Шешенге қойылатын талаптар (11 сынып)

Сабақ мақсаты: - шешенге қойылатын талаптарды білу, шешен сөйлеудің әдістерін меңгерту; - шешендердің сөйлеу өнерінен үлгі ала отырып, бос сөзден аулақтатып, тауып сөйлеуге төселдіре отырып, тіл тазалығын сақтауға дағдыландыру; - тіл тазалығын сақтай отырып, әдеби тілде сөйлеуге баулу; Сабақ түрі: жаңа білімді меңгерту; Сабақ әдісі: түсіндіру, талдау, ой қозғау, ой қорыту; ой жүйелеу, баяндау, шығармашылық жұмыс,  қайталау, интерактивті тақтамен жұмыс, кітаппен жұмыс, сатылай комплексті талдау. ...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шешенге қойылатын талаптар (11 сынып)Шешенге қойылатын талаптар (11 сынып)Шешенге қойылатын талаптар (11 сынып)Сабақ тақырыбы: Шешенге қойылатын талаптар

Сабақ мақсаты: - шешенге қойылатын талаптарды білу, шешен сөйлеудің әдістерін меңгерту;
- шешендердің сөйлеу өнерінен үлгі ала отырып, бос сөзден аулақтатып, тауып сөйлеуге төселдіре отырып, тіл тазалығын сақтауға дағдыландыру;
- тіл тазалығын сақтай отырып, әдеби тілде сөйлеуге баулу;
Сабақ түрі: жаңа білімді меңгерту;
Сабақ әдісі: түсіндіру, талдау, ой қозғау, ой қорыту; ой жүйелеу, баяндау, шығармашылық жұмыс, қайталау, интерактивті тақтамен жұмыс, кітаппен жұмыс, сатылай комплексті талдау,
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих,
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру.

Амандасу.

Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру.
Құрметті 11 сынып оқушылары алдарыңызда үлкен мақсат тұр. Ол:
- мектепті жақсы, абыройлы бітіру;
- мемлекеттік емтиханды нәтижелі тапсыру;
- өміріңе қызмет ететін мамандық иесі атану;
- мемлекетіміздің дамуына өзіндік үлес қосатын саналы, парасатты азамат болуға тілегімді білдіре отырып бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Шешенге қойылатын талаптар. Бұл сабақтан сендер шешен болу үшін қандай талаптар қойылады және шешендердің шешендік сөздерін оқи отырып тіл тазалығын сақтап, әдеби тілде сөйлеуге үйренеміз.
Жаңа тақырыпты бастамас бұрын өткен тақырыпты есімізге түсіріп, қайталап өтейік.
ІІ.Ой қозғау:1. Шешендік өнер грекше қалай аталады?
2. Шешендік өнердің теориясын жасаған кім?(Марк Фабий Квинтилиан)
3. Қазақ шешендік өнерін зерттеген кім?(Ахмет Байтұрсынов)
4. Ұлттық шешендік өнердің өкілдері кімдер?(Майқы би,Аяз би ХІ-ХІІІғ.)

Жиренше шешен,Асан қайғы(ХІҮ-ХҮғ.)

Төле,Қазбек,Әйтеке билер(ХҮІІІғ.)
5. Шешендік түрлерін ата
№ Шешендік сөз тектері Шешендік сөз түрлері Стильдері
1 Әлеуметтік-саяси шешендік Баяндама, үгіт-насихат Публисцистикалық, ресми, ғылыми
2 Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік Мерейтойдағы тілек, көңіл айту, естірту т.б. Көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу
3 Академиялық шешендік Ғылыми баяндама, дәріс Публисцистикалық, ресми, ғылыми
4 Сот ісінде қолданылатын шешендік Айыптаушы мен қорғаушының сөзі Публисцистикалық, ресми
5 Діни шешендік Уағыздар мен иман сөздер Көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу

