Ер есімі - ел есінде (10 сынып)

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ерлік сабақтары

тақырыбы: Ер есімі - ел есінде

мақсаты: 1) Оқушылардың бойына патриоттық сезімін қалыптастыру,ерлікке. Отаншылдыққа, елжандылыққа, аталар ерлігін мақтан тұта жалғастыруға баулу;

2). Батырлар туралы ойларын тереңдету, зерттеу еңбектерін сын тұрғысынан бағалай білуге үйрету, ізденгіштік қасиеттерін арттыру;

3). Оқушылардың тарихи шығармалар мен құжаттарды, архив материалдарды тиімді пайдалану дағдысын қалыптастырып, ұлы адамдардың өмірінен үлгі алуға, олардың қадірлей білуге тәрбиелеу.

Тәрбие сағаттың өтетін орны: - акт залы.

Өткізу формасы: мектеп оқушылармен (көрермендер) сұқпаттасу - осы жерде сұрақ қоиса әр көрермен оқушыларға 2-дүние жүзілік соғыс туралы қандай мәліметтер айтааласыздар - ұлы адамдардың өмірінен ?

Әдісі: конференция - зерттеу сабағы.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, фотокөрме, буклеттер, альбомдар. Ұлы Отан соғысына арналған суреттер, әдеби кітаптар,тақырыпқа байланысты қабырға газеттері,қанатты сөздер .

Кіріспе .

Ұлы Отан соғысы жайлы слайд көріністері.

АӘД оқытушы - ұйымдастырушы - жүргізушінің сөзі : Бүгінгі сабағымыз Ұлы Отан соғысында ерлік көрсетіп, аттары ел аузында жүрген батыр аталарымыз бен тыл майдангерлерге арналады . Бұл соғыстың салған жарасы әлі күнге дейін барлық ұлттың жүрегінде жазылмады, әлі де сақталуда. Мұны ешқашан ұмытпаймыз. Осы жарқын өмірді сыйлаған аталарымыз бен апаларымыздың ерлігі мәңгі үлгі. Қай соғыста болмасын елің,жерің, Отанын қасық қаны қалғанша қорғаған батырлар болған. Ұлы Отан соғысында да біздің облысымыздан да Кеңес Одағының Батыры деген құрметті атаққа ие болған азаматтар аз емес. Оларды дәріптеу, құрмет тұту, елге таныстыру, келешек ұрпаққа мұра етіп қалдыру мақсатында оқушыларымыз жан- жақты мақалалар мен тарих деректерді жинастырып, батырларға арналған мұражайларды аралап тың деректерді топтастырып, үлкен конфереция сабақ өткізгелі отырмыз. Соғыс жылдары әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанды. Ұлы ұрыстың алдынғы шептерінде біздің республикада даярланған 23 құрама және 50-ге жуық полк пен батальондар шайқасқаны мәлім. Қазақстандықтар Мәскеу мен Ленинградты ерлікпен қорғап, Украина, Белоруссия мен Молдованы, Балтық бойы республикаларын азат етуге қатысып, фашизмнің қанқұйлы ұясын талқандады . Данқты батырлар генерал Панфилов пен Бауыржан Момышұлының, 28 гвардиашы-панфиловшылардың, Талғат Бигелдинов пен Қасым Қайсеновтың, Нүркен Әбдіров пен Рақымжан Қошқарбаевтың, Мәншүк Маметова мен Әлия Молдағұлованың және Хиуаз Доспанова, Ағаділ Суханбаев, Ыбырайым Сүлейменов, Төлеген Тохтаров және басқа да мыңдаған қазақстандықтардың ерлігі ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалатыны, аңыздай болып айтыла беретіні ақиқат.

10 - сынып оқушылары әр саланың маманы болып, сол бағытта материалдар жинастырды.

Тарихты ұмытпау, Отанды ұмытпау деп білеміз.

1-оқушы:: Есіңде ме туған дала,

«Сен» деп неше жан қиылды?

