Жанашырлық жанға қуат 6 сынып

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

МектепЕ.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебі Мерзімі: Мұғалім Маликова Талшын Маликовна

Сынып 6 Оқушылар саны:20

Тақырып «Жанашырлық жанға қуат»

Құндылық Ішкі тыныштық

Қасиеттер:Байсалдылық,сабырлық,шыдамдылық

Мақсаты:.Оқушыларға жанашырлық туралы түсінік бере отырып,ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу

Міндеттері

  1. Оқушыларға байсалдылық туралы түсінік беру;

  2. Оқушылардың бойында сабырлық қасиеттерін дамыту;

  3. Шыдамдылыққа тәрбиелеу

Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу.

Тыныштық сәті. Орманға ойша серуен.

(Ескерту: егер бұл сабақ ашық алаңда өткізілсе, онда серуенді сыныпта емес, бақтағы бір орыннан бастау керек).

Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайыннеғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

Үй тапсырмасын тексеру.

«Оқып үйренейік айдарымен» берілген мәтінді оқып келу тапсырылған.

Талдау сұрақтары

-Арноның өз өміріне риза болмау себебі неде?
-Арноның жүрегін жылытып, өмірге басқа көзқараспен қарай бастады?
-Арно жан рақатын қалай тапты?

Ескерту

Әдістемелік нұсқаулық























6 сыныптың «Өзін-өзі тану» оқулығы

Дәйексөз

«Басына іс түскен адамдарға жанашыр бола біл. Жанашырлықты сөзбен ғана емес,іспен де, мінез-құлықпен де таныту қажет - ең бастысы осы..»

В.А.Сухомлинский

(дәптерлеріне жаздырып, дауыстап оқу)

1.Басына іс түскен адамдарға жанашыр бола білу дегеніміз не?

2.Жанашырлықты сөзбен таныту қажет дегенді қалай түсінесің?

3.Жанашырлықты іспен таныту қажет дегенді қалай түсінесің?

4.Жанашырлықты мінез-құлықпен таныту қажет дегенді қалай түсінесің?

Интернет сайтынан

Василий Александрович Сухомлинский әйгілі кеңес педагог-новаторы, жазушы. КСРО Педагогика ғылым академиясының корреспондентмүшесі,УКСР мектептеріне еңбек сіңірген мұғалім Социалисттік Еңбек Ері.

Оқиғаларды әңгімелеу. Мұғалім сыйы.

ТОЛАҒАЙ

Бұрынғы өткен заманда апайтөс Арқаның бел ортасында бір қауымдық жұрт өмір сүріпті. Жағалары жайлауда, жандары рахатта тамаша ғұмыр кешкен. Шұрайлы жерден қоныс алған малға да, жанға да бай өлкенің тұрғындарында: «Бізде барлығы да бар. Бірақ сол мал-жанды қорғайтын батырымыз болса екен», - деген бір ғана армандары болыпты. Күндердің күнінде бір отбасында алтын айдарлы алып бала дүниеге келіп, ел-жұрты болып үлкен той жасайды. Сол нәресте жыл санап емес, күн санап ержете бастайды. Туған-туысқандары да көркейіп келе жатқан баланы өз атымен атамай көз тимесін деп, Толағай дейтін болыпты. Сөйтіп баланың аты Толағай атанып кетеді. Күндердің бір күнінде жер қуаңшылық тартып, жаңбыр болмай, ел күйзеліске ұшырайды. Халықтың басына түскен ауыртпалық Толағайды да қатты мазалапты. Сонан бері Толағай Дана деген қарт ақсақалға барып, ақыл сұрапты. Сонда қарт айтқан екен:

- Қарағым Толағай, біздің жеріміз жазық, бұлт үйіріліп тоқтайтын тауы жоқ. Жаңбырдың болмауы сол себептен,- дейді. Толағай айтқан екен:

- Ата, сіз рұқсат етсеңіз, мен барып бір жерден тауды арқалап алып келсем болмай ма? - дейді. Сонда қарт айтқан екен:

- Шырағым Толағай, елді ойлап егіліп тұрсың-ау! Тау арқалап әкелу оңай болмас, дегенмен ондай талабың болса, оңтүстік өлкеде Алатау деп аталатын алып таулардың ақсақалы бар, рұқсатты сонан сұрарсың, - деп батасын береді. Сөйтіп, тауды арқалап әкелуге сайланған Толағай сапарға шығыпты.

Арада ай өтеді, жыл өтеді. Бір күндері Ақ басты Алатауға жетіп, «Ассалаумағалейкум» деп сәлем беріпті, өзінің талап-тілегін айтыпты. Маңғаз Алатау талапты ерге зор қошемет көрсетіп, етегінде орналасқан бала тауды Толағайға арқалатып қоя береді. Алғашқыда аяғын ширақ басқанымен иығына түскен салмақ еңсесін езіп, бірте-бірте әлсірете бастайды. Арада көп уақыттар өтеді. Арқасында тау, әлсіреген, қансыраған Толағай елінің шетіне іліге бере тізесі бүгіліп, құлап түседі де ұйқыға кетеді. Арқасындағы тау болса батыр жігітінің үстінен басып қалыпты. Сонан сол Толағай күні бүгінге дейін тау астында ұйықтап жатыр дейді. Ал жаңағы Бала тауды ел «Толағай» деп атап кетіпті.

1.Толағайдың туған ауылына қандай жанашырлық танытады?

2.Толағайдың бойында қандай қасиеттерді байқадық?

3.Осы ертегіден қандай ой түйдік?




Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

Топтың лидерін мақал-мәтелдердегі жасырын сөзді табуына қарай анықтау.

1 топ

Жақсының ісі----(адалдық)

Жаманның ісі---- (арамдық)

2 - топ

Жақсылық қылсаң------қыл (адал)

3 - топ

Жақсының---- айт, нұры тасысын. (жақсылығын)

Жасырын сөзді тапқаннан кейін,мақалға сурет салу.

Ватман, түрлі түсті қалам

Топпен ән айту

«Өз елім»
Әні: Н.Тілендиев
Сөзі: Қ.Мырза Әли


1. Келгенде көктемі
Көңілін гүл басқан,
Шырағы көктегі
Жұлдызбен сырласқан.


Қ-сы:
Өз елім менің!
Өзегім менің!
Жырыма қосып жүремін.
Төрім деп менің,
Жерім деп сенің,
Соғады мәңгі жүрегім!
Түлегі сендер,
Тілегі сендер,
Тірегі сендер сол елдің!
Назары сендер,
Базары сендер,
Ажары сендер сол елдің!


2. Ақ күмбез астығы
Асқар боп өрлеген
Жалынды жастығы

Жүлдені бермеген

3. Бұзылмас қамалың
Батыры уақыттың
Тербеген самалы
Бесігін бақыттың

Интернет желісі

Үй тапсырмасы 15 сабақ

6 сыныптың

Өзін-өзі тану оқулығы

Сабақтың соңғы тыныштық сәті.

Балалар тыныштық күйінде бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жүректеріне түйіп алады.



© 2010-2022