6. Шешендік сөздің сапаларын кім атап береді?
Тілдің тазалығы
Ой жүйелілігі
Сөздің мазмұндылығы
Сөз қысқалығы
Сөз түсініктілігі
Сөз әуезділігі
Сөз байлығы
Сөз анықтылығы
Сөз дұрыстығы
Сөз дәлді

7. Шешен - кім? / ел билеу ісінің тұтқасы, отағасы, ру басы, би ағасы, ауыл ақсақалы, билік шешуші, психолог, т.б/
Байланыс: Не себепті біз суырылып шешен сөйлей алмаймыз? Себебі, шешенге, шешендік сөзге қойылатын талаптарды біле бермейміз.
ІІІ.Жаңа сабақ: Шешенге қойылатын талаптар үш түрлі бөліктен тұрады.
1. Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық.
2. Білімін көтеру.
3. Сөйлеу мәдениетін көтеру
Кез-келген адам ортаға шығып сөйлерде қатты толқиды, өзіне - өзі сенімсіздік білдіреді. Тіптен білімдар, қоғам қайраткерлері, мекеме басшылары, беделді билік иелерінің өзі де кей жағдайда көпшілік алдында қысылып, үзіп-жұлып жүйесіз сөйлеп жатады. Ондай жағдайды болдырмас үшін:
 Қатты ойланбау керек
 Өзіне-өзі сену керек
 Психологиялық дайындық керек
 Көңіл-күйі мен сезімін билей алу керек
Сөйлеуге жақсы дайындалсаң, өзіңе сенімді боласың. Сөйлеуге дайындық - жауапты іс. Материалды қаншалықты жақсы білсең, соншалықты аз толқисың. Дұрыс, айқын, дәл, түсінікті, таза, және образды, эмоционалды сөйлеу керек. Сабақ кезінде, достарыңның, туыстарыңның арасында жиі сөйлеу қажет. Ол сені дамытып, сөйлеу мәдениетін көтереді.
Білімін көтеру. Шешен адам тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтып дәл сөйлеу керек, тауып сөйлеу керек. Ол үшін ойың айқын болу керек. Білімің терең болса, ойың айқын болады. Білімің терең болу үшін көп оқу керек. Көп оқу үшін іздену керек. Іздену үшін рух мықты болу керек. Рух мықты болса ғана жолда кездескен кедергілерді жеңе аласың.
Сөйлеу мәдениетін көтеру. Ең бірінші кезекте тіл тазалығын сақтауымыз керек. Керегі жоқ жерде жөн-жосықсыз орыс сөздерін кіргізбеу керек. Қыстырма сөздерді көп қолдану сөйлеушінің тілін кедейлендіріп, тыңдаушыны мезі қылады.
Жаргон сөздерді, дөрекі, тұрпайы сөздерді айтудан аулақ болу керек. Адамның тәрбиесі, мәдениеті, сауаттылығы оның сөйлеу тілінен аңғарылады. Мәдениеті жоғары, білімді, тәрбиелі оқушы ауызекі сөйлегенде де әдеби тілдің нормаларын сақтап, дөрекі, жаман сөздерді араластырмай ойын мәдениетті түрде жеткізеді. Сөйлеу мәдениетің жоғары болса, жақсы өмір сүресің және шешендікке қол жеткізесің. Сол себепті шешендік - тіл мәдениетінің жоғарғы формасы болып табылады.

ІҮ.Оқулықпен жұмыс. Тақырыппен танысу.136-тапсырманы оқып талдау.
Ү. Интерактивті тақтамен жұмыс.

Көп нүктенің орнына тұрақты сөз тіркестерін қойып оқу.
1.Талайға дейін естерін жиып, ..... жаба алмады.
2. Ұзақ уақыт бойына Орталықьан қалған аймақтарды ....ұстаудың үш түрлі тәсілін пайдаланды.
3. Алайда ондай адамдар өзі сенетін мұраттарды көздің ..... қылуға тырысқандарымен, қорғап қала алмады.
4. Ондай даңғойлар әбден уланып біткен Семей жерін көрмейді. Қарадай қыршынынан ..... жатқан жазықсыз жандардың тауқыметін түсінбейді.
5. Анық стратегия мен айқын мақсаттар керек. Басты мақсат тайға .... айқын көрініп тұруы кажет.
6. Алайда тарих дариясының жағасында алыстан көз ..., құр бақылап отырғаннан да ештеңе бітпейді.
7. Ол мәселені шешуге бастапқы кезде Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесінің барлық органдары ат .....
8. Бір ғасыр бойы халықты ашса ..... ұстаған өктемдік үрдістің алдындағы қорқыныш алғаш рет еңсерілді.

