Разработка урока по казахскому языку С. Сейфуллиннің «Ақсақ киік»

Сабақтың тақырыбы:С.Сейфуллиннің «Ақсақ киік»Сабақтың мақсаты: 1.С.Сейфуллиннің ақындық өнерін, туындысын тереңірек меңгерту. Көркем бейнелерді (киік, Бетпақдала, ақынның көтерген проблемасы) анықтау. 2. сұлулықты көре білуге, бағалай білуге тәрбиелеу, жек көру, сүйіспеншілік, жауыздық, аяныш сезімін тану;3. бақылағанды пайымдау, еске түсіру қабілетін дамыту. Сабақтың типі: жаңа материалды меңгертуСабақтың түрі: араласӘдіс-тәсілдер: Қ.П.Жүсіпов әдістемесіЖабдықтар: оқулық, карта, магнитофонҰйымд...
Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: С.Сейфуллиннің «Ақсақ киік»

Сабақтың мақсаты: 1.С.Сейфуллиннің ақындық өнерін, туындысын тереңірек меңгерту. Көркем бейнелерді (киік, Бетпақдала, ақынның көтерген проблемасы) анықтау.

2. сұлулықты көре білуге, бағалай білуге тәрбиелеу, жек көру, сүйіспеншілік, жауыздық, аяныш сезімін тану;

3. бақылағанды пайымдау, еске түсіру қабілетін дамыту.

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: аралас

Әдіс-тәсілдер: Қ.П.Жүсіпов әдістемесі

Жабдықтар: оқулық, карта, магнитофон

Ұйымдастыру формасы: дербес оқыту, жаппай оқыту

Пәнаралық байланыс: музыка, география, қазақ тілі

Мотивация: Б.Сейдуалиеваның орындауындағы «Жез киік» әнін тыңдату.

Сабақтың барысы:

І

Разработка урока по казахскому языку С.Сейфуллиннің «Ақсақ киік». Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сабаққа дайындығын қадағалау. Балалардың назарын сабаққа аударту.

ІІ. С.Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңі

Бала - табиғаттың бір бөлшегі. Табиғат сыртқы күштің өз қойнауына араласуын көтермейді. Бала да өзінің жан дүниесіне үлкендердің араласуын ұнатпайды. Абайдың: «Адам көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де мейірленеді, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқалады» дегенін естен шығармау тиіс.

Әнін жазған Ж.Сейілов пен сөзін жазған К.Салықовтың «Жез киік» әнін Б.Сейдуалиеваның орындауында жартылай тыңдатып, картаға оқушылардың назарын аудартамын (музыка пәнімен байланыстыру).

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Бептақдала - ҚР-ның орталық бөлігіндегі үлкен аймақты алып жатқан үстіртті шөл дала. Батыста Сарысу өзенінің төменгі ағысы мен Шығыста Балқаш көлінің аралығында жатыр. Жер көлемі 75 мың км2 шамасында, қыс айларында 140С-қа дейін жетсе, жаз айларында 240С-қа дейін барады. (География пәнімен байланыстыру)

Оқулықпен жұмыс, жаппай оқыту.

- Ал, ақынның көркем тілімен осы Бетпақдала қалай берілген екен? (қазақ тілі пәнімен байланыстыру). Оқулықтағы өлеңді оқып, Бетпақдала көрінісін табайық.

Бетпақдала көрінісін тауып дәптерлеріне жазады (жазбаша орындалатын жұмыс).

(Бетпақ - шөл, ойлы-қырлы жер, онда қысы-жазы ел болмайды. Бетпақдалада киік мекен етеді. Ел жайлау, өзен, көл болмайды. Бұтасы қу баялыш, қара жусан)

Дербес оқыту

Төменде берілген сұрақтарға жазбаша жауап берулері керек.

Сұрақтар:

  1. Киік әдемілігін танытатын сөздер мен сөз тіркестерін көшіріп жазып, оның төбесіне «1» цифрын қойып белгілеңдер.

(«Таңы аппақ, екі көзі мөлдір қара,

Қап-қара екі көзі мөлдіреген» - «мөлдіреген» сөзінің киік көзінің реңін, күнәсіздігін ашып, өз алдындағы «қап-қара» сөзін де ажарландыра түскенін сараптайды);

  1. Киіктің әдемі әрекетін (қозғалысы, іс-әрекеті) білдіретін сөздерді көрсет. («Әдемі екі танау желбіреген», «Елеңдеп жас балаша жалтаңдайды»)

  2. Киіктің бір кезде көп болғаны? («Әр ойдан топ-топ болып жусап өрген»).

  3. Табиғат қиындығын, онда өмір сүру ауыртпалығын, қиналысын байқататын тармақ қайсысы? («Сандалып қаңғырақтап басын иіп», «Пана іздеп шыбын жанға сүйретіліп», «Қиналып ентігеді, шыбын жаны», «Бір тоқтап, анда-санда әлін жиып»);

  4. Киікті көп атуды байқататын жол? («Мергендер дамыл алмай киікті атқан», «Ауылды қан сасытып топырлатқан»);

  5. Қанның көп ағуы? («Тамады қара жерге аққан қаны», «Боялып ақ денесі қызыл қанға» - «ақ» денесінің «қызыл» қанға боялуы - «қызыл гүл» болса, ол әдемілік символында жұмсалса да, осы тұстағы «қызыл» «қан» сөзімен тіркесіп, аянышты биіктетуге ықпал етіп тұрғанын айтамын)

  6. Лирикалық қаһарманның (мұнда лирикалық қаһарманның кім екенін сұраймын), сол арқылы ақынның киік қиналысын, өліміне аяныш білдіретін тіркестерді тап. («Бөкеңді атып мерген өлтіргенде», «Жазасыз жан өлді деп ойлай ма екен?», «Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім», «Өзге аңға жануарды тең көрмедім», «Аяныш сезімі жоқ бір қазақ-ау», «Дәл көздеп жүрегіне атқан мерген» - ақынның киікті аяу сезімі айнасы екені ашылады)

«Жез киік» әні әрі қарай толық тыңдалады.

География (орналасуы), музыка, қазақ тілі (Жезқазған жерінде «бөкен» деп аталуы) пәндеріне тән ұғымдарды оқушыларға айтқызу.

ІІІ. Қорытындылау

  • «Тіл жоқ құр жүректе айтар сөзі» деген тармақтан не байқадыңдар? (Бөкен айта алмай бара жатқан өксік пен өкініш, ертең шығарма болып, жыр болып жүректерімізде сақталуы)

  • Өзіміздің төрт түлік малымызға қалай қараймыз?

  • Бүгінгі сабақтан қандай тәрбиелік мән алдыңдар?

  • Сендердің жүректеріңе қандай сезім ұялады?

ІҮ. Бағалау. Дербес орындаған жұмыстарын ескеріп, тиісті бағамен бағалаймын.

Қосымша оқуға: С.Сейфуллиннің «Аққудың айырылысуы» поэмасы

Ү. Үйге: 1) өлеңді құрылысына қарай талдау;

2) «Мен де табиғаттың бөлшегімін» атты ойтолғау жазу (киік атынан).



© 2010-2022