Тас қорған боп мың сан адам.

Қорғады әр үйіңді.

Ұлы Отан соғысы

Біздің жеріміз майданға 1 млн. 366 мың адамды аттандырды. Олардың әрбір екіншісі дерлік ұрыс даласында мәңгілікке көз жұмды.

2-оқушы: Дәл осынау жадыраңқы жай күні;

Болса дағы қай ғасырдың қай жылы,

Ұлы Отаным басын иіп бір минут,

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.

Ұлы Отан соғысында қаза болған аталарымызға тағзым етіп, 1 минут үнсіздік жариялаймын.

3-оқушы: Ия , ешкім де , ешқашан да , ешнарсе де ұмытылмақ , емес ! Ұлы Отан соғысы бұл қалай басталып еді ?

Тарихшы : Соғыс ... - Бұл жақсы сөз емес, әрине . Оны естігенде көз алдымызға қантөгіс, қырғын, ажал аттыс .

ЕРЛІК ЕЛГЕ МҰРА ҰРПАҚҚА ҰРАН !

12 оқушы: батырлардың партреттері мен от алып тұрғандар үш бұрышты сапта. Кезектесіп салтанатты ырғақ даусымен әнгімелеп береді.

13 оқушы: Бейбіт күні албыраған ақ таңда

Жау батыстан соғыс оғын атқанда,

Туған елдің тыныштығын қорғауға,

Қанмайданға сан боздақтар аттанды,

Біріктіріп үмітімен тілегін ,

Біріктіріп барлық күшін жігерін,

Ана үшін, бала үшін, жар үшін,

Жасқанбастан тосты оққа жүрегін,

Сол бір қиын, тым сұрапыл шақта олар,

Кеудесіне ерлік отын жақты олар,

Отан үшін опат болған ерлердің,

Есімдері мәңгі - бақи сақталар !

9 - оқушы: Тастар көкке атылды,

Орман шулап, тау құлап,

Жиырма сегіз батырды,

Жеңе алмады жау бірақ,

Жау жеңілді ақыры,

Атты бейбіт таң күліп,

Жиырма сегіз батырды,

Ұмытпайды ел мәңгілік. - деп !

Мәскеу, түбіндегі 28 гвардияшыл-панфиловшылардың аңызға айналған ерлігін ерекше атап айтуға болады.Жерлесіміз, саяси жетекші В.Клочковтың: «Ресей кең-байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда - Мәскеу» деген қанатты сөздері бүкіл әлемге әйгілі.

Көрніс - 5мин. Видеофильмнен.

Қортынды кезеңі: Елдің елдісіне, ердің ерлігіне сын болған Ұлы Отан соғысындағы Жеңістен бері 70 жыл өткен екен, біз сол жеңістің 70 жылдық мерекесін тойлап отырмыз. Ер жігіт етігімен су кешіп, от басқан, ақсұр шинельді төсек етіп, ақ қар, көк мұз жастанып жаумен шайқасқан. Отан үшін жанын қиған ер жүрек батырлардың қаһармандық ісі еш уақытты ұмтылмайды, мәңгі есте сақталады деп-тәрбие сағатымызды аяқтағым келеді.

Түсінік хат

Құрметті ұлағатты ұстаздар, бүгінгі кештің қонақтары және білім алушылар (оқушылар) ! Сіздерді Жеңістің 70 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!

Өткен күн, кеше-тарихи,

Келер күн, ертең - сыр,

Ал бүгінгі күн - үлкен сый!

Мақсаты: Оқушыларға ССРО - Германия соғысына қатысқан батырлар туралы мағлумат беру, оқушылардың тарихи оқиғаларды есте сақтау, зерттеу, іздену шығармашылық жұмыс істеу қабілетін дамыту, жеңістің тарихи маңызын ұғындыра отырып ардагерлеріміздің ерлігін қастерлей білуге, отансүйгіштіке, батылдыққа, ел жандылыққа тәрбиелеу, шыншылдыққа баулу.





© 2010-2022