ҮІ. Флиппчартпен жұмыс.
Мақалдың тиісті сөзін қой.
1. Ердің сыншысы - /кім?/
2. Оқу - /немен?/ құдық қазғандай.
3. Көп сөз - көмір, аз сөз - /не?/
4. Өлімнен /не?/ күшті.
5. Атаңның баласы болма, /кімнің?/ баласы бол.
6. Ер жігіттің екі сөйлегені - /не істегені?/
7. Жеті рет өлшеп, /неше?/ рет кес
8. Досы көпті жау /не істейді?/
9. /Қандай?/ үй базар, /қандай?/ үй - мазар.
10. /Не?/ отбасынан басталады.

СөзҮІІ.Шығармашылық жұмыс. Шешеннің қаруы - сөз. «Сөз» ұғымына қатысты тіркес сөз жазу.

2-топ

1-топ

Жақсы

Жаман



ҮІІІ.Сергіту сәті (мақалмен жауап)
Сұрақтары:
1. Қар жана ма?
2. Түкіріктен көл құрала ма?
3. Тауық түс көре ме?
4. Адамда арқау бола ма?
5. Қайтсең тегін ішесің?
6. Қандай бас аяққа тыным бермейді?

7. Бес ешкісі бар кісінің өзге қызметі бола ма?
Оқулықпен жұмыс. Тақырыппен танысу.136-тапсырманы оқып талдау.
Сөйлем талдау. Интерактивті тақтада жазылған сөйлемдерді талдау. /фонетикалық, морфологиялық синтаксистік талдау/
Бір дауысты, бір дауыссызға ауызша сатылай комплексті талдау жасау.
1. Ұстазыңа бар ықылас-ниетіңмен қызмет қыл.
2. Тура сөз темірді тесер,
Жұмсақ сөз қылышты кесер.
3. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды.
4. Тіл түйгенді тіс шеше алмайды.
5. Көрінбей келген қазадан сақта, арамза туған баладан сақта.
6. Жақсы шешен болғың келсе, алдымен жақсы адам бол.
7. Көп сөйлеген дәмсіз сөйлейді.
8. Билік айту оңай, біліп айту қиын.

ІХ.Ой қорыту: Сонымен, қорыта айтқанда, шешенге қойылатын талаптарды саралап шықсақ
Бірақ адамның жүрегінде мейірім болмаса, сені ешкім қабылдамайды. Жүрегіңде мейірім болса, айналаңа ізгілік нұрын шашсаң, жүрегің сезімге бай болса ғана сені шешен ретінде халық қабылдайды, адам ретінді адамның жүрегінің төрінен орын аласың.

Х.Бекіту: Шешенге қойылатын талаптарды ескере отырып берілген тақырыптың біреуін таңдап көпшілік алдында тосылмай шешен сөйлеп көрейік. Тақырыптар:
1. Компьтер заманында шешендік өнер қажет пе?
2. «Соңғы қоңырау» жиынында сөйленетін сөзің.
3. Асылым, ардағым - ана тілім!
4. Агенттің пайдасы мен зияны
5. Еркін тақырып

Сөйлеу тілді көркем ететін нәрселерді ата!
1. Тұрақты сөз тіркестері
2. Мақал-мәтелдер
3. Эпитет
4. Теңеу
5. Метафора
6. Метонимия
7. Омоним, синоним, антоним

ХІ.Үйге тапсырма: Фонетиканы қайталау, «Би-шешендер өмірінен деректер жинау»
ХІІ. Бағалау:



© 2010-2022