жауап қайтару



Сөйлем белгісіне қарай ажырату

Жеке ,жұптық жұмыс



Жеке жұмыс


Қолдану

Таным, ізденіс қабілеттерін бақылау және өмірде қолдану

Тапсырмалар:

І. Сөйлем болудың шарттарын өздерің ережеден тауып атаңдар:1)

2)

3)

4)

ІІ. Жоғарыдағы белгілерден шығарып, сөйлемге өздерің анықтама беріңдер.

Жаттығулар:

9-жаттығу. І топ орындайды.

Шарты: Бұлар сөйлемге жата ма, жатпай ма? Себебін анықтаңдар.

1.Күзге қараған кез. Күндіз жылы, түнде салқындау. Ай жарық.

2.Бар.Жоқ.Жақсы. Пау, шіркін! Аман-есенсіз? Қайырлы түн! Кездескенше! Ой,жігіттер! Немене?



Берілген тапсырмаларды орындау


Жеке жұмыс

Талдау

Алған білімді қолдану.Ең негізгі мәселені меңгерту

10-жаттығу. ІІ,ІІІ топ орындайды.

Шарты: Жаттығуды көшіріп жазып, мәтінде қанша сөйлем бар, әрқайсысы қанша сөзден, қанша сөз тіркесінен тұратынын анықтау.

Тапсырманы орындау

Топтық жұмыс

Жинақтау

Оқушылардың алған білімі бойынша шығармашылығы н дамыту оны қолдану

  1. Сұрақ -жауап:

  • Сөйлем деген не?

  • Сөйлемнің өзіне тән қандай белгілері бар?

  • Сөз тіркесінің сөйлем құрауға қандай қатысы бар?

  • Қандай сөздер сөйлем бола алмайды?

  • Сөйлем болу үшін тұрлаулы мүшелердің қатысы бар ма?

  • Бастауыш-баяндауыштық құрылымының санына қарай сөйлем неше түрге бөлінеді?

  • Сөйлем айтылу мақсатына қарай ше?

Сөйлемнің тірек сызбасын сызу

Жұптық

жұмыс

Бағалау

Оқушылардың өзіндік көз қарасын, пікірін қалыптастыру, білім мазмұнын бағалауға үйрету

Бекіту

Нені білдік?

Нені үйрендік?

Нені білуіміз керек?

Сұраққа жауап

Түйін әдісі

Қорытынды

Бағалау

Үй тапсырмасы

1.Әр оқушының жауап беруіне сәйкес баға қойылады.

2.Үйге тапсырма: Сөйлем. Сөйлем түрлері.

12-жаттығу (ауызша), 13-жаттығу (жазбаша).

Бағалау






© 2010-2022